Клиникалық рефракция түрін анықтау

Клиникалық рефракцияны анықтау

Көздің клиникалық рефракциясын субъективті және объективті әдістермен анықтайды. Субъективті әдіс түзету шыныларын таңдау кезіндегі тексерілушінің көру жітілігінің өзгеруінің көрсеткішіне негізделген. Объективті әдіс көзде жарықтың сыну заңына негізделген.

Субъективті әдіс

Зерттеуді әрбір көз үшін (он көзден бастайды) жеке-жеке белгілі бір реттілікпен жүргізеді.

Алғашқыда көру өткірлігін түзетусіз анықтайды. Көру жітілігі 1,0 сай кезінде эмметропия немесе әлсіз гиперметропияның бар болуы мүмкін (аккомодация кернеуінің компенсациясы). Төмен көру жітілігі кезінде және көз алмасы құрылысының өзгерістері жоқ болса, аметропияның бір түрі болады.

Аметропияның түрін және дәрежесін анықтау үшін түзету линзаларын таңдайды. Зерттелушіге бақылау көзілдірігін кигізеді және беттің өлшеміне сәйкес түзетеді. Бір көздің алдына қара күңгірт экран қояды. Зерттелетін көздін алдына шыныны орнатады.

  • Ең бірінші +0,5 дптр әлсіз жинақтағыш линзаны қолданады. Егер де көруі жақсарса, онда зерттелушіде гиперметропия болғаны, өйткені эмметропия және миопия кезінде көру жітілігі төмендейді. Егер аметропияның дәрежесін анықтау үшін, 0,25—0,5 дптр аралықпен олардың күшін біртіндеп күшейтеді. Бүл кезде максималді жоғары көру жітілігі әр түрлі күші бар линзалар көмегімен алынуы мүмкін. Бұл, үлкен дәрежедегі гиперметропия аккомодацияның кернеуі арқылы өздігінен түзетілуіне байланысты. Сондықтан гиперметропияның деңгейі ең жоғарғы көру жітілігін беретін, ең күшті жинақтауыш линзамен сипатталады.
гиперметропия түзету
Сынамалы көзілдірік шынысымен гиперметропияны түзету қағидасы
  • Жинақтағыш шыныларды қолданған кезде көруі нашарлаған жағдайда 0,5 дптр шашыратқыш линзаны қолданады. Егер де шашыратқыш линзаны қолданғанда нашарласа, онда зерттелушіде миопия бар (эмметропия кезінде ол нашарлайды). Миопияның дәрежесін анықтау үшін, 0,25—0,5 дптр аралықпен олардың күшін біртіндеп күшейтеді. Бүл кезде максималді жоғары көру жітілігі әр түрлі күші бар линзалардың көмегімен алынуы мүмкін. Миопияны гипертүзету кезінде көзде әлсіз гиперметропия пайда болады, ал ол аккомодация кернеуі арқылы өздігінен түзетіледі. Сондықтан миопияның деңгейі максималді көру жітілігін беретін ең әлсіз шашыратқыш линзамен сипатталады.
миопияны түзету
Сынамалы көзілдірікпен миопияны түзету
  • Егер де сфералық линза көмегімен жоғары көру өткірлігіне жете алмаса, онда науқаста астигматизм бар-жоғын анықтау керек. Астигматизмді анықтаудың ең қарапайым әдісі — сәулелі фигураны қолдануға негізделген. Егер де зерттелуші барлық сәулелерді бірдей анық көрсе, онда астигматизм жоқ. Астигматизм кезінде скі қарама-қарсы сәуле немесе секторлар басқаларына қарағанда анығырақ көрінеді. Кейін зерттелушінің көз алдына саңылауы бар қара күңгірт экран қондырады. Экранды айналдыра отырып, саңылауды ең жақсы көретін меридианға орнатады. Содан соң, экранды алмай тұрып, белгіленген меридианда жоғарыда айтылған тәсілмен рефракцияны анықтайды. Кейіннен саңылауды 90° бұрып, тағы да рефракцияны анықтайды.

Толық зерттеуден кейін нәтижесін келесідей жазады:

  • Visus OD=0,7 түз.+1,5 дпт=1,0 («түз.» — «түзетумен» сөзінен қысқаша)
  • Visus OS=0,4 түз,—1,0 дптр=1,0

Субъективті әдістің бірқатар кемшіліктері бар:

  • көру жітілігінің төмендеуі аметропияның болуымен ғана негізделмейді, сонымен қатар жарық өткізгіш құрылысының, торлы қабық және көру нервісінің патологиялық өзгерістерімен негізделеді;
  • науқаспен қатынас болмаған кезде әдісті қолдану мүмкін емес (мы- салы, кішкентай балаларда), сылтаурату және аггравация кезінде.

Объективті әдістер

Рефракцияны анықтаудың объективті әдістеріне скиаскопия, рефрактометрия және офтальмометрияны жатқызады.

Скиаскопия. Скиаскопия (көлеңкелік сынау) көз түбінің түсіп тұрған жарықты тек қана жұтып қоймай, сонымен қатар оған түскен жарықты қайтару қабілетімен негізделген.

Науқас 1 м қашықтықта дәрігерге қарама-қарсы отырады. Шамды науқастың сол жағына орнатады. Дәрігер зерттеліп жатқан көздің қарашығына тікелей емес офтальмоскоптың жайпақ айнасымен қарашықты жарықтандырады. Көз түбінен қызғылт рефлексті торлы қабыққа офтальмоскоптың барлық шеңберінен оның саңылауына жарық түскен кезде ғана көре алады. Айнаны көлденең немесе тік осінде айналдыру кезінде жарқыраудың ауысуы және қарашықтың аймағында көлеңке пайда болады, оның әрекеті көздің клиникалық рефракциясына байланысты.

  • Егер де айнаның орналасуы айқын көрудің алшақ нүктесіне сай келсе, онда офтальмоскопты айналдырған кезде қарашық лезде қарауытады . Бұндай жағдай миопия кезінде кездеседі, өйткені миопия кезінде айқын көрудің алшақ нүктесі көздің алдындағы ақырғы қашықтықта орналасады. Миопияның дәрежесі айнаға дейінгі қашықтыққа кері: 1 м қашықтықтық миопияның 1 дптр-не тең.
  • сурет. Скиаскопия кезінде жарық дағының қарашықта тура (а) және <ері (б) кезінде кері офтальмоскоптың жайпақ айнасының орналасуы айқын көрудің алшақ нүктесі 1 дптр миопия кезіндегі айнаның деңгейінде орналасқан)
сипскопия қазақша
Скиаскопия кезінде жарық дағының қарашықта тура (а) және кері (б) кезінде кері офтальмоскоптың жайпақ айнасының орналасуы айқын көрудің алшақ нүктесі 1 дптр миопия кезіндегі айнаның деңгейінде
орналасқан)
  • Егер де офтальмоскоптың жайпақтығы айқын көрудің алшақ нүктесіне сай келмесе, онда торлы қабықтан келген сәулелер бір нүктеге келмейді және дақ түзеді. Айнаның бағытын өзгерткен жағдайда қарашықтың шетінен қарауыту пайда болады, ол айнаны әрі қарай қимылдатқанда барлық қарашыққа таралады.
  • Егер айқын көрудің алшақ нүктесі айнаның артында орналасса, онда оның беткейіне қиылыспаған сәулелер түседі, сол үшін көлеңке айнаның бағыты сияқты, сол бағытта қимылдайды. Көлеңкенің бұндай қимылы гиперметропия, эмметропия, сол сияқты 1 дптр кем миопия кезінде кездеседі.
сияскопия казакша
Сияскопия жүргізу барысында кері офтальмоскоптың қимылы кезінде қарашықта жарық дағының өзгеруі
  • Егер айқын көрудің алшақ нүктесі жайпақ офтальмоскоптің алдында орналасса, онда оның беткейіне қиылысқан сәулелер түседі. Сол үшін көлеңке айнаның бағытына қарама-қарсы қимылдайды (5.11-сурет), бұл 1 дптр-дан жоғары миопияны көрсетеді.
сияскопия әдісі
Скиаскопияны жүргізу барысында кері офтальмоскоптың қимылы кезіндегі қарашықта жарық дағының өзгеруі (айқын көрудің алшақ нүктесі айнаның алдында орналасқан)

Рефракцияны әрі қарай анықтау үшін 0,5-дан 19 дптр-ге дейінгі шашыратқыш және жинағыш жиынтықтан тұратын скиаскопиялық сызғышты қолданады. Көлеңкенің және айнаның қимылы сай болғанда, көз алдына 13 см қашықтықта оң, ал сай келмегенде теріс шынысы бар сызғышты орналастырады. Көлеңкенің қимылы жоғалып, ал айнаны айналдырған кезде қарашық сөніп қалғанға дейін шынының күшін біртіндеп арттырамыз. Зерттеліп жатқан көздің шынайы рефракциясы бейтараптандырылған шыныдан 1 дптр шегерген кездегі күшке тең (бүл бейтараптанбаған шынысыз миопияның дәрежесіне тең).

Рефрактометрия — көз түбінен жарқыраған белгінің кескінін зерттеу көмегімен клиникалық рефракцияны анықтау тәсілі. Автоматикалық рефрактометрде торлы қабықтан инфрақызьш жарықтың кескінінің бағытын талдау компьютер арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

Офтальмометрия — қасаң қабықтың сындыру күшін анықтайды (клиникалық рефракцияны емес). Бұл әдіс рефрактометрияға ұқсас, бірақ торлы қабықта емес, қасаң қабықта бейнеленетін тест-белгінің кескінін өлшейді. Офтальмометрияны көбіне рефракционды отаның көлемін бағалау үшін және жанаспалы линзаны тандау кезінде қолданады.

Ұқсас материалдарды оқи кетіңіз:

  1. Бинокулярлы көру.
  2. Перифериялық (шеткері) көру
  3. Көздің көру қызметі
  4. Нашар көру және соқырлық себептері
  5. Физикалық және клиникалық рефракция
  6. Көру бұзылысын түзету жолдары
  7. Аккомодация

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!