Author archives

Жедел холецистит емі

    Жедел холециститте дәрігерлік тактика – аурудың ауырсыну дәрежесі мен ұзақтығы анықталады. Науқастар хирургиялық стационарға госпитализацияналады. Асқынбаған түрінде толық зерттеумен бірге консервативті ем жүргізіледі. Ал асқынуларында оперативтіем қолданылады. Консервативті ем шараларына кіреді: ауырсынуды басу (наркотикалық аналгетиктер қолданылмайды), себебі, олар Одди сфинктерінің спазмын тудырып, өтгипертензиясына және ұйқы безі сөлініңағуынына кедергі жасайды. Сол үшіннаркотикалық емес аналгетиктер қолданылады. …

Бауырдың гидативті эхинококкозы

Эхинококкоздыңқоздырғышы ленталы гельминттің личинка-лық кезеңі Echinococus granulosus, ол жыныстың жетілу кезеңін мысық, ит, қасқыр, түлкінің жіңішке ішегінде өткізеді. Аралық иелері ірі қара мал, қой, ат, шошқа және адам.Адамдар мен жануарлар энтералды жолмен жұқтырады. Ең жиі эхинококкоз Оңтүстік Евуропада, Солтүстік Африкада, Австралия, Исландия, Оңтүстік Америка елдерінде кездеседі. ТМД елдерінен Крым, Кавказ, Орта Азия елдерінде кездеседі.   …

Жедел іріңді медиастенит

Жедел іріңді медиастенит. Көкірекаралық талшығының іріңді немесе шірікті қабынуы пайда болуы мүмкін: 1) түтікті ағзалардың (өңеш, кеңірдек) диагностика немесе бөгде затты алу мақсатындағы эндоскопия кезінде аспаптық зақымдалуы кезінде; 2) ашық кесіліп-шаншылған және«оқ атқаннан кейінгі» жарақаттан; 3) өңеш, бронх, көкірекаралық ісіктердің ыдырауы кезінде; 4) алыста орналасқан ағзалардың инфекциясының гематогенді және лимфогенді тасымалдануы нәтижесінде; 5) қабынудың жақын …

Бауырдан тыс өт өзектерінің созылмалы сыртқы жыланкөздері

Өт жолдарының өтімсіздігі хирургиялық шаракезінде қалпына келтірілмесе, өттің сыртқы жыланкөздері түзілуі мүмкін. Сыртқы созылмалы өттік жыланкөздер ерін тәрізді және өзек тәріздіболады. Ерінтәрізді жыланкөздер сирек кездеседі, ол өт қуығының жыланкөздеріне жатады. Бауырдан тыс өт жолдарының жыланкөздері өзек тәрізді болады, ол дәнекер тінді өзектен жәнесыртқа ашылған тесіктен тұрады. Ал ерін тәрізді жыланкөзде олар болмайды. Сыртқы жыланкөздер толық …

Бауыр альвеококкозы

Альвекоккоз – көп камералы, немесе альвеолярлы эхинококкозEchnococcus multilocularisличинкасымен шақырылған тернииндоз тобына жататын гельминтоз. Ол бауырда паразитарлы түйіндердің түзілуімен сипатталады. Басқа мүшелердің зақымдалуы сирек кездеседі, бірақ альвеококкозға құрсақарты талшықтың лимфа түйіндеріне өкпе және миға метастаздануы тән. Альвеококкоздың личинкалы түрі тығыз, майда бұдырлы ісік тәрізді, майда көпіршікті конгломераттан тұрады.Кесіндіде майда тесікті сірнегеұқсайды. Альвекоккты түйін өнімді – некротикалық …

Сүт безінің ісіктері

Фиброаденома – сүт безінің жиі кездесетін қатерсіз ісігі болып табылады. Құрылымы бойынша мастопатияның түйінді түріне жақын және соңғысынан айқын шектелумен және жиі кездесетін солитарлы типті зақымданумен ерекшеленеді. 15–35 жас аралығында жалғыз түйін түрде жиі кездеседі. Мастопатия сияқты фиброаденомалардың да дамуы кезінде дисгормоналды бұзылыстар жатыр. Патологиялық анатомиясы. Фиброаденома дәнекер тінді капсуласы бар, шектелген ісік болып табылады. …

Жедел және созылмалы мастит

Жедел мастит – сүт безі тіндерінің жедел, іріңді, жайылмалы немесе шектелген қабынуы. Көбінесе жедел мастит лактациялық кезеңнің алғашқы 4-айларында дамиды. Бұл ауру жедел және созылмалы болуымүмкін. Сонымен қатар, асептикалық және инфекциялық іріңді мастит деп те бөліп қарастыруға болады. Іркілісті маститтің белгілері, кейде босанғаннан кейінгі алғашқы 2-күндері дамиды. Сүт бездері ісінеді, терісі тартылады, тері асты веналары …

Мастопатия

Дисгормоналды ауру (мастопатия) немесе сүт бездерінің гиперплазиясы дегеніміз – нейро-гуморалды қызметінің бұзылысынан дамитын сүт бездерінің зақымдалуы. Кистозды-фиброзды мастопатия жиі 2 жақты болады. Бұл аурудың дамуы аналық безінің, бүйрек үсті безінің, қалқанша безінің физиологиялық деңгейінің бұзылысымен және организмдегі өзгерістердің әсерімен тікелейбайланысты. Әртүрлі 10 шақты патологиялық процестердің өзара қосылуы дисгормоналды гиперплазияны түзейді. Осыдан: «мастопатия», «фиброаденоматоз немесе аденофиброматоз», …

Гинекомастия

Еркектердегі сүт бездерінің әйел типтегідей дамуы. Сүт бездерінің барлық тіндерінің көлемінің ұлғаюымен гиперплазиясы. Эндокринді бездердің қызметінің бұзылыстарына (гипофиздің, жынысбездерінің, бүйрек үсті безінің) байланысты гинекомастия (ер адамның емшегінің үлкеюі) жиі дамиды. Клиникалық көріністері. 13-17 жас аралығындағы ер балаларда жиі кездеседі. Жасөспірімдегі сүт бездерінің ұлғаюы 1 жақты немесе 2 жақты болады. Орта жастағы ер адамдарда гинекомастия сирек …

Өкпе іріңдігі

Өкпе іріңдігі дегеніміз –жиі сегмент шекарасында өтетін,бір немесе бірнеше іріңге толы қуыстардың және перифокалды инфильтраттың пайда болуымен сипатталатын тіннің некротикалық аймақтарының іріңді ыдырауы. Өкпе гангренасы – өкпе тінінің белгілі аймағыныңсеквестрацияға бейімділігі жоғары және өкпенің босамаған тіндерінен шекаралануға қабілеттііріңді-шірікті некрозы,сол себепті оны шектелген гангрена ретінде қарастырады. Өкпенің іріңді деструктивті үрдістерінде басты орынды вирусты инфекция алады,олөкпе гангренасы …

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!