Асқазан өңеш рефлюкс ауруы, рефлюкс эзофагит

Асқазан – өңеш рефлюкс ауруы, рефлюкс эзофагит.

Гастроэзофагальды рефлюксты ауру (ГЭРА) – спонтанды, қайталамалы түрде асқазандық немесе өңештік құрамының спонтанды түрде өңешке лақтырылуымен жүретін және өңештің төменгі бөлігінің зақымдалуымен байқалатын созылмалы рецедивтеуші көп симптомды ауру. Асқазанның құрамындағы заттардың осылай төменгі өңештік сфинктер арқылы өңешке өтуі гастроэзофагеальды рефлюкс деп аталады. Бұл қалыпты жағдай болып саналады, егер сирек кездессе және жағымсыз субъективты сезім анықталмаса. Бірақ, егер бұндай сезім жиілесе және қабынумен немесе өңештің шырышты қабатының зақымдалуымен жүрсе патология ретінде саналады.

Қарқынды урбанизациямен, өмір екпінің жоғарлауымен, қоршаған ортаның кері стрессті әсерімен және тамақтанудың күрт төмендеуімен  сипатталатын қазіргі қоғамның социальды – экономикалық  құрылымының белсенді өзгеруі халық денсаулығына тікелей әсер етуде. Осыған байланысты гастроэнтерологиялық аурулардың жиілігінің артуы байқалады, солардың ішінде ерекше орынды асқазан – өңештік рефлюкс ауруы алады. ДМҰ-ң мәліметіне сәйкес бұл патологиямен халықтың 40% ауырады. Ең алғаш бұл ауру 1879 жылы Куйнкемен анықталған. Асқазан- өңештік рефлюкс ауруы- асқазан затының өңешке өтуімен жүретін өңештің төменгі үштен бір бөлігінің зақымдалуымен сипатталатын созылмалы ауру.

Этиология. Асқазан ішіндегі заттың өңешке кері өтуіне жол бермейтін – асқазан – өңештік сфинктер. Сау адамда бұл сфинктер тамақты жұтқаннан 1,5 – 2,5 секундтан кейін ашыла бастайды, 5 – 12 секунд ашылып тұрып, қайтадан жабылады. Сонымен, кардиальдік сфинктер жұтқанда ғана ашылып, басқа уақытта жабық күйінде болады. Кардиальдік сфинктердің гипотониясы немесе оның спонтанды релаксациясы асқазан – өңештік рефлюкстің дамуына әкеледі.

Өңештің төменгі сфиктерінің гипотониясын туғызатын себептер:

  • Коффеинге бай сусындарды, шай, кофе, какаоға құмарлық немесе коффеин қосылған дәрмектерді (кофетамин, цитрамон) ұзақ қолдану
  • Өңештің төменгі сфиктерінің тонусын төмендететін дәрмектерді жиі қолдану (кальций антогонистері, миоспазмолитиктер, нитраттар, холинолитиктер, анальгетиктер, теофиллин, бұрыш жалбызы) немесе зиянды әдеттер – темекі тарту, ішімдік.
  • Кезбе нервтің зақымдануы (қантты диабетте дамитын вагустық нейропатия)
  • Жүктілік (сфиктер тонусының төмендеуіне эстрогенемия мен прогестеронемияның жоғарлауы және құрсақ іші қысымының биіктеуі

Өңештің төменгі сфинктерінің спонтанды релаксациясын туғызатын себептер:

  • Невроздан өңеш перистальтикасының бұзылысы (дискенезиясы), бұл жағдайда асқазан – өңештік рефлюкс жұтқан кезде пайда болады.
  • Жүйелі склеродермия
  • Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы (өңеш тесігінің жарығы 50 – ден асқан адамдардың 1/3 – де кездеседі)
  • Тамақты қомағайланып көп және тез ішу, бұл кезде тамақпен бірге ауа көп жұтылады, осыдан асқазан ішіндегі қысым биіктеп, рефлюкс пайда болады.
  • Метеоризм
  • Жара ауруы, әсіресе 12 елі ішектің (асқазан – өңештік рефлюкс науқастардың 1/3 – де болады)
  • Дуоденостаз
  • Асқазанда ұзақ бөгеліп, асқазан ішіндегі қысымды биіктететін ауыр тағамдар (майлы ет, тоң май қосылған немесе өткір, қуырған тағамдар және ұн өнімдері – макарон, вермишель, нан, печенье)

Рефлюкс эзофагит патогенезі

  • Асқазан – өңештік рефлюкс сау адамдардың өзінде, күндізгі уақытта тамақ ішкеннен соң, кейде түнгі мезгілде (горизонтальды қалыпта) бола береді, мәселен 12 елі ішектің рН – метриясын мониторлау арқылы сау адамдарда тәулігіне 50 – ге жуық рефлюкс эпизодтары байқалған, бірақ олардың жалпы уақыты 1 сағаттан аспаған.
  • Негізінде өңештің кілегей қабығы асқазаннан түсетін агрессиялық заттарға біршама төзімді (өттің, пепсиннің, тұз қышқылының әсеріне).
  • Бұл заттар өңештің кілегей қабығымен ұзақ жанасса ғана эзофагит дамиды. Қалыпты жағдайда өңештің химиялық зақымдануына өңеш клиренсі (тазарту механизмі) жол бермейді.

Асқазан – өңештік рефлюкстің салдарынан өңеш кілегей қабығының тұз қышқылымен, пепсинмен, өтпен зақымданып қабынуы пептикалық эзофагит деп аталады. Пептикалық эзофагиттің дамуына асқазан – өңештік рефлюкспен бірге өңештік клиренстің төмендеуі септігін тигізеді.

рефлюкс эзофагит ауруы
Асқазан өңештік рефлюкс ауруы кезіндегі көрініс

Өңеш клиренсінің механизмдері

  • Өңеш перистальтикасының қалыпты жүруі
  • Сілекей бездерінің қалыпты функциясы
  • Тамақты немесе сусынды ішу
  • Өңештің кілегей астылық қабығындағы бездер функциясының қалыпты күйде сақталуы
  • Өңеш ішіндегі заттың өз салмағымен түсуі

Өңештің клиренсінің төмендеуіне септігін тигізетін факторлар:

  • Өңештің дискинезиясы
  • Сілекей бездерінің дисфункциясы (Шегрен синдромы, склеродермия, гипотиреоз, қантты диабет)
  • Өңеш кілегей қабығының регенерациялық қасиетінің төмендеуі (анемия, гиповитаминоздар)

Жіктемесі

Асқазан – өңештік рефлюкстің халықаралық жіктемесі (Лос- Анджелес 1998 ж.)

  1. I дәреже- шырышты қабықтағы қабыну ошақтары 5 мм дейін.
  2. II дәреже- қабыну ошақтары 5мм- ден көп.
  3. III дәреже- қабыну ошақтары бірнеше қатпарларға таралған өзгерістер.
  4. IV дәреже- шырышты қабықтағы жайылған 75%- дан асатын қабынбалы өзгерістер бар.

Клиникалық көріністер

Өңештік симптомдар:

  • Қыжылдау – пептикалық эзофагиттің және асқазан – өңештік рефлюкстің басты белгісі. Бұл семсер өскіншектен жоғары қарай таралатын, төс артының ашып күйдіру сезімі.
  • Кекіру – асқазан ішіндегі заттың өңештен өтіп ауызға түсуі. Кекіру еңкейгенде, жатқанда пайда болып, ауызда ащы немесе қышқыл дәм сезіледі.
  • Дисфагия – жұтқан тамақтың өңештен өтуінің қиналуы. Себептері: өңеш дискинезиясы немесе кілегей қабығының құрғақтығы.
  • Алқымның түйілу сезімі – өңештің жоғарғы бөлігінде қысымның биіктеуінен болатын шағым. Бұл сезімді globus hystericus белгісінен айыру қажет.
  • Одинофагия – өңештің тағам өткен кезде ауруы. Өңештің кілегей қабығының қабынуынан болады. Тамақ ішуге тәуелді немесе тәуелсіз сезіледі. Бұл ауырсынуды ЖИА – нан айыру қажет.

Өңештен тыс симптомдар:

Өңеш – бронхтық рефлюкспен болатын өкпе – бронх синдромы:

  • Бронхтық астма
  • Созылмалы бронхит
  • Рецидивтеуші пневмония
  • Пневмофиброз
  • Өкпенің аталектазы
  • Өкпенің іріңдігі
  • Бронхоэктаз ауруы

Оториноларингофаригеальды синдром:

  • Ларингит, дауыстың қарлығуы
  • Фарингит
  • Гранулемалар, жаралар
  • Көмекейдің дауыс жармаларынан төмен аймағының стенозы
  • Созылмалы ринит
  • Оталгия

Стомотологиялық синдром

  • Анемиялық синдром
  • Кардиальдік синдром

Ең алдымен кекіру, тамақтан соң немесе денені алдыға еңкейткен кезде қышқыл дәмнің ауызға келуімен байқалады. Кеуде тұсындағы ауырсыну жауырын аралығына, мойын, төменгі жақ, кеуде торының сол жағына таралады.

Өңештен тыс көріністеріне жатады өкпелік симптомдар (жөтел, жиі жағдайда жатқан кезде байқалатын ентігу), отоларингологиялық симптомдар (дауыс қарлығуы, тамағының кебуі) және асқазандық  симптомдар (іш кебуі, жүрек айну, құсу).

Диагностикасы

Өңештің және асқазанның рентгеноскопиясы. Асқазан – өңештік рефлюксті анықтау үшін науқасқа тік қалпында контрастты зат ішкізіп, баридің өңештен асқазанға түсуін қадағалайды, содан соң науқасты жатқызып горизонтальды қалыпта тексереді. Асқазан – өңештік рефлюкс болса, асқазан ішіндегі барий өңешке кері оралады, сонымен қатар рефлюкс – эзофагиттің белгілері анықталады: өңеш қуысының кеңуі, контурының тегіс еместігі, перистальтикасының баяулануы. Рентгендік зерттеумен диафрагманың өңештік тесігінің жарығы, өңештің стриктуралары, спастикалық тарылулары, жаралары және ісігі анықталады.

Метилен көгімен жасалатын сынама. Рентгендік бақылауды жүргізе отырып дуоденальдік зонд арқылы жатқан күйіндегі науқастың асқазанына бояудың ерітіндісін жібереді, содан соң зондты сумен шаяды да, зондты бері тартып, ұшын кардиден бірнеше сантиметр жоғары қалдырады. Содан соң шприцпен өңеш ішіндегі затты ақырындап сорады. Егерде шприцте метилен көгі пайда болса, онда асқазан – өңештік рефлюкстің болғаны.

Фиброэзофагогастродуоденоскопия. Эндоскопия кезінде кардиальдік қысқыштың толық жабылмауы – асқазан – өңештік рефлюкстің болуына тән белгі. Эндоскопиялық көрінісінде кілегей қабықтың гиперемиясы, ісінуі, бүрмелерінің қалыңдауы және өңештің ішкі бетінің ақшыл шөгіндімен қапталуы анықталады. Кейбір аймақтарда ақшыл шөгіндінің астынан алқызыл жолақтарға ұқсайтын өңештің кілегей қабығы көрінеді. Науқастарда эрозиялар мен жаралар болады.

Өңеш ішілік мониторлық рН метрия. 24 сағат жүргізілген рН – метрия асқазан – өңештік рефлюкстің деңгейін нақты анықтайды. Атипті түрлерін анықтайды. Мысалы, үнемі жөтелудің, төс артының ауырсынуының себебін табуға немесе науқасты антирефлюкстік операцияға дайындау үшін қолданады. Қалыпты жағдайда өңеш ішіндегі рН бейтарапты немесе сәл сілтілік – 7,0 – 8,0 шамасында.

Мониторлық рН – метрия асқазан – өңештік рефлюкстің тәулік санын, ұзақтығын, тәуліктік динамикасын зерттеуге мүмкіндік береді.

Асқынулары

Асқазан – өңештік рефлюкстің мүмкін болар асқынулары – егерде науқаста бұл ауру көптен бері келе жатса, онда өңештің кілегей қабығындағы клеткалар метаплазиясы мен дисплазиясы дамиды, және ем тағайындалмаса, болашақта қатерлі ісікке әкеледі соңы – ол өңеш қатерлі ісігі деп аталады. Қансырау жиі пайда болатын асқынуға жатпайды, ол тек 2 % – дан төмен жағдайда кездеседі, ал перфорациясы өте сирек кездеседі. Жалпы бұл ауруда асқыну сирек кездеседі.

Емі

Жалпы ем шаралары.

  • жататын төсектің бас жағынан ең кемінде 15 см биіктеу.
  • артық дене салмағын түсіру.
  • жатар алдында тамақ, алкоголь қабылдамау.
  • тағамдағы майдың мөлшерін азайту.
  • темекі тартуды тоқтату.
  • өңештін моторикасына теріс әсер ететін дәрмектерді қолданбау.

Дәрмекті ем.

Ем тактикасы аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты.

  • аурудың I- II дәрежелерінде: ранитидин 150 мг күніне 2 рет 4-6 апта + Н 2- гистаминблокаторлар (маллокс, фосфалюгель, ремагель) күніне 3 рет беріледі. Ем курсы 4-6 апта.
  • аурудың III дәрежесінде: Н2 блокатор ранитидин 150 мг + прокинетик мотилиум 10мг +  сукральфат 0.5-1.0 г береміз. Ем курсы 6 апта.
  • аурудың  IV дәрежесінде: омепразол 20 мг күніне 2 рет + прокинетик + сукральфат.

Емнің ұзақтығы 6-8 апта.

Хирургиялық ем

  • Өңеш дилатациясы
  • Диафрагманың өңештік -тесігінің жарығына
  • Өңештің жаңа бөлігіне анастомоз қою

Алдын – алу шаралары

  • Тағайындалған дәріні уақытында және коп мөлшерлі сумен қабылдау керек, себебі эзофагит және өңеш кілегей қабығының тітіркенуіне әкелуі мүмкін.
  • Ішімдік қабылдауды тоқтату қажет.
  • Темекі тартуды тоқтату қажет.
  • Құрамында кофеині бар сусындарға, майлы және тәтті тағамдарға,цитрусты және томатқа шек қою керек.
  • Ұйықтағанда бастың көтеріңкі болуын қадағалау керек.
  • Артық салмақты жою керек.
  • Өз дәрігеріңіздің қарауында жиі болуға тырысыңыз, және дәрігеріңізге өз ауруыңыздың симптомдары айқын көріне бастаса міндетті түрде хабардар ету керек.

Болжам. Аурудың болжамы қолайлы. Бірақ өңештің төменгі сфинктерінің гипотониясы өршитін болса болжам  нашарлайды. Осыған байланысты диспансерлік бақылауға тұру қажет, және жылына 1-2 рет ФГДС жасалуы қажет.

Ұқсас материалдарды оқи кетіңіз:

  1. Өңеш рагі (обыры)
  2. Өңеш жарақаты
  3. Өңеш дивертикулы
  4. Өңеш ахалазиясы

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!