Инфекциялық эндокардит кезіндегі бүйректің зақымдалуы
Инфекциялық эндокардит – жүрек қақпақшаларының қабынбалы ауруы, инфекциялық этиологиялы және сепсис бойынша өтетін, бактериемия, қақпақша деструкциясы, эмболиялық және иммунды (жүйелі) көріністермен және асқынулармен байқалатын ауру. Аурудың таралу жиілігі 100 000 тұрғынға шаққанда 1,4-6,2 жағдайда болады. Инфекциялық эндокардиттің жүйелі көріністерінің ішінде гломерулонефрит және васкулит бар.
Этиология: Инфекциялық эндокардитты әртүрлі микроорганизмдер шақырады, соның ішінде саңырауқұлақтар, риккетсия және хламидиялар. Бірақ қоздырғыш ретінде бірінші орынды бактериялар алады. Жиі стрептококк (50%) және стафилокок (35%).
Басты патогенетикалық факторлар:
Инфекциялық эндокардит дамуында басты ролде транзиторлы бактериемия, ол тамырлардың эндотелиалды жасушаларын, гемостаздың тромбоцитарлы звеносын зақымдайды, гемодинамикалық факторлар, микроорганизм инвазивтілігі (Streptococcus, St. aureus, enterococcus – 80%), иммунокомплексты бұзылыстар әсері болады.
Клиникасы: Жалпы әлсіздік, шаршау, ентігу, тәбеттің болмауы, дене салмағының азайуы жатады. Инфекциялық эндокардитке тән симптом қызба, яғни дене температурасының субфебрильды деңгейден гектикалық деңгейге дейін жетуі, қалтырау терлегіштікпен бірге жүреді. Анемия дамиды, тері және шырышты қабаттардың бозғылттығы байқалады. Аздаған тері, ауыз қуысында, көз конъюктивасында қан кету байқалады. Терілік капилляр зақымдалуы жеңіл жарақат кезінде де дамиды. Саусақтар барабан таяқшасы тәріздес, ал тырнақтар сағат әйнегі тәріздес болады. Бүйректің гломерулонефриттен, бүйрек абсцессына дейін зақымдалуы инфекциялық эндокардиттың бірінші клиникалық көрінісі болуы мүмкін. Инфекциялық эндокардит бар науқастарда бүйрек қызметінің бұзылысы әртүрлі дәрілік заттарды пайдалану әсерінен болады. Бүйрек зақымдалуы кезінде тромбоэмболия қаупі жоғары, негізгі әсер мүшелері көкбауыр, ішек, бүйрек артериялары болуы мүмкін. Бүйрек өз қызметін ұзақ уақыт қалпында сақтайды. Гломерулонефрит сирек тез үдемелі түрге ауысады және патогенезі инфекциялық эндокардит кезінде күрделі болады және бүйрек тіні иммунды комплекстарымен ғана зақымдалумен шектелмейді.
Диагностика:
- Протеинурия
- Гематурия
- Нефритикалық синдром
- Нефротикалық синдром
- Артериальды гипертензия
«Бүйректік маска» – нефритикалық және нефротикалық синдром, макрогематурия, азотемия ауру үдеуі кезінде сирек байқалады және инфекциялық эндокардит диагностикасын қиындатады, сондықтан ол созылмалы гломерулонефрит, пиелонефрит, геморрагиялық қызба ретінде қабылданады. «Бүйректік маска» туралы инфекциялық эндокардиттың 4-5% жағдайында айтуға болады: макрогематурия 4-9%, нефротикалық синдром – 1-2% науқастарда байқалады. Бүйрек жеткіліксіздігі иммунды комплексты диффузды гломерулонефрит кезінде дамиды. Екіншілік бүйрек амилоидозы – заманауи инфекциялық эндокардиттың сирек кездесетін асқынуы, ол кезде айқын протеинурия, бүйрек қызметі бұзылысы байқалады.
Негізгі диагностикалық критерилері:
- Анемия
- ЭТЖ жоғарылауы 70-80 мм/сағ
- Нейтрофильды лейкоцитоз немесе лейкопения
- Тромбоцитопения
- у-глобулин жоғарылауы
- С-реактивты ақуыз жоғарылауы
- Ревматоидты фактор
- Криоглобулинемия
Емдеу жолдары:
Емдеу жолы қоздырғыш түріне, орналасуына, қақпақша зақымдалу деңгейіне байланысты болады. Антибактериальды терапия – инфекциялық эндокардиттың этиотропты емдеу әдісі. Бактерицидты әсерлі дәрілер қолданған дұрыс. Антибактериалды препараттың жоғары деңгейіне жету үшін тамыр ішілік жоғары дозада енгізу қажет. (4-6 апта бойы)
Науқастың жағдайы ауыр болса және қоздырғыш түрі белгісіз болса, қанның микробиологиялық нәтижесі шыққанша, эмпириялық ем жүргізу қажет. Инфекциялық эндокардиттың жеделдеу сатысында немесе клиникалық көрінісі ауруға тән болмаса, этиотропты антибактериалды емді қоздырғыш идентификациясынан соң жүргізеді.
Болжамы:
Инфекциялық эндокардит болжамы көптеген факторларға байланысты. Инфекциялық эндокардиттың жедел формасы кезінде ем жүргізілмесе, 1 – 1,5 айда, ал жеделдеу формасы кезінде 4–6 айда науқас қайтыс болады. Адекватты антибактериалды терапия кезінде летальдылық 30%, протезделген қақпақшалардың инфицирленуі кезінде – 50% алады. Қарт науқастарда инфекциялық эндокардит болжамы нашар, 10-15% науқастарда ауру созылмалы түріне ауысады.
Алдын – алу.
Инфекциялық эндокардит даму қаупі жоғары науқастарда үнемі бақылау орнату қажет. Оларға протезделген қақпақшалары бар науқастар, туа және жүре пайда болған жүрек ақаулары бар науқастар, анамнезінде инфекциялық эндокардит бар науқастар, созылмалы инфекциясы бар науқастар жатады. (қызыл жегі, созылмалы тонзиллит, созылмалы пиелонефрит). Бактериемия дамуына әртүрлі медициналық манипуляциялар әсер етеді: операция, урологиялық және гинекологиялық инструментальды зерттеулер, эндоскопиялық процедуралар. Алдын алу үшін бұл процедура кезінде антибактериалды ем тағайындалады және тоңазудан, вирусты және бактериалды инфекциялардан аулақ болу қажет. Созылмалы инфекция ошақтарына санация жасалу қажет, 3 – 6 айда бір рет.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Бүйректің ассиметриялы зақымдалуы
- Наркотикалық заттардан бүйрек зақымдалуы
- Жедел бүйрек жетіспеушілігі
- Бүйректің ишемиялық ауруы
- Бүйректік гипертониялық синдром
- Бүйректің даму ақаулары
- Бүйрек коликасы
- Бүйрек жіті жетіспеушілігінің патофизиологиясы
- Бүйректі лабораторлы аспапты зерттеу тәсілдері.
- Бүйректің функционалды зерттеу әдістері