Сүйек тініндегі ісіктер
Периостальді фибросаркома. Сүйекқабының сыртқы қабатынан дамитын дәнекер тінді қатерлі ісік. Мұны толықтай қатерлі фибросаркомаға жатқызуға болады. Аурудың ағымы баяу, болжамы айтарлықтай жағымды болып саналады, егер ісік тығыз капсула шекарасынан шықпаса. Жас науқастарда ағымы агрессивті түрде өтеді. Периостальді фибросаркомаға клиникалық және рентгенологиялық зерттемелерден алынған мәліметтердің сәйкессіздігі тән: негізгі клиникалық белгісі болып айқын емес рентгенологиялық белгілер болып табылады. 50 суреттейгідей жұмсақ тінді гомогенді тығыздалу, кейде анық білінетін (ерте стадияларыында), кейде айқын емес контурмен білінеді. Ісік жұмсақ тіндер бойлай қарай өседі, мұнда сүйектің беткейіне әсер етеді де, беткей атрофия түрінде өзгерістермен және беткейінде доға тәрізді бірдей контурмен қысылған дефект түрінде байқалады. Егер ісік сүйек аралығында орналасса. Сыртқы сүйекее қысымның арқасында, сүйекаралық кеңістіктің кеңеюі мен деформациясына алып келеді. Айта кетерлік жайт, ісіктің негізгі бөлігі сүйектің методиафизінде орналасады.
Ретикулосаркома. Сүйектің ретикуло – жасушасынан пайда болатын қатерлі жаңа түзіліс болып табылады. Ісік түтікше тәрізді сүйекте орналасады, Жұлын өзегі метафизарлы бөлімінде орналсады да оның бойымен таралады. Аурушаңдық жасы -15-30 жасты құрайды. Ауру біртіндеп басталады, дамуы баяу. Алғашқы симптомдардың қатарына, зақымдалған бөліктегі ауырсыну сезімі, кейде физикалық жүктеме түскенде білінеді, нәтижиесінде – ауырсыну тұрақты болады. Ісік басқа сүйектерге метастаз беруі мүмкін – бас сүйек, жауырын, жамбас, қабырға.
Рентгенологиялық суреттемесі әр қилы және ісіктің локализациясы, өсу фазасына байлансыты. Литикалық типті, ұсақ дән тәрізді ұзын сүйектің метаэпифиз бөлімінде ісік бастау алады. Бұдан кейін литикалық үрдіс өршиді, деструкция ошақтары бір- бірімен қосылады, дұрыс емес формаға ие болады, контуры айқын емес. Ісіктің шынайы өлшемін анықтау қиын. Қыртысты қабат бұзылған, дефект болуына байланысты қосымша қабаттармен жабылған және жұмсақ тінді компонент, оның фоны спикул және сызықты периостоз перостальді реакция, сонымен қатар «козырек» және бахрома түрінде көрінеді.
Юинг ісігі. Барлық сүйек саркомалары ішінде кем дегенде 15% құрайтын, дәнекер тінді типіндегі біріншілік қатерлі ісік. Ісік жеңіл жарақаттанады, некроздалады және бұзылады. Көбінесе 20 жасқа дейінгі аралықта 95% келеді, негізінен ер балалар 10-15 жаста ауырады. Көбіне түтікті сүйектер зақымдалады. Ісік бас қаңқасына, омыртқаға және қай сүйекте орналасқан сол сүйекке метастаз береді. Жартысынан көбінде анамнезінде жарақаттар байқалады. Ошақ маңайында ауырсыну, қызару, жергілікті және жалпы температураның жоғарылауы кездеседі. Үрдіс басылуы да күшеюі де мүмкін, осынысымен гемотогенді остеомиелитке ұқсас болып келеді.
Рентгенологиялық диагностикасында локализация және жұлын өзегі бойымен таралудың маңызы зор, бұл кезде эпифизарлы бөлімдер аз мөлшерде зақымдалады. Түрлі көлемдегі деструкция ошақтары пайда болады, олар өз кезегінде бір-бірімен бірігіп кетеді. Қыртысты қабаты көбіршіктенеді, парралельді пластинкаларға ажырайды. Бұзылған диафиздің сүйегі жуанданады, ісіктің жұмсақ тіндікомпонеті қалыптасады, оның фонында сызық тәрізді периостальді реакция байқалады, кейде периостоз және спикул тәрізді қабатты периостоз көрінеді. Периостозды реакция козырек немесе бахрома түрінде байқалады. Аурудың баяу ағамы кезінде ісіктің шекаралары ашық немесе анық емес болуы мүмкін. Ісіктің клинико- рентгенологиялық көріністері, әсіресе бастапқы сатыларында жедел гемотогенді остеомиелитпен дифференциальді диагностика жүргізуді талап етеді. Бұл кезде ісіктің сұйық күйінде бұзыуы мүмкін, пункциялық биопсияда ірің типті сұйықтық алуға болады. Бұл жағдайда алынған материалды өсіру әдісіемен тексеруге болады.
Миеломды ауру қызыл сүйек кемігі жасушаларының өзіндік қатерлі түрімен сипатталады, ол түрін өзгерте отырып, миеломды деген атауға ие болды. Миеломды ауру 40 жастан асқан адамдарда жиірек кездеседі. Клиникалық көрінісі ауырсынумен, жиірек сүйектердегі ауырсынумен көрінеді. Қыртыстық ауырсынумен де қатар жүруі мүмкін. Плазматикалық жасушалардың үлкен көлемде әр түрлі мүшелер мен тіндерде орналасуы, осы мүшенің қатерлі зақымдалуына ұқсас болып келеді. Лабороториялық анализдерде ЭТЖ жоғарылауы, кейінірек нормохромды анамия қосылады. Уролитиаз типі бойынша урологиялық симптоматикамен көрініс береді. Науқастың зәрінде қан, Бенс –Джонс арнайы ақуызы анықталады. Бұл арнайы белокты анықтау үшін оны арнайы 45-60градуста қыздырады, осы кезде зәрдің түсі лайлы түске өзгереді, кейін өз қалпына келеді. Көп жағдайда диспротеиномия – альбумин мен глобулин арақатынасы бұзылуы байқалады.
Рентгендиагностикада миеломды аурудың келесі түрлерін ажыратады: көптік-ошақты (классикалық), диффузды-паротикалық, оқшауланған және остеосклеризденуші.
Көптік-ошақты (классикалық) форма 70% жағдайда көптеген дөңгелек пішінді дефекттермен, контуры анық, периферия бойынша склероздар жоқ, диаметрі бойынша бірнеше сантиметрді құрайды. Кейде жамбас-сан буындарының рентгенологиялық зерттеуі кезінде көрінеді. Қыртысты қабаты ішкі жағынан жиырылған, жұлын өзегі бойы кеңейген. Кейбір жағдайларда қыртысты қабат толығымен жойылған , ал ісік жұмсақ тіндерге жайылған. Бас сүйекте дефекттер байқалады. Патологиялық сынулар байқалады. Омыртқа денесі сынған кезде, омыртқа тығыздалып «балық тәрізді» болады, кеуде және жамбас сүйектері дефектіге ұшырайды.
Диффузды-паротикалық формасы қызыл сүей кемігінің бірегей зақымдалуы, жекелеген ошақтарсыз (9-15% жағдайда). Рентгенологиялық зерттеуде жүйелі остеопароз ретінде көрінеді, ол болса тек динамикалық тұрақты бақылау нәтижиесінде байқалады. 40% жағдайларда оң болжам беріледі, сол себептен рентгенологиялық суреттеме толықтай клинико- лабороториялық диагнозды жоққа шығармауы тиіс.
Миелинді аурудың жекеленген ошағы. Диагностика және емі жағынан қызықты ауру. Көптеген авторлар еңбектерінде уақытша үрдіс, яғни ісіктің бастамасы кейін генерализденген түрге ауысады деген пікірмен белгілі. Рентгенологиялық тұрғадан екі түрге жіктеледі: классикалық литикалық шектелген айқын шекарасы бар және кистозды – трабекула ошақ түрлі қабырғалардан құралады, кейде ұсақ торлы суреттемемен көрінеді.
Склероздаушы формасы өте сирек кездесетін түр, бұл ошақтық немесе диффуздаушы склерозбен байқалады.
Миеломды ауруды зерттеудің диагностикасында алынған пунктант маңызды орын алады.
Сүйектің сіңірлік бөліктерге метастаздануы.
- Қаңқалық екіншілік қатерлі ісіктің анықталуы қзіне тән қиындықтары бар. Метастаздану гемотогенді, лимфогенді, иммплатационды, аралас жолдармен беріледі.
- Метастаздың диагностикасында маңызды рөл атқатарыды:
- Болжам диагноздағы метастаздың түрін анықтау үшін анамнез жинау;
- Зақымдалудың көп болуы. Біріншілік ісік бір сүйекте пайда болады да, басқа сүйекке ауысады.
- Орналасуы. Метастаздар көбіне бел, жамбас, кеуде, бас сүйектерінде жиірек кездеседі. Басқа да локализациялар болуы мүмкін, бірақ ол сирек.
- Жасы. Метастаздар 40 жастан асқан науқастарда жиі кездеседі. Науқастың жасы ұлғайған сайын метастаз болу мүмкіншілігі жоғары.
Қатерлі ісіктің метастазданулары ішінде бірінші орында аталық без қатерлі ісігі алады(60%). Екінші орында омырау безінің қатерлі ісігі жатыр (50-60%), Ал үшінші орынды бүйрек пен өкпенің қатерлі ісігі (35-40%). Ал кейінгі орындарда, қалқанша безі ісігі (20%), қуық қатерлі ісігі (15%), асқазан қатерлі ісігі (12%).
Рентгенологиялық зерттеуде метастаздың 3 түрін ажыратады: остеомиелитикалық (88%), остеобластикалық (5,5%), аралас (6,5%).
- Остеомиелитикалық метастаз – периферияда склерозданусыз жүретін, анық контурлы деструкция ошақтарымен байқалады. Периостальді реакция анықталмайды. Қыртыстық қабаты ішінен бұзылады.
- Остеобластикалық метастаз – сүйек зақымдалуынан құрылымдық суретін бұзылады және интенсивті гомогенді көлеңке береді. Алайда, ісік зақымдалған аймақ бойына таралады. Бластикалық тип бір-бірінен бөлек орналасады, мақта түйіршігі ретінде, бөлшектік жайылмалы түрде байқалады.
Жасөспірімдер арасындағы остеомиелиттің қатерлі ағымы, бірінші кезекте Юинг ісігімен байланысты. Мұндай жағдайда клинико – лабороториялық зерттеулермен қатар, мақсатты түрде пункциялық биопсия жасау қажет, ол өз кезегінде қорытынды диагноз қоюға мүмкіндік береді.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Сүйектік остеофиттер. Табан өкше остеофиті
- Бассүйек ми жарақаты
- Балалардағы онкология. Ісік түрлер
- Ісіктер (обыр)
- Балалардағы сүйек сынықтары ерекшеліктері
- Эндокринді жүйе ісіктері
- Аналық бездерінің ісіктері
- Миеломды ауру