Фурункул (сыздауық)
Фурункул (furunculus), сыздауық – шаш фолликулы, май бездері, айналасындағы майлы клетчаткалардың жедел іріңді қабынуы, фолликулитке қарағанда ауқымды болып келеді. Дененің түкті жерлерінде дамиды. Сыздауық бірнеше жерден шықса фурункулез деп аталады. Фурункулдың этиологиясы және патогенезі: ауруды көбінесе алтын түсті стафилококктар тудырады, инфекция микрожарақаттар арқылы түседі. Қант диабеті, авитаминоз, терінің қышымасы, аллергия ауруларында фурункул, фурункулез жиі кедеседі. …

