Author archives

Медик+ админ! Сайт бойынша жауапты адам.

Тірек қимыл жүйе ауруларын сұрастыру

Тірек қимыл жүйесі

Қимыл-тірек, тері және оның қосалқыларының аурулары бар науқастарды сұрап тексеру Шағымдарын анықтау: буындардағы “таңертеңгі құрысу” және оларың ісінуі, бұлшықет әлсіздігі, тері қышуы, қалтырау, терідегі бөртпелер, тері түсінің өзгерісі, тырнақтардың сыңғыштығы мен сызықтану, шаштың шамадан тыс түсуі. Негізгі шағымдарды талдау, сараптау. Буындардағы ауру сезімі және олардың қимылының шектелуі: Орналасу орны – ауру сезімі қай буында? (аяқ-қолдың …

Жүрек қантамыр жүйе ауруларын қарап тексеру. Жүрек түрткісін анықтау

Жүрек пальпациясы. Жүрек ұшы түрткісін анықтау

Жүрек қантамыр жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексеру Жалпы қарау жалпы жағдайы төсектегі кейпі терісі мен кілегей қабаттарының түсі ісіктер қол ұшы саусақтарының, тырнақтарының өзгерістері. Жүрек аймағын және шеткі қан тамырларды қарау: жүрек аймағының дөңестенуі жүрек аймағындағы соққылар мойын қан тамырларының соққысы (соғулар). жүрек ұшы, жүректік түрткілер, дірілдер Жүрек аймағының пальпациясы: жүрек ұшының түрткісі, оның …

Эндокринді жүйені тексеру

Қалқанша без пальпациясы

Эндокриндік жүйесінің ауруларын қарап тексеру Науқасты жалпы қарап тексеруді: науқастың жалпы хәлі (қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр, өте ауыр, өлім хәлінде); есі (сақталған, өзгерген); төсектегі кейпі (белсенді, сұлық түсіп жату, мәжбүрлі, ретсіз қимылдар, көп сөйлеу, көңіл – күйінің тез өзгерісі). Терісі мен оның қосалқылары, кілегей қабаттары (түсі, құрғақтығы, түлеуі; шаш өзгерістері – түсуі, жұқалануы). Мойын аймағын …

Асқазан ішек жолдары ауруларын сұрап, тексеру

Құрсақ қуысын ішті қарау

Асқазан және ішек ауруларына шалыққан науқастарды қарап тексеру Ас қорыту жүйесі ауыратын науқастарды сұрап тексеру: Шағымдары: құрсақтағы ауру сезім, өңеш бойындағы ауру сезім, жұтудың және тағам өтуінің бұзылысы, жүрек айну, құсу, қыжылдау; іштің кебуі, тәбеттің бұзылысы, іштің өтуі, қатуы, қан кету, жүдеу, әлсіздік, шаршағыштық,  жұмысқа қабылетінің  төмендеуі, ашуланшақтық.                     Дерттің даму тарихы – anamnesis morbi …

Жүрек және қан тамырлар жүйесі ауруы бар науқастарды сұрастыру

Жүрек аурулары

Жүрек және қан тамырлар жүйесі ауырған науқастарды сұрап,  қарап және пальпация арқылы тексеру Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексеру Шағымдары – жүрек аймағындағы ауру сезімі, жүрек қағуы, ісінулер, ентігу, жөтел, қан қақыру, тұншығу, әлсіздік, шаршағыштық, бас ауру, ұйқының бұзылысы, жұмысқа қабылетінің  төмендеуі, оң қабырға доғасы астындағы ауру сезім. Аурудың даму тарихынан мәліметтер жинастыру: аурудың басталуы …

Науқасты тексеру жоспары

Науқасты тексеру әдістері

Науқасты тексеру жоспары  Науқасты сұрап тексеру реттілігі Науқастың төлқұжаттық мәліметтері (аты-жөні, жасы, мекен-жайы, жұмыс орны, мамандығы). Науқастың шағымдары. Шағымдар нақтылануы (сарапталуы) керек. Шағымдардың нақтылануы (мысалы: ауыру сезімінің) орналасу орнын, таралуын, күшін, сипатын, пайда болу уақытын, себептерін және бәсеңсу жағдайын анықтап, дәлелдеп сұрауды айтамыз. Алғашқыда негізгі шағымдар, содан кейін қосымша (жалпы шағымдар) мәлімденеді. Науқастардың өзі айтатын …

Вирусты гепатит «А», сарғаюлық формалы, орташа дәрежелі. Ауру тарихы

Вирусты гепатит «А», сарғаюлық формалы, орташа дәрежелі. Науқас туралы жалпы мәліметтер. Фамилиясы, аты-тегі: Жасы, жынысы: 5.04.1973 жыл, әйел адам Ұлты: орыс Мамандығы: жұмыссыз Тұрақты мекен-жайы: Ауруханаға түскен күні: 21.11.2008ж Ауруханадан шыққан күні: 1.12.2008ж Жолдамалы құжаттағы диагноз: Вирусты гепатит «А», типті, орташа дәрежелі. Клиникалық диагноз: Вирусты гепатит «А», сарғаюлық формалы, орташа дәрежелі.     Науқастың шағымдары. Түскен …

Көптік жарақаттар. Политравма

Көптік жарақат, политравма

Көптік жарақаттар «Көптік жарақат» деген термин жинақтаушы ұғым болып табылады, себебі, ол механикалык жарақаттың төмендегі түрлерін жинақтайды: көптік, үйлескен, біріктірілген жарақаттар. Көптік – олар бір жүйеде орнықса, үйлескен – әр түрлі жүйелерде және біріктірілген жарақаттар – бір уақытта бірнеше факторлар әсер етсе, ағымы ауыр болады. Егер де оқшауланған зақымдалуларда жарақаттық шок 1% науқастарда дамыса, онда, …

Бет сүйегінің сынықтары

Бет сүйегінің сынықтары

Бет сүйектерінің көптік сынықтары Тікелей жарақат кезінде, биіктіктен құлағанда пайда болады. Көрсетілген жарақаттар көп жағдайда үйлескен болып келеді. Бұл жарақаттардың 98% бас сүйек – ми жарақаты қатар жүреді. Клиникасы: бет сүйектерінің ауыр көптік сынықтары сыртқы онша білінбейді, себебі, айқын ісінумен жамылып тұрады. Жұмсақ тіндерді, тістерді, жақтарды қарап тексергенде бет қаңқасының сүйектерінің патологиялық қозғалғыштығы байқалады. Беттін …

Құлақ зақымдалуы

Құлақ жарақаты

Құлақтың зақымдалуы Құлақтың зақымдалуы әртүрлі болып келеді және де жарақаттаушы агенттің сипатына байланысты болады. Құлақ қалқанының жарақаттарына соққылар, кесілген жарақаттар, құлақ қалқанының түгелдей немесе бір бөлігінің жұлынуы, дабыл жолының жарақаттарына – төменгі жақ сүйегіне соққы тигендей оның қабырғаларының зақымдалуы және бас сүйектің негізінің сынықтары кезіндегі жарақаттар жатады. Клиникасы:  құлақтағы ауру сезімі, құлақтан қан кетулер, ауызды ашқандағы және …