Көз шарасының топографиялық анатомиясы

Көз аумағының топографиясы

Көз шарасы аймағының топографиясы. Шекаралары, қабырғалары, бөлімдері, ішіндегі құрылымдары, бұлшықеттері, қан тамырлары және нервтері.

  • Көздің қуысы бет бөлімінде жеке аймақ құрайды. Көз аймағы – regio orbitalis.
  • Мұнда қабақтар және көз қуысы, ол көз алмасының фасциясымен бульбарлы және ретробульбарлы бөліктерге бөлінген. Қабақтар жұп қатпарларды құрайды және ол көз алмасын жауып тұрады.
  • Қабақ терісі өте жұқа және нәзік болады. Әсіресе кірпік орналасқан аймақ. Мұнда қыр түзіледі және май және тер бездері орналасқан.

Көз – жас безі (glandula lacrimalis) көз шарасының сыртқы – жоғарғы бұрышында өзіне аттас маңдай сүйектің шұңқырында орналасқан
Бездердің жас шығаратын жолы (ductuli excretorii) жалғаспалы 10-12 см шамасындай қалтаға ашылады. Жас сұйықтығы көз алмасын жуып, әрі құрғап қалудан сақтап тұрады. Жас көздің ішкі қиығы арқылы жас көлшігінің жанынан, қабақ астымен жас қалтасына (saccus lacrimalis) құяды.

Жас қалтасы төмен қарай жіңішкеріп, мұрын-жас түтігіне (ductus nasolacrimalis) айналады. Мұрын – жас түтігі өзіне аттас жоғарғы сүйектің түтігінде орналасады. Оның ұзындығы 12-14 мм, диаметрі-1-4 мм. Мұрын – жас түтігі мұрын қуысының төменгі жолына ашылып, сол арқылы жас мұрынға құйылады.

Көз алмасы ( bulbus oculi). Шар тәрізді, бассүйектің бет бөлігіндегі көз шарасында орналасады. Ол шандырлармен, қынаппен (vagina bulbi)  немесе Тенон капсуласымен түгелдей қапталып жатады.

  • Көз алмасының 6 бұлшықеті бар және қабақты көтеретін бұлшықет қимыл мүшесіне жатады. (4 тік және қалған екеуі жоғарғы, төменгі қиғаш бұлшықет). Үстіңгі қабақты көтеретін бұлшықет (m.levator palpebrae superior). Сыртқы тік бұлшықет иннервациялайтын-n.abducens, жоғарғы қиғаш бұлшықетті-n.trochlearis, қалған бұлшықеттерді – n.oculomatorius иннервациялайды.
  • Көру жүйкесі (n.opticus) 2 жұп, склераға дейін қатты, торлы, жұмсақ қабықтармен қапталған. Май клетчаткасы көру жүйкесін және оның қабықтарын қоршап тұрады. Көз шарасының барлық тіндері, көз алмасынан басқасы, көз артериясымен қанмен жабдықталады (a.ophthalmica). Ол ішкі ұйқы артериясының тармағы болып табылады, осы қан тамыр бассүйегінен шығып көру өзегі арқылы көз шарасына өтеді, тармағы көзалмасының бұлшықеттеріне таралады. Соңғы тармақтары көз шарасынан шығып бет аймағына таралады.
  • Көз венасы vv.ophthalmicae sup et inferior, көз шарасының жоғарғы және төменгі қабырғаларымен; артқы жоғарғы қабырғасы жоғарғыға құйылады, жоғарғы көз шарасының саңылауынан бассүйекке кіріп, қойнау синусына құяды.

Көз шарасы (orbita)– бассүйектегі жұп симметриялы тереңдеуі, мұнда көз алмасы және көздің қосымша мүшелері орналасады.

Көз топографиялылқ анатомиясы

Адамның көз шарасы төрт гранды пирамида пішін тектес болып келеді, қысқарған ұшы бассүйегіндегі түрік ершігіне қарай орналасқан, жалпақ негізі бет аймағына қараған. Көз шарасының орташа көлемі: ересек адамда тереңдігі 4-5 см, кіреберісінің жалпақтығы 4 см, биіктігі 3,5-3,75 см аспайды.

Көз шарасының қабырғалары:

  • Жоғарғы қабырғасы (Paries superior) – бассүйектің алдыңғы шұңқырынан және маңдай қойнауынан;
  • Төменгі қабырғасы (Paries inferior) – жоғарғы жақсүйектің мұрын маңы қойнауынан, гаймор қойнауы;
  • Медиальді қабырғасы (Paries medialis) – мұрын қуысынан (sinus maxillaris);
  • Латеральді қабырғасы (Paries lateralis) – самай шұңқырынан басталады.
  • Көз шарасының ең жоғарғы ұшында 4 мм шамасындай дөңгелек өзек орналасқан (canalis opticus), ұзындығы 5-6 мм, өзектен көру жүйкесі (n.opticus) мен көру артериясы (a.ophthalmica) өтеді. Көз шарасының тереңінде, жоғарғы және төменгі қабырғаларының шекараларында, көру өзегінің жанында көз шарасының жоғарғы саңылауы орналасқан.(Fissura orbitalis superior)

Осы жерден:

  • Көру жүйкесі (n.ophthalmicus);
  • Көз қозғалтқыш жүйке (n.oculomotorius);
  • (n.abducens);
  1. ( n.trochlearis);
  • жоғарғы және төменгі көз веналары (vv.ophthalmicae superior et inferior)

Көз шарасының сыртқы және төменгі қабырғаларының шекарасында көз  шарасының төменгі саңылауы орналасқан, (Fissura orbitalis inferior) көз шараның қуысынан қанат тәрізді – таңдай және төменгі самай шұңқырына дейін, көз шарасының  төменгі саңылауынан өтеді:

  • көздің төменгі жүйкесі (n.infraorbitalis);
  • бассүйек самай жүйкесі (n.zygomaticotemporalis);
  • бассүйектік жүйке (n.zygomaticofacial);
  • венозды анастомоздар.

Көз шарасының ішкі қабырғасында алдыңғы және артқы торлы тесіктер  орналасқан, көз шарадан жүйкелер, артериялар мен веналар торлы сүйектің лабиринті мен мұрын қуысына өтеді.

  • Көз шарасының төменгі жуандығында көздің төменгі жүлгесі өтеді,(sulcus orbitale) оның алдынан өзек өтеді, ол бет аймағының тесігіне ашылады (foramen infraorbitale) Осы өзекте көздің төменгі жүйкесі,артерия мен вена өтеді.
  • Көз шарасының кіреберісі – шеттері сүйекпен шектелген және көздік қалқалар (septum orbitale), көз шарасын қабақ аймағынан бөліп тұрады.

Қабақ (palpebrae) жоғарғы және төменгі бөліктен түзіледі. Ол көз алмасының алдыңғы жағында ашылып – жабылатын қатпарларынан құралады.

Қабақтың қабаттары:

Қабақтың терісі жұқа, қозғалмалы.

Тері асты клетчаткасы- борпылдақ, көз алмасының қан тамырлары бет қан тамырларымен анастамоздары орналасады. Соған байланысты ісінулер, жергілікті қабыну процесстері (мыс: теріскен), жалпы  (ангионевротикалық Квинке ісінуі, бүйрек және т.б. аурулар) жеңіл түрде пайда болады.

Қабақтың жіңішке теріастылық бұлшықеті- көздің мимикалық бұлшықеті болып табылады,  және т.б. Беттің мимикалық бұлшықеттері беттің жүйкесімен иннервациялайды.

  • Бұлшықет астылық қабаты- қабақтың шеміршектерінен құралады және көздің қалқасы бекиді, басқа шеттерімен және көз үстілік, көз астылық шеттермен фиксацияланады.
  • Қабақ шеміршегінің артқы беткейі және көз қалқасы шырышты қабаты – конъктивамен қапталған (conjuctiva palpebrarum), көз алмасының склерасы өтеді. Конъюктива қабақтан склераға өткен жерінде конъюктиваның жоғарғы , төменгі күмбезі түзіледі (fornix conjuctivae).

Қабақтың алдыңғы шетінде кірпіктер болады, оның негізінде май бездері орналасады. Май бездердің іріңді қабынуы – теріскен. Қабақтың артқы шетіне жақын май бездерінің өзіндік тесіктері көрінеді немесе Мейбомиев бездері орналасады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Көздің көру қызметі
  2. Көз анатомиясы, физиологиясы және құрылымы
  3. Көз ішілік қысымды өлшеу
  4. Көздегі жас ағзасының аурулары
  5. Көз алмасының зақымдалуы. Контузиясы
  6. Күннен қорғайтын көзілдірік пайдасы. Дұрыс таңдау

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!