Жедел холангит

Холангит қазақша

Холангит – бауырлық және бауырдан тыс өт жолдарының қабыну ауруы. Іріңді холангит жедел холециститтің асқынуы болады.  Іріңді обтурациялық холангит бауырдың холангиогеді абсцесіне және биллиарлы сепсиске әкелуі мүмкін.

Холангиттің  эпидемиологиясы

  • Азиаттық  холангит (рецидивді іріңді  холангит) Оңтүстік – Шығыс Азия елдерінде жиі кездеседі.
  • 50-60 жас аралағындағы адамдарда жиі кездеседі.
  • Әйелдер мен ер адамдарда бірдей жиілікпен кездеседі.

жедел холангит

Холангит жіктелуі:

Жедел холангит:

  • Іріңді;
  • Дифтериялық;
  • Некротикалық;
  • Катаральды;

Созылмалы холангит

Холангиттің дамуына екі жағдай әсер етеді:  жалпы өт өзегіндегі конкременттер және өт жолдарына жасалған хирургиялық манипуляциялар.

Өт жолдарының обструкциясына мына жағдайлар әкеледі:

  • Тыртықтар.
  • Ісіктер (өт жолдарының, ұйқы безінің басының, он екі елі ішектің  ісіктері).
  • Билиарлы жолдың кистасы (Кароли синдромы  – өт жолдарының туа пайда болған кистасы).
  • Гепатолитиаз (бауыр өт жолдарындағы  конкременттер).

Холангит  холестаз бен өт жолдарының қысымының жоғарылап, бактериалды инфекцияның түсуінен дамиды (E.coli, Proteus vulgaris, Klebsiella, Enterococcus spp.).

Жедел холангиттің клиникалық көрінісі

Жедел холангит кенеттен басталады.

Шарко үштігімен көрінеді:

  • Қалтыраумен бірге жүретін дене температурасының жоғарылауы. Қалтырау интермиттирлеуші болады.
  • Оң жақ қабырға астында қатты ауырсыну. Ол оң жақ жауырынға, иыққа, мойынның оң жақ бөлігіне беріледі.
  • Склера мен тері жабындыларының сарғаюы.

Егер осы Шарко үштігіне есінің бұзылысы мен шок қосылатын болса, Рейнолдс пентадасы деп аталады.

Диагностиканың мақсаты:

  • Холангиттің дамуының себебін табу.
  • Асқынуын анықтау.

Диагностикалық әдістер:

Анамнез жинау: Өт тас ауруы бар ма, өт жолдарына ЭРПХГ және басқа  манипуляция жасалғанын, ісіктердің болу болмауын анықтау.

Лабораторлық зерттеу: ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, биохимиялық өзгерістер.

Өт жолдарының өзеруін анықтау үшін:

  • УДЗ,
  • КТ,
  • ЭРПХГ.

Медикаментозды емдеу

Холангит кезіндегі өт жолдарының гипертензиясын дәрілік терапия арқылы емдеу көп емес. Ол өт жолдарының тез арада декомпрессия жасауының алдындағы қысқа уақыттық интенсивті дайындық болып табылады. Қауіпті жағдайда  интенсивті терапияны декомпрессиямен біріктіріп жасайды.

Ауырсынуды басу үшін: Скополамин к/в не бұлшықетке 20 мг 4р/тәул немесе  натрий метамизолы ( Анальгин , Баралгин М ) к/в не бұлшықетке 2,5 г 4р/тәул  не пентазоцин  к/в не бұлшықетке 30 мг 4 р/тәул.

Антибактериалды терапия. Цефотаксим ( Клафоран , Цефотаксим пор.д/ин. ) бұлшықетке 2 г 2р/тәул немесе цефтриаксон ( Роцефин , Цефтриаксон пор.д/ин. ) бұлшықетке 2г 2р/тәул + пиперациллин  бұлшықетке 100-300 мг/кг/тәул

Дезинтоксикациялық терапия. Реополиглюкин глюкозамен400 мл/тәул немесе  Гемодез 200 мл/тәул немесе 10-20% альбумин ерітіндісі 100 мл/тәул.

Хирургиялық ем

  • Өт жолдарының тез арада декомпрессиясын жасау керек. Ол өттің қалыпты ағуы үшін жүргізілетін өт жолдарының ішкі және сыртқы дренирлеу. Сонымен қатар холангиттің дамуын шақыратын себептердің бірі, өт конкременттерін алу.
  • Өт жолдарының  декомпрессиясы.

Холедохотомияға көрсеткіштер:

  1. механикалық сарғаю
  2. іріңді  холангит;
  3. бауырдан тыс өт жолдарының кеңеюі;
  4. пальпация және интраоперациялық холангиограммада анықталған өт жолдарының тасында,
  5. он екі елі ішектің үлкен емізікшесіндегі .

Супрадуоденальды холедохотомия

Бұл бауырдан тыс өт жолдарына ең жиі  жасалатын операция түрі. Өт жолдарын ашу үшін бауыр он екі елі ішек байламын тауып алады. Өт қабындағы тас өт жолына өтіп кетпес үшін оны тауып байлайды. Өт қабын тапқаннан кейін, онда өт барын тексеру үшін оны жіңішке инемен пункция жасайды. Енді екі  ұстағыштың арасындағы өт жолының қабырғасын тігінен кеседі. Өт жолындағы тастарды қысқыштармен алып, жалпы өт өзегіне он екі ішектің үлкен емізікшесіне өтетіндей етіп, диаметрі 6 мм болатын катетер енгізеді. Егер жалпы өт өзегінен тасты алғаннан кейін одан іріңді өт шықса, өзек кеңейіп, ондағы өт он екі елі ішекке еркін өте алмаса, холедохотомияны жалпы өт өзегін Кер бойынша Т-тәрізді дренаждаумен аяқтау керек. Осыдан кейін өзек жарасының қабырғасын түтікшенің айналасымен тігеді. Интраоперациялық холаниография жасайды. Дренаждау түтікшесіне ішастар қабырғасы арқылы сыртқа шығарады. 7-9 күннен кейін өт жолдарының өткізгіштігі қалыпты болатын болса, түтікшені алып тастайды.

холедохотомия жасау
Супрадуоденальды холедохотомия

өт жолдарын дренирлеу

Жедел холецисит кезіндегі әрбір холедохотомиядан кейін диагносттикалық және емдік мақсатпен өт өзегін сырттай дренирлеу керек. Өт өзегін сырттай дренилеу мынандай әдістер арқылы жүзеге асады: Холстед бойынша  – өт өзегінің культясы арқылы енгізілген полиэтиленді  катетермен;  Кер бойынша  — Т-тәрізді  дренаж және  А.В.Вишневский бойынша  -сифонды дренажбен. Дренажды өт өзегінің патологиясы мен хирургиялық араласуға байланысты таңдайды.

Холстед бойынша өт жолдарын дренирлеу мынандай жағдайда қолданылады:өт жолдарының диагностикалық  холедохотомиясы мен  инструменталды ревизиясынан  кейін; өт өзегінен тас алғаннан кейін немесе  трансдуоденальды емізікшені кескеннен соң; ішекке өт ағуының бұзылуымен қатар жүретін жедел панкреатитте.

Холстед бойынша сыртқы дренирлеу өт жолдарының гипертензиясын басады, бірақ холедохтық жарасы арқылы өт іш қуысына ағуы және өттің ұйқы безі өзегіне рефлюкс болып операциядан кейінгі  панкреатит дамуы мүмкін.

Жалпы өт өзегін өт культясы арқылы дренирлеу ішкі диаметрі 3-4 мм болатын соңының бүйірінде тесіктері бар полиэтиленді катетер қолданады.  Катетерді өт өзегінің культясын байлау арқылы сіңірілетін жіппен тігеді. Жалпы өт өзегнің жарасын үздіксіз сіңірілетін жіппен атравмалық инемен бітеп тігеді. Дренажды өт жолдарының қысымы мен ағуы қалпына келген соң  5-7 тәулікте алып тастайды.

өт жолын дренирлеу

Өт жолдарының іріңді қабынуында және ондағы өт жағындылары түзілген болса, холедохотомияны Кер немесе  А.В. Вишневский бойынша дренирлеумен аяқтайды. Осы дренаждарды іріңді холангит кезінде инфицирленген өттің сыртқа қарай шығарылып, өт өзектерін антисептик ерітінділерімен жуу арқылы санация жасау үшін қолданады.

А.В. Вишневский бойынша дренирлеу кезінде өт дренаждың жанымен ағып кетуі және катетердің түсіп қалуынан өттік перитонит және бауыр астылық абсцесс дамуы мүмкін. Ең сенімді және эффективті болып кер дренажы саналады. Себебі, оны орнату оңай және холедохотомиялық жараны вертикальды браншиға бекітуге оңай. Дренажды ішастардың жарасы арқылы сыртқа немесе контрапертура рақылы теріге тігіс салу арқылы қосымша бекітеді. Сыртқы дренилеу әдісін таңдаған кезде Кер дренажы қолайлы болып табылады,себебі ол өт жолдарында ұзақ уақыт тұруға болады және  абдоминальды асқынуды сирек береді. Іріңді холангит кезінде  өт жолындағы қабыну процесі 10-12 тәулікте басыла бастайды. Оны дренаж арқылы таза, мөлдір өттің шығуынан, өтті сепкенже микрофлораның өсуінің анықталмауынан және операциядан кейінгі фистулохолангиографияда жалпы өт өзегінің терминалды бөлігінің қалыпты өткізгіштігінен білеміз.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Жедел холецистит
  2. Өт шығару жолдарының дискинезиясы
  3. Өт жолдарының атрезиясы
  4. Бауыр зақымдалуының синдромдары
  5. Бауыр циррозы
  6. Бауыр аурулары кезіндегі геморрагиялық синдром
  7. Бауыр эхинококкозы

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!