Эндокринді жүйе ісіктері

Ішкі секреция бездерінің обырлары

ЭПИФИЗ безінің қатерлі және қатерсіз ісіктері

Пинеаломам – эпифиз безінің негізгі қатерлі ісігі. Бас миына тікелей әсер етеді. Адамның жастық шағында, көбіне ұл балаларды жиі кездеседі. Ісік – тығыз түйін түріндегі сұрғылт – қызыл түсті.

Пинеобластома — эпифиз безінің  функциясының бұзылуы нәтижесінде туындайтын мидың қатерлі ісігі. Пинеобластоманың диагностикасы және емдеу жолдары хирургиялық әдіспен жүзеге асырылады. Компьютерлік томография, биопсия көмегімен ауру деңгейін анықтайды. Аурудың негізгі белгілері:

  1. Бас ауруы;
  2. Құсу;
  3. Жазу, оқу қабілетінің нашарлауы;
  4. Әлсіздік;
  5. Талма;
  6. Салмақтың күрт төмендеуі.
Пинеобластома қазақша
Пинеобластома көрінісі

Бүйрек үсті бездерінің қатерлі ісігі

Феохромоцитома— өте сирек кездесетін эндокринді қатерлі ісік түрі. Организмде катехоламин синтезі күрт жоғарлайды. Бұл қатерлі ісік түрі көбіне 40 жастан асқан әйел адамдарда жиі кездеседі.  Салмағы 1г – нан 4000г – ға дейін жететін, диаметрі 5см болатын, сұр немесе қоңыр түсті ісік. Феохромоцитомаға шалдыққан адамдарда:

  • бас ауруы,
  •  көз көруінің нашарлауы,
  • салмағының төмендеуі,
  • әлсіздік,
  • тахикардия,
  • тершеңдік,
  • терінің сұрғылттануы,
  •  инфаркт мионарда жиі кездеседі.

феохромоцитома казакша

Ұйқы безінің қатерлі және қатерсіз ісіктері

Инсулома – ерте жастағы балаларда өте сирек кездесетін  қатерлі де қатерсіз ісік.  Бұл инсулинді синтездейтін ұйқы безінің эндокринді клеткаларының ісігі. Инсуломаның  99% ұйқы безінің ұлпаларында кездессе, 1% бауырда, он екі елі ішекте, аш және тоқ ішіекте кездеседі.  Қатерсіз инсулома тек қана инсулинді синтездейді, ал қатерлі инсулома түрлі гормондар мен биологиялық белсенді заттарды өндіреді.

Инсулиномаға шалдыққан науқастың қанының құрамында көп мөлшерде инсулин кездеседі. Нәтижесінде науқаста гипогликемия (қандағы глюкоза мөлшерінің төмендеуі) талмасы, әлсіздік, шаршау, тершеңдік, тынымсыздық, қорқыныш, жүрек соғысының жиілеуі пайда болады.

Инсуломаның емдеу шаралары

Аурудың алғашқы стадияларында тамақтану режимін дұрыс қалыптастыру қажет. Яғни организмге жеңіл сіңімді көмірсулар, тәтті шай, сусындар қолдану. Ақыл – ес бұзылса, организмге  40% глюкоза ерітіндісін енгізеді.  Сондай – ақ хирургиялық жолменде емдеу шараларын жүргізеді.

Ұйқы безінің карцинома ісігі – бұл да қатерлі ісіктердің қатарына жатады. Көбіне АҚШ мемлекетінде жиі кездеседі. Әйел адамдарға қарағанда ер адамда жиі ауырады.

  • Негізгі себебі: шылым шегу, қант диабеті, кофе мен кофеинге деген құштарлығы жоғары адамдар.
  • Клиникалық белгісі: салмақтың  төмендеуі, арқа және іш бөлігінде аурудың пайда болуы.
Инсулома қазақша
Қоңыр қызғылт реңді ірі инсулома ісігі

Гипофиз безінің қатерсіз ісігі

Аденома гипофиз – гипофиздің алдыңғы бөлігінде пайда болатын қатерсіз ісік.  Бұл ісіктің туындау себептері әлі күнге дейін белгісіз. Аденома гипофиз гормональды активті және гормональды активсіз түрде болуы мүмкін. Егер олардың құрайтын жасушалар гормондар синтездемеген жағдайда, ол гормональды активсіз күйде болады.

Мөлшеріне, көлеміне қарай аденома гипофиз екі түрде болады:

  • Микроаденома (диаметрі 1мм – ден 2 см- ге дейін);
  • Макроаденома (диаметрі 2 см –ден жоғары).

Аденома гипофиз ісігінің сипаты көбіне оның аденома құрамындағы синтезделетін клеткаларға, мөлшеріне, диаметріне байланысты болып келеді. Самототропин гормонын синтездейтін аденомалар көбіне гигантизм, акромегалия сияқты ауру түрлерінен көрінеді.

Гипофиз аденомасы
Гипофиздегі аденоманың орналасуы

Жыныс бездерінің гормондарын синтездейтін аденома ісігі – ер адамдарда импотенция, әйел адамдар да- менструальды циклдің бұзылуына әкеледі.

Жалпы қорытатын болсақ, эндокринді бездер дегеніміз өз секреттерін тікелей қанға бөлетін бездерді айтамыз. Қатерлі және қатерсіз ісіктер организмнің барлық мүшелерінде, жүйелерінде кездесетіні белгілі. Сол сияқты эндокринді жүйенің өзіне тән қатерлі және қатерсіз ісіктері бар. Оларды диагностикалау және медеу шаралары көбіне – хирургиялық жолмен жүргізіледі.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Қалқанша безі қатерлі ісігі
  2. Тоқ ішек қатерлі ісігі
  3. Сүт безінің ҚАТЕРЛІ ісігі
  4. Сүт бездерінің қатерсіз дисгормоналды аурулары
  5. Сүт безінің ҚАТЕРСІЗ ісіктері
  6. Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы
  7. Клацкин ісігі
  8. Ісіктер (обыр)
  9. Аналық бездерінің ісіктері
  10. Ісік лизисі синдромы

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!