Физикалық және клиникалық рефракция

Физикалық және клиникалық рефракция. Әйнек түрлері.

Геометриялық оптика — линза арқылы жарықтың таралу және бейненің пайда болу ережесін зерттейді.

Біртекті ортада жарық тура сызықты таралады. Екі мөлдір ортаның шекарасынан жарық сәулесінің шоғыры өткен кезде, сәуленің бағыты өзгереді, өйткені әрқайсысында жарықтың таралу жылдамдығы әр түрлі. Екі феномен пайда болады — жарықтың шағылуы және сынуы. Оптикалық жүйеде жарықтың сынуы екі оптикалық ортаны айыратын құрылыстың беткейіне және екі ортаның сыну көрсеткішіне байланысты.

Призма. Призма — үшбұрышты пішінді дене. Призма арқылы жарықтың өтуі кезінде призма негізіне қарай сәуленің ауытқуы болады. Призматикалық линзалар гетерофорияны азайту (көз қимылдатқыш бұлшықет тонусының үйлесімсіздігі), көз қимылдатқыш бұлшықеттің салдануы кезіндегі диплопиясы және қылилықты түзету үшін қолданады.

Линзалар (шыны)

Линза (шыны) — екі сындырғыш беткейімен шектелетін, ал солардың ішінен біреуі де болса айналу беткейі болатын дене. Осы білік (ось) сәулелері қатар келе, сынғаннан кейін қиылысқан жерін, яғни оптикалық осіндегі нүктені басты фокус деп белгілейді. Шынының басты жазықтығынан басты фокусқа дейінгі қашықтықты басты фокусты қашықтық деп атайды. Шынының оптикалық немесе сындыру күші (рефракция) — басты фокусты қашықтықтың кері шамасы. Оны диоптрида (дптр) өлшейді. 1 дптр-ге линзаның оптикалық күшінің 1 м фокусты қашықтығы сай.

Сфералық, цилиндрлік және торикалык, сол сияқты афокальді линзалар ажыратылады.

Сфералық линзалар қарапайымдырак. Олар пішініне қарай: тегіс-ойыс, тегіс-дөңес, екі жағы да ойыңқы, екі жағы да дөңес, ойыс-дөңес, дөңес-ойыс линзалар деп ажыратылады. Барлық сфералық линзалар сынғаннан кейінгі сәулелердің ауытқу бағытына қарай: жинағыш және шашыратқыш болып бөлінеді.

  • Жинақтағыш линзалар (тегіс дөңес, екі жағы да дөңес және дөңес- ойыс) оптикалық білікке қарай сәулелерді сындырады, ал олардың фокусы линзаның артында орналасады. Бұл линзалар «+» (бейнені үлкейтеді) белгімен және «сопvех» латын сөзімен белгіленеді.
линза құрылысы
Тегіс дөңес сфералық линзаның құрылысы мен әрекеті: АО — оптикалық осі; Ғ — басты фокус; 1 — басты фокусты қашықтық; О — линзаның сындыру күші
  • Шашыратқыш линзалар (тегіс ойыс, екі жағы да ойыс және ойыс- дөңес) сынғаннан кейін сәулелердің оптикалық осінен ауытқуымен сипатталады. Осыған сай, фокус линзаның алдында орналасады. Бұндай линзалар «—» белгімен (бейнені кішірейтеді) және «сопсаv» латын сөзімен белгіленеді.
ойыс линза
Ойыс линзалардың қабілеті

Сфералық линзалардын әрекеті стигматикалық деп аталады (грек тілінен stigma — нүкте), өйткені сәулелер сынғаннан кейінгі нүктеден кейін сол сияқты нүкте кұрайды, ал оның өлшемі басқа және төңкерілген бағытта.

жинағыш линза
Жинағыш сфералық линза арқылы бейненің құрылуы: а-қарап тұрған зат; а” -заттың бейнесі; А0 -оптикалық осі; F- басты фокус; f -қарап тұрған заттан келген жинағыш сәулелер арқылы түзілген бір фокусы; ВС -линзаның басты нүктесінен өтетін сәуле

Цилиндрлік және торикалық линзалар тек қана цилиндр (тора) осіне перпендикулярлы келген сәулені ғана сындырады, ал оған параллельді сәулелер сындырылусыз өтеді. Осыған қарамастан нүктедегі сәулелер Штурм коноидына (астигматикалық әрекет) айналады. Астигматизм шамасы деп екі басты қимасында әр түрлі сындыру күшін айтады.

Көздің оптикалық жүйесі

Көзді қызметтік қатынаста екі негізгі бөлімге бөлуге болады: жарық өткізгіш және жарық қабылдағыш (торлы қабық). Жарық өткізгіш бөлімге қасаң қабық, алдыңғы камераның ылғалы, көз бұршағы және шыны тәрізді дене жатады. Қарап тұрған заттың кескінінің сәулелері қасаң қабық пен көз бұршағының алдыңғы және артқы беткейлерінде сындырылып, көздің мөлдір ортасынан өтеді.

Көздегі рефракцияның түрлері

Көздің физикалық және клиникалық рефракциясын ажыратады.

Физикалық рефракция — көздің оптикалық жүйесінің сындыру күші. Ол шамамен 60-65 дптр құрайды: қасаң қабыққа 40—45 дптр, ал көз бұршағында (аккомодация тыныштығында) — 18—20 дптр сай келеді. Көздің оптикалық жүйесінің нақты есептеу көрсеткіштері рефракциялық ота, кератопластика және кератопротездеу, жасанды интраокулярлы линзаның имплантациясы кезінде қолданылады.

Клиникалық рефракция — көздің оптикалық жүйесінің басты фокусының торлы қабыққа қатынасы, яғни көздің оптикалық осінің ұзындығына сәйкестігі.

  • Аккомодацияның қатысуына байланысты статикалық және динамикалық клиникалық рефракцияны ажыратады.
  • Статикалық рефракция аккомодацияның максималді босаңсу жағдайындағы басты фокустың торлы қабыққа орналасу қатынасымен сипатталады. Бұл кезде көз айқын көрудің ілгергі нүктесіне орнатылады — аккомодацияның толық тыныштығында анық көрінетін, көзден барынша алшақтатылған нүкте.
  • Динамикалық рефракция аккомодацияның жұмысы кезінде көздің сындыру қабілетінің оның оптикалық осінің ұзындығына қатынасымен сипатталды. Аккомодацияның барынша кернеу кезінде, көзді айқын көрудің ең жақын нүктесіне орнатамыз — көзге ең жақын орналасқан, анық ажыратылатын нүкте.
  • Басты фокустың көздің оптикалық осінің ұзындығының сәйкестігіне байланысты эмметропиялық және аметропиялық рефракцияны ажыратамыз.

Эмметропия (грек тілінен еттеtrоз — өлшемдес, opsis — көру) көздің сындыру күші мен оның оптикалык осі ұзындығының қатынасымен сипатталады. Осы клиникалық рефракция түрінде басты фокус параллельді сәулелердің жиналған жері — торлы қабықта орналасады. Паралельді сәулелер шексіз алшақ заттардан келетіндіктен, эммитропияда айқын көрудің алшақ нүктесі шексіздікте орналасқан.

эммитропия қазақша
Эммитропиялық рефракциямен көздегі жарықтың сындыры- луы: РВ — айқын көрудің алшақ нүктесі; Ғ — көздің басты фокусы

Аметропия (грек тілінен атеігоз — сәйкес емес) көздің сындыру күші мен оның оптикалық осі ұзындыгының сәйкес келмеуімен сипатталады. Сәйкес емес рефракция — көз осінің (біліктің) алдыңғы-артқы өлшемі қалыпты, бірақ көздің сындыру күші күшті немесе әлсіз болуымен (рефракционды аметропия), сонымен катар көз алмасының ұзындығы үлкен немесе кішкентай өлшемде, ал сындыру қабілеті қалыпты (білікті аметропия) болуымен негізделеді. Аметропияның екі түрін ажыратады: миопия (жақыннан көргіштік) және гиперметропия (алыстан көргіштік).

Миопия — басты фокустың торлы қабық алдында орналасатын клиникалық рефракцияның түрі. Миопия кезінде басты фокусты торлы қабыққа орналастыру үшін, көз бен қарап тұрған заттың арасына шашыратқыш линзаны орнату арқылы көздің сындыру қабілетін әлсіздету керек. Миопия кезінде айқан көрудің алшақ нүктесі көздің алдында бірнеше кашықтықта орналасқан (5 м аздау).

миопия қазақша
Миопия кезіндегі көздің сындырғыш күшінің қабілеті

Гиперметропия — басты фокус торлы қабықтың артында орналасқан клиникалык рефракцияның бір түрі. Гиперметропия кезінде басты фокусты торлы қабыққа орналастыру үшін жинағыш линзаны орнату аркылы көздің сындыру қабілетін күшейту керек. Гиперметропия кезінде айқын көрудің алшақ нүктесі көздің артында бірнеше қашықтықта орналасқан, яғни кеңістіктің теріс бөлімінде.

гиперметропия қазақша
Гиперметропия кезіндегі көз оптикалық жүйесіндегі өзгерістер

Астигматизм бір көзде әр түрлі рефракцияның болуы немесе бір рефракцияның әр түрлі дәрежесінің болуымен сипатталады. Астигматизмнің себебі — қасаң қабықтың немесе көз бұршағының сфералық формасының өзгеруі.

Астигматизм кезінде екі басты меридианды ажыратады (максималді және минималді сындыру қабілетімен өзара перпендикулярлы жазықтық). Астигматизмнің дәрежесін екі басты меридиандағы рефракцияның әр түрлілігіне қарай айқындайды: егер де әр басты меридиан бойында сындыру күшті тұрақты болса, онда бұл астигматизм дұрыс деп аталады (жиі туа біткен формада); ал дұрыс емес астигматизмде меридианның әр түрлі нүктесінде сындыру күші өзгереді (қасаң қабықтың аурулары және жарақаты кезінде, сол сияқты көз бұршағының пішіні мен орналасуы өзгерген кезде кездеседі). Басты меридиандардың өзара орналасуына байланысты астигматизмнің үш түрін ажыратады: тура, кері және қиғаш білікті (осьті) астигматизм.

Анизометропия (грек тілінен anisos — бірдей емес, metron — өлшем, opsis — көру) — екі көзде клиникалық рефракцияның 1 дптр немесе одан да көп айырмашылығы. Анизометропия кезінде қарап тұрған заттың бейнесі екі көздің торлы қабығында әр түрлі көлемде болады. Бұл феноменді анизейкония деп атайды. Анизейкония кезінде балаларда рефракциялық амблиопия туындайды — көру өткірлігінің төмендеуі көру анализаторының функционалды түзілуінің бұзылуымен негізделген.

Рефракцияның жасқа байланысты өзгерістері

Рефракцияның қалыптасуы балалық шақта 14—15 жасқа дейін болады. Бұл кезде рефракцияның өзгеруі көз алмасының өсуіне ғана байланысты емес (көздің алдыңғы артқы осінің ұлғаюы), сонымен қатар көздің сындыру қабілетінің өзгеруіне де байланысты.

Жаңа туылған сәбилердің көбіне 4—5 дптр күшімен гиперметропиялық рефракция тән. Біртіндеп көздің өсуімен және қасаң қабық пен көз бұршағының қисықтығының (кривизна) өзгеруі нәтижесінде гиперметропияның дәрежесі азайып, рефракция эмметропияға ауысады. Орташа 6—8 жасар балалардың рефракциясы әлсіз дәрежелі гиперметропияға (1,5 дптр) тең. Көздің өсуі аяқталғанда (14—15 жас), шамамен 50% адамда — гиперметропиялық, шамамен 30%-да — эмметропиялық және 20—25%-да — миопиялық рефракция болады. 70 жастан асқан адамдарда эмметропия қайтадан әлсіз гиперметропияға ауысады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Бинокулярлы көру.
  2. Перифериялық (шеткері) көру
  3. Көздің көру қызметі
  4. Нашар көру және соқырлық себептері
  5. Көру бұзылысын түзету жолдары
  6. Аккомодация
  7. Клиникалық рефракция түрін анықтау

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!