Механикалық сарғаю

Сарғаю -терінің, шырышты қабаттың, склераның сарғаюымен бірге жүретін синдром. Оның негізгі себебі ағзадағы қан және басқа да сұйықтықтар құрамында билирубин деңгейінің жоғарылауы.

Механикалық сарғаю -әртүрлі деңгейдегі өт жүру жолдарымен өттің ағуының қиындауынан түзілген патологиялық процесс.

Гепатопанкреодуоденалды аймақтағы аурулардың асқынуынан болатын кешенді симптомдармен білінетін (тері мен шырышты қабаттардың сарғаюы, зәр түсінің қоюлануы, нәжістің түссізденуі, тері қышуы, іште ауырсынулар білінуі мүмкін және температураның жоғарылауы) өт пассажының бауыр өзектерімен 12 елі ішекке өтуінің бұзылысынан дамитын, өмірге қауіпті жағдайды – механикалық сарғаю деп атайды.

Сарғаю пайда болу себептері.

Жалпы тәулік бойы бауыр 250 мг дейін өт пигменті -билирубин бөліп тұрады. Ол ретикуло- эндотелиальді жүйе жасушаларынан, босаған гемоглобиннен түзіледі.

Қан сарысуында билирубин деңгейінің 40 мкмоль/л жоғары болуы, ағзада шырышты қабаттың, терінің, склераның сарғаюын шақырады. Билирубин ағзадағы барлық сұйықтықтарға еніп, сарғаюға алып келеді. Анемиясы бар және терісі ақшыл түсті науқастарда сарғаюды басқаларға қарағанда ерте анықтайды. 

механикалық сарғаюсағаюға ұшыраған науқас көрінісі (склреа және терісі сарғайған)

1. Эритроциттер ыдырауының жылдамдауы (гемолитикалық сарғаю), өз кезегінде қан құрамында тікелей емес (жанама) билирубин деңгейін жоғарылауына септігін тигізеді. Негізгі себеп бауыр ферменттері бұрынғыдай артық түзілген пигмент мөлшерін реттеп, оны алмасуын басқара алмайды. Мұндай жағдайды себебі болып интоксикация, улану, ірі гематомалар және т.б.

2. Бауыр жасушаларының зақымдалуы (паренхималық сарғаю). Мұның әсерінен билирубиннің биохимиялық айналымы бұзылады. Қалыптыдағыдай бауыр жасушалары билирубинді ұстап, коньюгацияға ұшырата алмайды, сонымен қатар оның қаннан өт жолдарына түсуіне шамасы жетпейді. Осы секілді бұзылыстар жедел және созылмалы гепатит, бауыр циррозы, гепатоз кезінде байқалады. Осындай науқастардағы билирубин конъгациясының бұзылуын тұқым қауалау арқылы ферменттердің жетіспеушілігімен байланыстырады. Ал жүре пайда болған ферментопатия түрінде себеп болып гепатотоксикалық препараттар (парацетамол, ер адам папоротник тұнбасы және т.б) 

3. Өт жолдары өтімсіздігі (механикалық сарғаю) әсерінен болған сарғаю. Бұл жағдайда өт жолдары бітеулі болғандықтан билирубиннің көп бөлігі өт капиллярынан қан тамырларына, лимфа тамырларына түседі. Яғни механикалық сарғаю пайда болады. Механикалық сарғаюды келесі патологиялар шақырады:

Қатерсіз:

  • холедохолитиаз;
  • үлкен дуоденальді емізікше стенозы;
  • холангит;
  • жедел папиллит, полиптер;
  • өт жолдарының тыртықтары;
  • әртүрлі себептер (туа пайда болған аномалия, паразитарлы аурулар және т.б)

Қатерлі:

  • үлкен дуоденальді емізікше, ұйқы безі, өт қабы және өт жолдарының рагі;
  • бауырдың біріншілік және метастаздаушы рагі;

Механикалық сарғаю диагностикасы: механикалық сарғаюды дұрыс анықтамау көбінесе осындай науқастарды инфекциялық бөлімге жатқызылуына, немесе паренхиматозды сарғаюы бар науқастар хирургиялық мекемеге қате диагнозбен жіберілуі мүмкін. Бұл емдеу тактикасының дұрыс жүргізілмеуіне және жасалған емнің нәтижесінің төмендеуіне алып келеді. Сондықтан сарғаюды дұрыс анықтау үшін келесі белгілерге назар аудару керек:

Холедохолитиазбен болған механикалық сарғаю. Айқын ауырсыну ұстамасынан кейін бірнеше сағаттан соң пайда болады және жылдам прогрессирленіп, дамуымен сипатталады. Сарғаюмен қатар, терінің қышуы (зуд) бірге жүреді. Қышу алдыңғы құрсақ қуысында, аяқ -қолдың бүккіш жақтарында басым болады.

Ұйқы безі басының ісігімен жүретін механикалық сарғаю. Бұл жағдайда ауырсыну болмайды. Ауру баяу дамиды. Курвуазъе синдромы байқалады, ол дегеніміз сарғаю фонындағы үлкейген ауырсынбайтын өт қабының пальпация кезінде анықталуы.

Сонымен қатар сарғаюларға келесідей белгілер тән:

  • ауыздан бауырлық иістің шығуы (печоночный запах);
  • терісінде қышыған іздердің болуы;
  • бауырдың үлкейгені байқалады;
  • өт қабының үлкеюі;
  • құрсақта асцит (сұйықтық жиналу);
  • көкбауырдың үлкеюі;
  • дене түктенуінің азаюы;
  • қантамырлық жұлдызшалардың пайда болуы;
  • ісінулер (аяқта көбінесе кездеседі);
  • жаралардың пигментациясы;

Жалпы сарғаюға диагнозы қою үшін келесі инструментальді зертеу әдістерін қолдану керек:

  • УДЗ;
  • ЭРХПГ;
  • тері арқылы, бауыр арқылы холангиография;
  • өт қабы арқылы фистулография (холецистомиядан кейін);
  • Компьютерлік томография;
  • Магнитті резонансты томография;
  • лапароскопия;

Механикалық сарғаю емі:

Жалпы бұл сарғаю кезінде негізгі ем холестазды жою және бауыр -бүйректік жеткіліксіздікті алдын алуға бағытталады. Сарғюға операция кезінде өлім мөлшері жоғары болғандықтан, емдеуді саты бойынша жүргузі ұсынылған.

Бірінші сатыда кешенді консервативті терапия және азинвазивті емдеу әдістері қолданылады. Егер бұл ем еш көмек бермесе онда екінші сатыда хирургиялық операция жасалады. Науқастың ауруханаға түскеннен бастап, диагностикалық шаралар консервативті терапия фонында жасалады. Мұның басты мақсаты бауыр және бүйрек жеткіліксідігін алдын алу. Механикалық сарғаюы бар науқастарға емдеу әдісін таңдағанда басты критерий болып, бауыр жетіспеушілік дәрежесі. Клинико- лабараторлы ақпараттарға сүйене отырып оның 3 сатысын ажыратады.

Егер науқаста 3 дәрежелі (ең ауыр) бауыр жетіспеушілігі болса онда емді жансақтау бөлімінде (реанимациялық бөлімде) жүргізеді. Науқасқа диетамен қоса (стол 5а), массивті түрде инфузионды терапия жүргізеді. Оған: глюкозаны инсулинмен құю, тұзды ерітінділер, гемодез, реополиглюкин, белок препараттары, қан алмастырушыларды құю жатады. Сонымен қатар диурез жүргізіледі. Консервативті терапияға бауыр қызметін жақсартатын витаминотерапия да кіреді -кокарбоксилаза, сирепар, эссенциале және т.б

Аминқышқылдар тағайындайды (глютамин қышқылы, метионин), метаболизм стимуляторы (метилурацил, пентоксил), анаболикалық гормондар тағайындайды.  Стероидты гормондар тағайындаған дұрыс: преднизолон 60-120 мг/тәул.

Механикалық сарғаю кезіндегі хирургиялық ем: өт жолдары декомпрессиясына бағытталған. Оларға:

  • эндоскопиялық папилоосфинктеротомия;
  • теріарқылы, бауыр арқылы холангиостомия;
  • УДЗ немесе лапароскопия арқылы бақылаумен жүретін пункционды холецистостомия;
  • өт жолдарын эндопротездеу;
  • өт жолдарына тікелей әдістермен декомпрессия жасау;
холецистостомия қазақша
Тері арқылы пункционды холицистостомия. Өт қабының ішіне дренаж қою.
холангиостомия қою
Тері арқылы пункционды холангиостомия. Бауыр ішілік өт жолдарына дренаж қою.

Орындалатын транспаппилярлы кірісулер:

  • Эндоскопиялық папиллосфинктеротомия;
  • Эндоскопиялық транспапиллярлыхоледохолитоэкстракция;
  • Эндоскопиялық назобилиарлы дренирлеу;

Эндоскопиялық папиллосфинктеротомия.

Кіші инвазивті әдіс, дуоденоскоп канал арқылы фатеров емізікшесін тілу. Папиллисфинктеротомия өткізу барысында 12 елі ішекке фиброгастродуоденоскоп енгізіп, дуоденалды емізікшедегі ісік пен стенозды бар жоқтығын қарап, болғаннан кейін РХПГ өткізеді.

Эндоскопиялық папиллосфинктеротомия жүргізу кезіндегі көрініс

Содан кейін емізікшеге папиллотомды (сым электродты) өткізіп тіндерді электрохирургиялық тіледі. Бірақ мынадай асқынулары болу мүмкін: жедел панкреатит, холангит, перфорация мен қан кету.

Эндоскопиялық назобилиарлы дренирлеу

Ретроградты холангиопанкреатография өткізу барысында өт жолдарында катетерді эндоскопиялық орналастырып сыртқы билиарлы дренирлеуді жасау.

бауырға дренаж қою
Эндоскопиялық назобилиарлы дренирлеу

Фиброгастродуоденоскоп енгізілгеннен кейін, жалпы өт өзегінің канюлизациясы жасалып бауыр ішілік өзекке өткізгішті енгізгеннен кейін көптеген бүйірлік перфорациялары бар арнайы катетер орнатады. Дренаждың бос ұшын мұрын арқылы шығарылады.

Механикалық сарғаю ісіктің салдарынан болса, радикалды хирургиялық операциялар өткізіледі:

  • панкреатодуоденалды резекция;
  • бауырдан тыс өт жолдарының резекциясы;
  • үлкен дуоденалды емізікшенің резекциясы (Бруншвиг операциясы);
  • бауыр резекциясы;

Панкреатодуоденалды резекция. Ұйқы безінің, өт жолының преампулярлы бөліміндегі немесе 12 елі ішектің үлкен емізікшесіндегі ісікті емдеудегі радикалды  әдісінің бірі. Операция ұйқы безі  басының резекциясы мен асқазан-ішек пен өт жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіруге негізделеді.

В.Н. Шамов бұл операциялардың мынандай түрлерін ажыратады:

  • І варианты. Асқазан мен өт қабының арасына анастомоз жасап, ұйқы безінің культясын аш ішекке тігу.
  • ІІ варианты. Жалпы өт өзегі мен аш ішектің арасына анастомоз салып, ұйқы без культясын аш ішекке тігеді.
  • ІІІ варианты. Ұйқы безінің культясын толық тігіп немесе экстирпациялайды да, холецистоеюностомия жасайды.
  • ІV варианты. Жалпы өтөзегі мен аш ішектің арасында анастомоз салып, ұйқы без культясын толық тігіп немесе мүлдем алып тастайды.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Өт шығару жолдарының дискинезиясы
  2. Өт жолдарының атрезиясы
  3. Жедел холецистит
  4. Бауыр циррозы
  5. Бауыр аурулары кезіндегі геморрагиялық синдром
  6. Бауыр зақымдалуының синдромдары
  7. Бауыр эхинококкозы
  8. Бауырдың алкогольды емес майлы ауруы
  9. Балалардағы көкбауыр кисталары
  10. Бауыр және өт жолдарын тексеру. Пальпациясы және перкуссиясы
  11. Бауыр абсцесі

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!