Кератит

Кератиттер

Қасаң қабық — көз алманың сыртқы қабатының алдыңғы бөлімі болып табылады. Мөлдір, пішіні сфера тәрізді, жоғары сезімталдылық сияқты қасиеттері бар және жасына байланысты анық бір көлемінің болуымен сипатталады.

Қасаң қабықтың аурулары барлық көз патологиясының 25%-ын кұрайды. Аурудан кейін болатын көру жітілігінің тұрақты төмендеуі мен соқырлыққа әкелетін жағдайлар 50%-ын негіздейді.

Кератит– көздің қасаң қабығының (роговица) қабынуымен көрінетін көздегі патологиялық жағдай.

Қасаң қабық ауруларының жіктелуі:

  1. Қабыну аурулары (кератиттер)
  2. Жарақаттары
  3. Даму ақаулары (кератоконус, кератоглобус)

Кератиттер жіктелуі:

Экзогенді кератиттер :

  1. Қасаң қабық эрозиясы
  2. Физикалық, химиялық, механикалық факторлар әсерінен болатын жарақаттық кератиттер
  3. Этиологиясы бактериальды инфекциялық кератиттер
  4. Қабақтың, конъюнктиваның, мейбомиев бездерінің аурулары салдарынан болатын кератиттер
  5. Кератомикоздар

Эндогенді кератиттер:

1. Инфекциялық  кератиттер

А) туберкулезді : гематогенді және аллергиялық

Б) мерездік

В) герпетикалық

2. Нейропаралитикалық кератиттер

3. Авитаминозды кератиттер

—Этиологиясы белгісіз кератиттер

кератит қазақша
сау және кератиті бар көз

Экзогенді кератиттер

Қасаң қабықтың өрлемелі жарасы

Ауруды туғызатын коздырғыштар: кокктар және көк ірінді таяқша. Қасаң кабықтың орталық бөлімінде тез жайылатын инфильтрат пайда болады. Өрлемелі жараға тән белгілер: инфильтраттың бір шеті жыртыңқы, көтеріңкі, пішіні орақ тәрізді болады. Жараның карама-қарсы шеті біртіндеп тазаланады, эпителизацияланады және оған қан тамырлар ене бастайды. Аурудың бастапқы кезеңінде-ақ иридоциклиттің белгілері анықталады. Емі жоғарыда айтылған қағидалар бойынша жүргізіледі.

қасаң қабық жылжымалы жарасы
Қасаң қабық жылжымалы жарасы

Қасаң қабықтың катаралды жарасы (шеткері кератит)

Инфекционды конъюнктивит немесе блефарит кезінде қасаң қабықтын перифериясында нүктелі инфильтраттар пайда болуы мүмкін. Инфиль- траттар бір-бірімен қосылуы және жараға айналуы мүмкін. Аурудың ағымы жедел түрде өтеді, емі аурудың себебін жоюға бағытталған және қасаң қабықтың жарасына қарсы терапия жүргізіледі.

Кератиттердің жалпы белгілері:

Барлық кератитттерге сай субъективті белгілер: қасаң қабық синдромы: ауырсыну, жарыққа қарай алмау, блефароспазм, көзде бөгде зат сезіну. Бұл синдром қасаң қабықтағы нерв талшықтарының, шатыраш қабық пен кірпікті, денедегі кірпіктің тітіркенуінен болады. Кейде ауырсыну самайға, маңдайға, бүкіл басқа беріледі.

Қасаң қабықтың синдромына көсымша көруіне төмендеуіне шағымданады. Ол Қасаң қабықтың мөлдірлігінің  төмендеуіне, жас ағуына, көздің жарыққа қарай алмауына байланысты.

кератиттер

Басты объективті белгілер: блефароспазм, аралас немесе перекорнеальды инфекция, Қасаң қабықтың бүтіндігі бұзылған (оның мөлдірлігі), жаңадан қан тамырлары түзіледі және сезімталдығы өзгереді.

Берикорниальды немесе терең инъекция. Қасаң қабықтың айналымдығы шеткі тамырлы тараптың тамырларының кеңиуімен түсіндіріледі., және коньюктиваның күмбезіне қарай бетіндеп азайады. Оның түсі көкшіл түсті, диффузды, онда жеке қан тамырлары анықталмайды. Терең инъекция барлық жағдайларда Қасаң қабықты қоршап орналаспайды, кейде сектральды орналасады. Көп жағдайда перикорнеальды инъекция коньюктивальды инъекциямен бірігіп, аралас инъекцияны береді.

Қасаң қабықтың қабынуының басты белгісі оның қарауытуы (Қасаң қабықтың тінінің клеткалық элементтерімен инфлетрациясы және дамуы салдарынан).

Аталған инфильтраттар мөлшері, формасы, сыны, орналасуы бойынша алуан болады. Орналасқанда Қасаң қабықтың шектелген бөлімін немесе бүкіл бетін немесе беткей және терең қабаттарында орналасады.

Инфлетраттың түсі клеткалық құрамына байланысты: егер мейкоциттер аз болса, түсі сұр түсті; іріңді инфильтрацияда түсі сарғыш немесе сары.

Шекарасы инфильтраттың ашық немесе анық емес. Мөлдірлігінің бұзылуына басты роль эпитемиге байланысты. Кез келген кератитте эпитемий сырылады. Қасаң қабықтың беті айналығылығынан айырылады, беті бұжыр жіне бойына су сіңгеннен кейін эпитемий сырылып, эррозия пайда болады. Эпитемидің сырылуы 1-2 % флюросцеин ертіндісін тамызумен анықталады.

Қасаң қабықтың инфильтраты алуан өзгерістерге ұшырайды. Мөлшері кіші, беткей инфильтраттар, боумен қабатына бармаған толық тарап кетеді. Боумен қабаты зақымдалса мөлдірлігі қалпына келмейді. Клеткалық элементтермен стромада инфильтрация болса ол өзінің мөлдірлігін қалпына келтіреді. Егер ол некрозға ұшраса, толық байланыс тінімен алмасады.

Беткей инфильтраттар жиі ыдырап жараланады. Алдымен эпитемий сырылады, келесіде некроз, жараның қалыптасуы.

Жара микробтың вирулентігіне науқастың жалпы жағдайына, жүргізілген еміне байланысты түрлі ағымда өтеді.

Жаңадан түзілген қан тамырларының Қасаң қабықта пайда болуы оның бойына беткей (коньюктивальды) және терең ( эписклеральды және склеральды) тамырлардың өтуімен қамтамасыз етіледі. Беткей васкулиризация қан тамырларының ашық қызыл түсімен, тамырлардың эпитемидің астында беткей қабаттарында орналасуымен сипатталды. Қасаң қабыққа коньюктивадан өткен қан тамырларын еркін көруге болады. Тамырлар тарлыманады, иректелген, өзара анмастамоз құрайды.Терең тамырлар мен Қасаң қабықтың стромасының орта және терең қабаттарында орналасады. Сондықтан олар нашар көрінеді., түсі соншалықты ашық емес. Қан тамырлары тарамданбайды, тік, щетка тәрізді. Қан тамырлары лимбтің астынан Қасаң қабыққа өтетіндей.

кератит казакша

Кейбір кератиттерге беткей, кейбіреулерге терең васкулиризация тән.

 Қасаң қабықта қан тамырларының пайда болуы қорғаныс реакциясы, себебі Қасаң қабықтағы үсік пен инфильтрация оның көректенуін бұзады: оттегі, витаминдер, цистеин және т.б.  жеткіліксіз. Сондықтан қасаң қабықтың вискулиризациясы кератиттің үдемелі кезеңінде пайда болады. Бірақ, жеке жағдайларда қасаң қабықта қан тамырлары кері процесс барысында пайда болады,яғни қабыну инфильтраты грануляциялық тінімен алмасқанда.

Нейрогенді кератиттерде қасаң қабықтың сезімталдығы өзгереді, яғни төмендейді немесе толық жойылады. Тіпті, екінші сау кезге қасаң қабық сезімталдылығы төмендейді. Сирек сезімталдық жоғарлайды, және ол жәй ауырсыну синдромымен өтеді.

Қасаң қабықтың сезімталдылығын мақтаның шиыршылықталған фрей шаштарымен анықтайды.

Перикорнеальды немесе терең инъекция лимбтың шеткі ілмекті жүйесінің тамырларының кеңеюінен болады. Клиникалық көрінісі: лимб бойымен орналасады, күмбезге қарай азаяды, түсі алқызыл немесе күлгін, тамырлы суреті анық емес. 

Инфильтраттар көлемі, формасы, саны, орналасуы бойынша әртүрлі болады. Түсі сұр, іріңді процесте сарғыш немесе жасыл. Шекарасы анық емес. Инфильтраттар ыдырағанда қасаң қабықта эрозия пайда болады.

 

Вирусты кератиттер: 

Беткей
1.Эпителиальды
2.Субэпителаиальды
3.Ағаш бұтағы тәрізді
Терең
1.Метагерпетикалық
2.Дисктәрізді

Терең формаларында процесс терең стромаға енеді, көзден бөліністер болмайды, инфильтрация сұр түсті, ерекшелігі – қасаң қабық сезімталдығы төмендейді немесе жоғалады. Флюоросцеинді сынама беткей формасында оң, терең формасында теріс.

Емі: 

  • Этиотропты: жалпы және жергілікті
  • Иммунотерапия (полудан, пирогенал)
  • Патогенетикалық: кератопластиктер, осмотерапия, витаминдер
  • Симптоматикалық

Консервативті ем тиімсіз болса, оперативті ем қолданады.

Герпесті кератит

Ауруды қарапайым немесе herpes zoster вирусы шақырады. Кератит түрлерінің ішінде жиі кездесетін түрі — қасаң қабықтың герпестік зақымдануы. Біріншілікті (вируспен бірінші рет закымданған кезде) және біріншіліктен кейінгі (латентті вирусты инфекция аясында пайда болады) герпесті кератиттерді бөледі.

Біріншшкті кератиттер терінің, конъюнктиваның және дене бітімінің басқа да аумақтарының шырышты қабаттарының зақымдануымен бірге жүреді. Қасаң қабықтың сезімталдылығы айқын төмендейді, сонымен қатар ерте және ауқымды тамырлануы тән.

Біріншіліктен кейінгі кератиттер организмнің суық өтіп кетуінен, ауыр түрде өткен жалпы аурулардан кейін, иммунитеттің төмендеуі кезінде пайда болады. Әдетте, бір көз зақымданады. Кератиттің бұл түрінде касаң қабыққа, қабақтың терісі мен шырышына тамырлардың енуі тән емес. Бірінші аптадан кейін кератиттің беткейлік формасы, ал рецидивтері болғанда — закымданудың терең формасы дамиды.

герпестік кератит
Герпестік кератиттің тармақталған формасы
  • Беткейлік формасында суэпителиалды нүктелі инфильтраттар мен көпіршіктер болады. Кейін көпіршіктер жарылып, «ағаштың бұтағы» түрінде эрозия түзіледі — ағаш сияқты кератит.
  • Терең формасында иридоциклит косарланып жүреді және ағымы екі түрлі болуы мүмкін. Метагерпестік кератитте жиектері ланкарт тәрізді аукымды жара түзіледі. Диск тәрізді кератит касан кабық стромасының терен кабаттарында жиектері анық, сұр-бозғылттау түсті инфильтраттың пайда болуымен сипатталады.

Этиотропты емінде жалпы және жергілікті түрде вирусқа қарсы препараттарды қолданады: антиметаболиттер (3% ацикловир жакпамайы), интерферон, интерфероноген.

 

Туберкулезді кератиттер

  • Токсико-аллергиялық немесе фликтенулезді
  • Гематогенді:
    -Диффузды
    -Ошақты
    -Склероздаушы

Туберкулез микобактериясының гематогенді жолмен метастаздануы кезінде немесе микобактерияға аллергиялық реакция даму нәтижесінде болады.

Метастатикалық туберкулезді кератиттердің ағымы баяу, өршу мен ремиссия кезендері кезектесіп жүреді. Үдеріс бір жақты. Шынайы туберкулезді кератиттен кейін қасаң қабықтың тұрақты тамырланған ноғаласы қалыптасады.

  • Терең диффузды кератит қасаң қабақтың орта және терең қабаттарының диффузды инфильтрациясымен жүреді.
  • Терең шектелген кератит. Инфильтраттар қасаң қабықтың артқы қабаттарында (десцемет қабығының маңында) орналасады.
  • Склероздаушы кератит терең склерит кезінде дамиды. Сары-бозғылт инфильтраттар лимбтан қасаң қабықтың ортасына дейін баяу жайылады.

Туберкулезді-аллергияльіқ кератит жедел басталады, кейін реци- дивтермен жүретін созылмалы ағымға өтеді. Ауру көбінесе 3—15 жас аралығында кездеседі. Қасаң қабықта ірілеу бір ғана (солитарлы) немесе көптеген ұсақ (милиарлы) фликтеналардың таралуымен сипатталады. Айқын перикорнеалдық инъекция мен буда түріндегі беткейлік тамырланумен жүреді.

Туберкулездің жалпы терапиясын фтизиатр тағайындайды. Жергілікті емі көздегі қабыну үдерісін тежеуге, инфильтраттардың сорылуына, иридоциклит белгілерін жоюға бағытталған.

Мерездік кератиттер

Ауру туа біткен немесе жүре пайда болған мерезден кейін дамиды. Туа біткен мерез кезінде үдеріс екі жақты болады, ал жүре пайда болған мерезде, әдетте, қабыну үдерісі бір көзде өтеді және жеңілдеу жүреді. Көп жағдайда кератиттің ағымы бірнеше кезеңнен тұрады: инфилтрация, васкуляризация, тарылу.

Инфильтрация кезінде касаң кабыктың перифериялық аумағындағы паренхимасында нүктелі ошақтардын пайда болуымен басталады. Инфильтраттар, біріншіден, паренхиманын барлық аумағын камтып, терең васкуляризация кезеңіне өтеді, осы кезде иридоциклит симптомдары косылады. Ауру 2—3 айда өршиді, кейін 1—2 жылға созылатын тарылу (кайту) кезеңі басталады. Аурудың соңында көру жітілігі 0,4-1,0 дейін калпына келуі аурудын сәтті аяқталғанын білдіреді.

Емді венерологпен бірге бекітілген кесте бойынша жүргізеді. Жергілікті емі инфильтраттың сорылуына және иридоциклиттің белгілерін жоюға бағытталған. Аурудың нәтижесінде нашар көргіштік болса, онда ол барлық қабаттарынан өтетін кератопластикаға тікелей көрсеткіш болып келеді.

Ерекшелігі – белгілі бір циклмен өтеді, процесс екі жақты. Процеске тамыр жолы ілігеді, рецидив болмайды. Сатылары:

1.Инфильтрация (1 ай)
2.Абсцесс ( 2 ай)
3.Таралу (2 жыл)

—Жалпы қасаң қабық ауруларының шешімі:
1.Ифильтрат ыдырап сіңуі, мөлдірлігі қалпына келеді
2.Тұрақты қарауыту: 

  • бұлт тәрізді
  •  дақ
  • ақ шел

Кератиттерде қабыну басылғаннан кейін қасаң қабықта қарауыту қалса, сіңдіру терапиясы жүргізіледі. Алғашында консервативті ем – ферменттер (инъекция, электрофорез, тамшы), лидаза, алоэ, т.б.
Консервативті ем тиімсіз болса, оператиті ем – кератопластика.

 

Кератопластика (оперативті емі):

  1. Оптикалық – көру қабілетін қалпына келтіру
  2. Емдік – жараны жабу
  3. Тектониялық – қасаң қабықтағы фистуланы жабу
  4. Мелиоративті – дайындаушы кезең ретінде, қасаң қабық таза бөлімдерін отырғызу арқылы мөлдірлігін жақсарту
  5. Рефракциялық – қасаң қабықтың рефракциясын өзгерту
  6. Косметикалық –  тыртықты жою

Кератиттерді емдеу принциптері:

  • Жалпы және жергілікті этиотропты ем
  • Патогенетикалық :
    -Десенсибилизация
    -Осмотерапия
    -Ангиопротекторлар
    -Физиоем
    -Стероидты емес қабынуға қарсы ем
    -Кортикостероидтар
    -Симптоматикалық

Кератиттердің алдын алу.

  1. Сауықтандыру, алдын алу шараларын жүргізу
  2. Организімнің жалпы жағдайы, инфекциялық және инфекционды аллергиялық аурулады ( мерез, туберкулез, ревматизм, бруцилез және т.б.) және вирусты ауруларды анықтау.
  3. Созылмалы инфекция ошақтарын тазарту

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Көз анатомиясы, физиологиясы және құрылымы
  2. Көз шарасының топографиялық анатомиясы
  3. Көздің көру қызметі
  4. Көру бұзылысын түзету жолдары
  5. Бинокулярлы көру.
  6. Перифериялық (шеткері) көру
  7. Конъюнктивит
  8. Көзден жас ағумен жүретін аурулар

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!