Балалардағы дегидратация
Дегидратация (сусыздану) – организмде судың және сұйықтықтың жеткілікті мөлшері болмайтын жағдай.
Дегидратация жеңіл, орташа немесе ауыр болады, ол организмнің жоғалтқан немесе толықтырылмаған сұйықтығының көлеміне байланысты. Ауыр дегидратация өмір үшін аса қауіпті жағдай.
Дегидратация сұйықтықтың үлкен көлемін жоғалтуға, организмге судың жеткілікті көлемінің түспеуіне немесе осы екі себептің бірігуі салдарынан да пайда болады.
Организм келесі жағдайларда сұйықтықтың үлкен көлемін жоғалтуы мүмкін:
- Тершеңдікте (мысалы, дене жаттығуларынан)
- Несептің көп бөлінуінен, мысалы, бақылауға алынбаған диабетте, немесе диуретиктер қабылдауда
- Қызбада
- Құсуда немесе диареяда
Сусыздану балаларда жиі вирусты инфекцияда, қызба және диарея, тәбеттің жоғалуымен жүретін жағдайларда байқалады. Негізінен мұндай инфекция ротавирустармен, аденовирустармен шақырылады.
Кейбір жағдайда тамақтағы шыдатпайтын ауырсыну баланың сұйықтық ішуінен бас тару себебі болып келеді. Нәтижесінде сусыздану туындайды.
Есте ұстайтын жайт, ерте жастағы балалар, жасөспірімдер немесе ересек жастағы адамнан қарағанда сусыздануға бейім келеді.
Бұған қоса ауыр ағымда жүретін бактериалды инфекциялар: сальмонелла, ішек таяқшасы, кампилобактериялар және клостридиялар шақыратын ауруларда балада тәбет жоғалады. Мұндай инфекциялар да құсу мен диарея көріністерімен өтеді. Сусыздануға тағы паразитарлы инфекциялар әкелуі мүмкін. Мысалы: лямблиоз және т.б
Сонымен қатар, сусыздану өте ыстық ауру райында, шектен тыс терлеу, зәр шығарудың жиілеуі және диагностикаланбаған декомпенсирленген қант диабеті кезінде байқалуы мүмкін.
Балалардағы сусыздану көріністері:
- Көздің кіртиуі (западения глаз);
- Зәр шығарудың азаюы (бала жаялығы әрдайым құрғақ) ;
- Бала басындағы еңбегі ішке кіріп тұруы (Западение);
- Көзден жас бөлінбей жылауы;
- Ауыз шырышты қабаты және тілі құрғақ болуы;
- Енжарлық және ұйқышылдық;
- Тітіркенгіш (әрдайым жылағыш, мазасыз).
- Тахикардия;
Сусыздану деңгейі
Ауырлық деңгейі | Сұйықтық дефицит деңгейі, мл/кг (дене салмағының %) | Көріністері | |
Нәрестелер | Жасөспірімдер | ||
Жеңіл | 50 (5%) | 30 (3%) | Көп жағдайда көріністері жоқ. Бірақ ауыз қуысындағы шырышты қабаты құрғау, шөлдеу, диурездің шамалы азаюымен көрінеді |
Орташа | 100 (10%) | 50–60 (5–6%) | Бет терісінің құрғауы, тахикардия, зәрдің шамалы болуы немесе болмауы, енжарлық, кіртиген көз және бас еңбегі, тері тургорының жоғалуы |
Ауыр | 150 (15%) | 70–90 (7–9%) | Орташа деңгейдегіге қоса, жіп тәрізді пульс, жастың болмауы, цианоз, тыныс алу жиілеуі, гипотензия, алабажақ (пестрая) тері, кома |
Диагностика
Сусыздану келесі критерийлер арқылы анықталады:
- Жеңіл: гемодинамикалық өзгерістер жоқ (нәрестелерде дене салмағының 5%, ал жасөспірімдерде 3%)
- Орташа: тахикардия (нәрестелердің дене салмағының 10%, ал жасөспірімдердің дене салмағының 6% жуығы)
- Ауыр: перфузия бұзылумен гипотония (нәрестелердің дене салмағының 15%, ал жасөспірімнің 9%)
Лабораторлы зерттеуді негізінен орташа немесе ауыр дәрежелі сусыздануы, электролитті баланс бұзылысы бар (мысалы гипернатриемия, гипокалиемия, метаболикалық ацидоз және алкалоз), сонымен қатар вена ішілік инфузионды емді қажет ететін балаларға жүрзілуі керек.
Сусыздану кезіндегі лабораторлы өзгерістер негізінен қанның қоюлануы әсерінен салыстармалы полицитемия, қандағы мочевина азоты жоғарылау және зәрдің салыстырмалы тығыздығының жоғарылауымен көрініс береді.
Жоғарыда аталғандарға сай келесідей анализдер жүргізілуі керек:
- Қанның биохимиялық талдауы (электролиттердің, әсіресе, натрийдің, калийдің және бикарбонаттың деңгейлерін анықтау үшін)
- Қандағы несепнәрдің деңгейін анықтау
- Қанның жалпы талдауы
- Креатинин
- Несептің меншікті салмағы
Сусыздану емі:
Жеңіл дәрежелі сусыздану оңай түрде оральды регидратациямен түзетіледі. Ауыр жағдайыларда инфузионды терапия қажеттілігі туындайды.
Ең алдымен адекватты тіндердің қанмен қамтамассыз етілуін жүргізу керек. Ол үшін тамыр ішілік изотоникалық ертінді құю керек (физиологиялық ертінді немесе Рингер лактат ертіндісі), вена ішіне әдетте 20 мл/кг мөлшерімен 20 мин бойы енгзеді.
Жеңіл дәрежеде вена ішілік құюлар қажет емес, бірақ орташа немесе ауыр дәрежеде бірнеше рет жоғары жылдамдықпен инфузиялық емге дайын болу керек.
Регидартацияның бастапқы этапы тамыр ішілік сұйықтық көлемін толықтырумен бітеді. Бұдан кейін баланың жалпы жағдайы жақсару байқалады: жүрек соғу жиілігі төмендейді, АҚ қалпына келеді, тіндердің қанмен қамтамассыз етілуі қалпына келіп, бала бұрынғыдан қарағанда белсендірек бола бастайды.
Баладағы төмен АҚ және жиілеген пульс қосымша сұйықтық енгізудің қажеттілігін көрсетеді. Айналымдағы сұйықтық деңгейін анықтаудың ең нақты әдісі, орталық венозды қысымды анықтау.
Жүргізілген терапия дұрыстығын баладағы зәрдің салыстырмалығы тығыздығы мен көлеміне қарап бағалауға болады. Диурездің көлемі қалыпты және тығыздығы төмендеуі регидратациялық терапияның сәтті жүріп жатқанына дәлел. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы (уд.вес) 1,005 төмендесе және сусызданудың клиникалық көріністері жойылса, вена ішілік сұйықтық жіберуді азайтуға болады.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Балалардағы су тұз алмасу ерекшелігі
- Балалардағы нәруыз алмасуы
- Балалардағы май алмасуы
- Балалардағы көмірсу алмасуы
- Ерте жастағы балаларға патронаж
- Аутизм