Author archives

ДДҰ «балалық шақ ауруларын интеграциялап жүргізу» бағдарламасы

1970 жылдардан бастап 5 жасқа дейінгі балалар өлімі көрсеткіші шамамен 1/3 бөлігіне азайды. Бірақ өлім көрсеткішінің төмендеуі барлық елде бірдей емес. Кейбір елде балалар өлімі көрсеткіші өсіп келе жатса, 50- ден астам елде 1998 жылы 1000 тірі туған нәрестеге шаққанда 100 өлім тіркелді. Дамып келе жатқан мемлекеттерде, бір жылда 5 жасқа толмай 10 миллион бала …

Туа біткен гипотиреоз

Туа біткен гипотиреоз – балалардағы қалқанша без ауруларының арасында өте жиі кездесетін ауру. Осы аурудың жиілігі 1 науқастың 3,5-4 мың жаңа туылған нәрестелермен 1-нің 6-7 мың нәрестеге шаққандағы аралығында кездеседі. Ауру ер балалармен салыстырғанда қыздарда екі есе жиі кездеседі. Этиологиясы: Туа біткен гипотиреоз 75-90% жағдайда қалқанша бездің даму ақауының – гипо- немесе аплазиясының нәтижесі болып …

Тиреотоксикоздық криз

Жағымсыз факторлар – психо-эмоционалды стресстің, интеркурентті инфекциялардың, оташылық шаралардың ықпалынан жайылмалы жемсау тиреотоксикоздық күйзеліспен (кризбен) асқынуы мүмкін. Оның негізі болып, тиреоидты гормондар деңгейінің күрт жоғарлауы, симпатоадреналды жүйенің белсенуі, жедел бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі саналады. Клиникалық көрінісінде жүрек қан-тамыры жүйесінің бұзылыстарының симптомдары (тахикардия, пульстік қысымның жоғарлауы) организмнің сусыздануы, гипертермия, азотемия, кетонемия, бүйрекүсті безінің шамасыздық белгілері басым болады. …

Жайылмалы уытты жемсау

Жайылмалы уытты жемсау (ЖУЖ) (Парри, Грейвс, Базед ауруы) – әдетте қалқанша бездің жайылмалы ұлғаюымен, тұрақты тиреоидты гормондардың патологиялық гиперсекрециясымен сипатталатын аутоиммунды ауру. Диффузиялы уытты жемсаумен пубертатты жаста 6-8 рет жиі қыз балалар аурады. Этиологиясы. Ауру генетикалық тұрғыдан бейім адамдарда дамиды, оған дәлел НLА жүйесін тексерудің қортындылары бола алады. Жиі ЖУЖ НLА–В8, А28, ДR3 тасымалдаушы, әсіресе …

Семіздікті емдеу

Семіздікті емдеуді 2 негізгі сатыға бөлуге болады: дене массасын азайтуды қамтамасыз ету және қол жеткізілген тиімді нәтижені ұстап тұру қажет. Семіздіктің емі кешенді түрде жүргізілуі керек. Емдеудің толық бағдарламасына, калоражды шектеу, тамақтану мәдиниетіне тәрбиелеу (жеке және өтбасы), мінез-құлықты, физикалық жаттығулар, дәрәлермен емдеу (көрсетілім бойынша) кіреді. Семіздіктің негізгі емі емдәм тәртібі. Тағамдық емді ұйымдастырғанда көптеген жалпы …

Семіздік

Семіздік – бұл тері асты шелмайы және организмнің басқа да жерлерінде майдың шектен тыс жиналуы, нәтижесінде дене салмағының қалыптадан 10% және одан да көп жоғарлауы. Семіздік жеке ауру болуы немесе басқа аурулардың белгісі ретінде айқындалуы мүмкін. Себептері болып эндокринді бездер қызметінің бұзылуы және ОНЖ зақымдалуы табылады. Балалар мен жасөспірімдердің семіздігі қазіргі денсаулық сақтаудың өзекті мәселесінің …

Лимфогранулематоз

Лимфогранулематоз (ЛГМ) (Ходжкин лимфомасы) – ең жиі кездесетін қатерлі лимфома. Балалар ересектерге қарағанда сиректеу ауырады. Ер балалар қыз балаларға қарағанда жиірек ауырады, 10 жасқа дейін бұл айырмашылық айтралықтай болады. Этиологиясы мен патогенезі. ЛГМ себебі белгісіз. ЛГМ-да тұрақты хромомсомдық бұзылыстар (Рид-Березовский-Штернберг жасушаларының гиперплоидтығынан басқа) анықталмаған. ЛГМ-дың ісіктік науқас екенінің жақтастары көп. Олар өз көзқарастарын дертің емсіз …

Қазіргі кезде перинатальдық көмекті ұйымдастыру

Қазіргі кезде перинатальдық көмекті ұйымдастыру (оның ішіне неонатальдық көмекте жатады) үш деңгейлі күрделілікпен жүргізіледі. Бірінші деңгей – ана мен балаға көмектің қарапайым түрлерін көрсету: жаңа туылған нәрестеге алғашқы көмек, қауіпті жағдайын анықтау, ауруларын ерте анықтап, басқа ЕПМ-леріне жіберу. Екінші деңгей – қалыпты және асқынған босануларда барлық қажетті медициналық көмектермен қамтамасыз ету. Бұл деңгейдегі медициналық мекемелерде …

Жедел постинфекциялық гломерулонефрит

Жедел постинфекциялық ГН жедел нефритикалық синдроммен, белсенді несеп тұнбасы (макро-, микрогематурия) мен протеинурия, ісінулер, артериялық гипертензия және бүйрек қызметінің бұзылысы (олигурия, гиперазотемия) түріндегі симптомдармен көрінеді. Бүйрек зақымдалуы әр түрлі инфекциялармен (стрептококк, стафилококк, грамтеріс бактериялар, вирустар, паразиттер) байланысты болғанымен, ауру прототипі жедел постстрептококкты ГН болып табылады (ЖПСГН). Этиологиясы және эпидемиологиясы. Ауру қазіргі уақытта анда-санда кездеседі, бұрындары …

Жаңа туылған баланы тексеру

Жаңа туылған баланы педиатр-дәрігер, бірінші 2 сағаттың ішінде, босану бөлімінде толық клиникалық тексеруден өткізеді. Тексеру үшін нәрестені шам сәулесімен, жарық түсірген құндақтау столына жатқызады. Алдымен дәрігер анасының өмір тарихымен танысады, анасының ауруларына ерекше назарын аударады (оның жайы, жүктілік және босану ерекшеліктері және т.б.). Сосын мәліметтердің сәйкестігін анықтайды. Баланың білезігіндегі мәліметтерді даму тарихындағы мәліметтермен салыстырады. Осыдан …

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!