Қасаң қабық ауруларының хирургиялық емі

Қасаң қабықтың дертін хирургиялық жолмен емдеу

Ең алдымен көз анатомиясы, қасаң қабық анықтамасына тоқтала кетіңіз.

Кератоэктомия — қасаң қабықтың орталық аймағында үлкен емес беткейлік бұлыңғырлануларды алып тастау әдісі. Эксимер лазер көмегімен немесе хирургиялык жолмен жасалады. Операция нәтижесінде пайда болған ақау өздігінен бітеліп қалады. Операциядан кейінгі кезеңде репаративті препараттар, антибактериалдық және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді тағайындайды.

Кератопластика (қасаң қабықты алмастыру). Трансплантат ретінде алдын ала әр түрлі әдістермен сүрленген (тоңазыту, кептіру, арнайы ортада сақтау) өліктің донорлық қасаң қабығы қолданылады.

Өтпелі кератопластика жасау кезінде донорлық қасаң қабықты тандау талабы өте қатаң. Донордың өлімінен кейін 1 тәуліктен аспайтын сүрленусіз сақталған өліктік қасаң қабықты қолдануға тырысады. Операциядан кейінгі кезенде трансплантаттың ажырап кету қаупін азайту үшін кеңінен глюкокортикоидтарды, кей кездері цитостатиктерді қолданады.

Қасаң қабық
Сау қасаң қабықтың сыртынан қарағандағы мөлдірлігі

Кератопластиканың қолдану мақсатына қарай бірнеше түрлерш ажыратады.

  • Оптикалық кератопластика қасаң қабықтың мөлдірлігін қалпына келтіру немесе қайтару үшін қолданылады.
  • Емдік кератопластика көзді сақтап қалу мақсатында қасаң қабықтың жедел аурулары кезінде жасалады (кератит, жедел кератоконус, жарақаттар кезінде). Емдік кератопластикадан кейін ауыстырылған қасаң қабықтың мөлдір болып қалуы өте сирек кездеседі, сондықтан екінші кезеңмен оптикалық кератопластиканы қолданады.
  • Мелиоративтік кератопластика. Қасаң қабықтың тінін нығайту үшін және келесі кезеңмен жасалатын оптикалық кератопластикаға жағдайын жақсартуға бағытталған.
  • Рефракциондық кератопластика қасаң қабықтың оптикалық күшін өзгерту арқылы аметропияны түзетуге көмектеседі.

Кератопластиканың екі әдісі бар: қатпарлы және өтпелі.

  • Қатпарлы кератопластика қасаң қабықтың беткейлік бұлыңғырлануы кезінде қолданылады. Операцияның техникасы: қасаң қабықтың беткейлік бұлыңғырланған бөлігін кесіп алып тастайды да, орнына соған сәйкес пішіні, мөлшері, қалыңдығы бірдей болатын трансплантатпен ауыстырады.
  • Өтпелі кератопластика. Қасаң кабықтын барлык қабаттары кесіліп, жаңасы- мен толық ауыстырылады (9.8-сурет). Кесілетін алаңға байланысты бірнеше түрлерін ажыратады: бөліктік (ауыстырылатын алаңның диаметрі 2—4 мм), субтотальды (5 мм- ден көп), тотальды (касаң кабық толық ауыстырылады).

Қасаң кабықтың биологиялық және функционалдық нәтижелері болады.

  • Биологиялық нәтижесі ауыстырылған трансплантаттың мөлдірлігі бойынша бағаланады.
  • Функционалдык нәтижесі көру функциясының калпына келу дәрежесімен анықталады, яғни тор қабық пен көру нерві функцияларының сақталуына байланысты.

Кератопротездеу — бұлыңғыр касаң қабықты биологиялық инертті пластикалық материалмен ауыстырады. Кератопротездер толассыз және толассыз емес болып бөлінеді (9.9-сурет). Бұл әдісті тек қана бұлыңғырланып кеткен трансплантаттың ұласып кетуінін каупі жоғары болған жағдайда қолданады (қасаң қабық тың буллездык дистрофиясы, күйіктен кейінгі васкуляризаңияланған ноғала кезінде).

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Қасаң қабық формасының өзгеруі
  2. Конъюнктивит
  3. Кератит
  4. Көздің көру қызметі
  5. Көру бұзылысын түзету жолдары
  6. Нашар көру және соқырлық себептері
  7. Жақыннан көргіштік. Миопия

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!