Балалардағы нәруыз алмасу ерекшеліктері
Нәруыз – пептидті байланыспен қосылған амиоқышқылдардан тұратын құрылым. Дәл осы қосылыс тірі ағзаларда өмірді қамтамассыз ететін негізгі құрылымдардың бірі болып келеді.
Адам ағзасы үшін нәруыз қажеттілігі өте маңызды. Әсіресе жас балалар үшін нәруыз аса қажет құрылыс материалы десек болады..
Нәруыздардардың адам үшін биологиялық құндылығы оның аминқышқылдық құрамына байланысты. Яғни нәруыздың ферменттер әсерінен гидролизге ұшырай алу қабілеттілігі маңызды
Балалар ағзасы үшін ауыстыруға келмейтін (незаменимые) келесі 9 нәруыз бар. Олар:
- Триптофан
- Лизин
- Метионин
- треонин
- Гистидин
- Фенилаланин
- Валин
- Лейцин
- Изолейцин
Сонымен қатар алғашқы бірнеше айдағы балаларға ЦИСТЕИН де қажет. Бала ағзасына түсетін 40% нәруыздар ауыстырмайтын нәруыз есебінен толтырылуы керек.
Бала организімінің өсуі үшін кейбір аминқышқылдар байланысы маңызды рөль. Өсу кезінде келесі байланыс оңтайлы әсер көрсетеді: триптофан : лизин : (метионин+цистеин) = 1 : 3 : 3
Ересектерден қарағанда балалар жануарлық белоктарды қажет етеді. Бұл қажеттілік омыраумен еміп жүрген балаға 100% болс, ал кейінгі периодтарда 75-55% дейін төмендейді. Тағамдық нәруызға қажеттілік 1 кг. самаққа жасына байланысты ерте жаста 3-3,5 г, жасөспірімдік шақта 1-2 г дейін төмендейді. Бірақ нәруыздың жетіспеуші және артық пайдаланылуы да баланың физикалық, психомторлы дамуына да кері әсерін тигізеді.
Нәресте үшін идеалды нәруыз – анасының сүті. Ол 100-94% дейін сіңіп, утилизациясы жүреді. Содан кейін 87% құрайтын жұмыртқа нәруызды.
Сонымен қатар балада нәруыз фракциялары төмен, альбумин синтезі 0,4 г/кг/тәулігіне болып келеді. Бірақ жаңа туған балада альбумин пайыздық көрсеткіші анасына қарағанда жоғары. Дүниеге келгеннен кейін алғашқы жылы альбумин деңгейінің төмендеуі жүреді.
Нәрестенің дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы жарты жылдында г-глобулин деңгейі төмен болу себебі оның ыдырау жылдамдығы жоғары, ал өзіндік глобулин түзілу процессі баяау жүреді. Глобулиндік фракция көрсеткіштері б-1 – 1, б-2 – 2, в– 3, г– 4 болып келеді.
Балалда қабыну аурулары пайда болатын болса, қанда б-глобулиндер деңгейі көтеріліп, г-глобулиндер қалыпты көрсеткіште болуымен сипатталады. Бұл балдағы әртүрлі ауруларға дұрыс диагноз қою үшін маңызды көрсеткіш болып табылады.
Бала үшін нәруыз негізгі пластикалық материал, яғни ағзасын құрастыруға негізгі құрылыс материалы болып келеді. Нәруыздар гормон синтезіне, ферменттер, иммунды денелер құруға қатысады.
Жоғарғы слайдтарда айтып кеткендей, бала белсенді өсуіне, ағзасында жаңа клеткалар түзілуіне байланысты балада ересекке қарағанда нәруызға қажеттілік жоғары. Бұл көрсеткіш бала қаншалықты жас болса, соншалықты жоғары болады.
Нәруыздың сіңімділік және қажеттілік көрсеткіштері 1 жасқа дейінгі балада байқалады (5,0 – 5,5 г -1 кг дене салмағына – 1 тәулікте) . Ал бұл көрсеткіш 12 жастағы ересек балаларда- 2,0 – 2,5 г/кг тәулігіне көрсеткішіне ие. Баланың ең интенсивті өсетін алғашқы 3 айы екенін ұмытпау керек.
Баланы омырау сүтімен емізгенде нәруыздың тәуліктік қажеттілігі 2,0 – 2,5 г/кг, ал жасанды тамақтандырғанда – 3,0 – 4,0 г/кг болады. Бұл көрсеткіш мектеп жасына дейін осылай қалады (мысалы мектепке барған оқушы нәруыздық қажеттілігі 2 – 2,5 г/кг). Нәруыз арқылы тәулігіне қажетті барлық энергеияның 10-15% орнын толтыруға болады. Баланың белсенді өсу оның азоттық балансының оң болуына да анықтама. Жылдам өскен балада, нәруызды көп қажет етіп, оң азоттық балансқа ие болса, ал жоғары жоғарығы мектеп оқушылар және ересектерде азоттық баланыс тепе-теңдік жағдайында болады. Азоттық баланыстың теріс болуы ағзадағы дерттің көрінісі.
Бала дұрыс дамып жетілуі үшін нәруыз мөлшері ғана емес оның сапасы да маңызды. Ағзаға түскен нәруыз аминқышқылдарына дейін ыдырып, қанға жеңіл сіңіп кетуі керек.
Дәл сол қанға түскен белоктардан ағзаға қажетті құрылыс материалы бұлшықет, қан, тері, шаш және т.б нәруыздан тұратын ағзалар құрыады. Сонымен қатар ағза өздігінен синтездей алмайтын нәруыздар бар, олар дайын күйде тағаммен түсуі керек. Мұндай нәруыздар жоғары биологиялық құндылыққа ие. Олар ауыстырылмайтын нәруыздар дейді. Оларға: лизин, метионин, триптофан, фенилаланин, валин, лейцин, изолейцин және треонин жатады деп жоғарыда айтып кеткенбіз.
Ағзада пайдаланылмаған нәруыздар дезаминизацияға ұшырайды. Соның әсерінен азотты зат қалдық түзіледі. Олар: аммиак, мочевина, зәр қышқылы және т.б). Бұлардың бәрі зәр арқылы сыртқа шығып кетеді.
Зәрдегі азоттық қалдықтар мөлшері ересектерге қарағанда азрақ болып келеді. Жас өсе келе мөлшері көбейе береді.Зәрде мочевина (несепнәр) аз болуы ағзаға түскен барлық нәруыздардың сіңіп, құрылыс материалы ретінде қолданылып жатқанының бірден бір көрінісі. Сонымен қатар, нәруыз алмасу процессінің әлі жетілмегенінің де көрінісі (бауырдың синтездеу қасиетінің жетілмеуі).
Ал азот қалдығының басқа элементтері мысалы зәр қышқылы, аммиак, аминқышқылдар зәрді мөлшері көбірек болалды. Оған себеп бала бүйрек зәр шығару жүйесінің толықтай дамып аяқталмағанын көрсетеді.
Нәруыздардың сіңірілуі және қолданылуы өте күрделі. Оны гормондар реттеп тұрады. Белок ассимиляциясын гипофиз, қалқанша без гормондары, инсулин, андрогендер (тестостерон) күшейтеді. Сонымен қатар анаболикалық әсерді келесідей дәрумендер (витамин): тиамин, никотин қышқылы, рибофлавин, биотин, пантотен қышқылы көрсетеді.
Катаболикалық әсерді тиреотропты және адренокортикотропты гормондар, глюкокортикоидтар, көп мөлшерде тирозин көрсетеді.
Ағзаға нәруыздың жеткіліксіз мөшерде түсуі, ашығу соның ішінде эндогенді ашығу және протеиндерді жоғалту тіндердегі пластикалық процесстерге тежеуші әсер көрсетіп, нәруыз алмасуының тежелуіне және теріс азоттық балансқа алып келеді. Нәтижесінде бала өсуі тоқтап, дистрофия, полигиповитаминоз дамиды. Гормоналды және ферментативті жүйелер дискординациясы, ОЖЖ, бауыр, бүйректегі өзгерістер көрініс береді. «аштық ісінуі» (голодный отек) байқалуы да мүмкін.
Нәруыздың дұрыс қортылуы үшін жеткілікті мөлшерде су және тұздар қажет. 1 г нәруыз пайдаланылғанда 4,1 калория энергия бөлінеді.
Жануар нәруызымен қатар баланың өсімдік текті нәруызды қабылдағаны да маңызды. Бұл жерде олардың ара қатынасын дұрыс сақтау қажет. Өсімдік текті нәруыз барлық тәуліктік пайдаланылған нәруыздардың жартысынан аспауы керек.
Нәруыз алмасуының бұзылуы балаларда 3 түрге жіктеледі:
- Нәруыздардың сіңірілуі және олардың синтезінің бұзылуы;
- Аминқышқылдардың алмасуының бұзылуы;
- Нәруыз алмасуының соңғы этаптарының бұзылысы;
Нәруыздың барлығы асқоырту жолды арқылы түскендіктен мұндай маңызды процесс асқорытуға байланысты. Балада асқорыту жолдарының аурулары болса осы процесс бұзылады. Нәруыз сіңу бұзылысы көбінесе ішектің әртүрлі аумақтарының қабыну, секреторлық және моторлы қызметінің бұызылуы кезінде байқалады.
Нәруыз синтезінің бұзылысы көбінесе ағзадағы гормондардың, ОЖЖ және иммунды жағдайға байланысты.
Геномда қателіктер, ДНҚ нәруыз синтездеу бағдарламасы бұзылыуы да нәруыздың дұрыс асмаспауына алып келеді.
Аминқышқыл алмасуының бұзылыуы ондағы траснаминдену және дезаминдену процессіне байланысты.
Трансаминдену процессінің бұзылуына: сульфаниламидті препараттармен ішек флорасын тежеу, жүктілік,фтивазидпен емделу кезіндегі пиридоксальфосфатты тежеу, бауырдың ауыр дерттері жатады.
Нәруыз соңғы этаптарының бұзылысы. Ондағы азот қалдықтары, мочевина, зәр қышықыл түзілудегі ақаулар.Бұлар бауырдың дистрофиялық өзгерістері, гипоксия, бүйектің аутоиммунды және травматикалық зақымдалуы кезінде байқалады.
Қорыта келсек, нәруыз немесе белок бала ағзасы үшін ересектерге қарағанда аса маңызды екеніне толықтай көзіміз жетті. Табиғат жаратқандай ол толықтай күрделі циклдан өтіп, нәтижесінде ересек адам болып өсу, дамуға септігін тигізетін құрылыс материалы болып келеді. Онсыз адам өмір сүруі мүмкін емес еді. Бұл процесс ерекшеліктерін түсіну кез келген медициналық персоналға маңызды білім.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Балалардағы май алмасуы
- Балалардағы көмірсу алмасуы
- Ағзадағы су-тұз алмасу
- Балалардағы су тұз алмасу ерекшелігі
- Дәрумендер
- Нефротикалық синдром патогенезі