Author archives

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі (СБЖ) – нефрондардың сандық және қызметтік өзгерістері бүйректің гемеостатикалық қызметінің бұзылысына, жиі ШСЖ-ның 50%-ға төмендеуіне алып келетін клиникалық белгілер жиынтығы болып табылады. Бүйрегі ауыратын балаларда СБЖ – шумақтық сүзілістің 1,73 м² дене көлеміне 20 мл/минутына төмендеуі, креатининнің қан сарысуында 2 мг% (0,177 ммоль/л) және мочевина 50 мг % (8,3 ммоль/л)-ге 3-6 ай …

Түйінді полиартериит кезіндегі бүйректің зақымдалуы

ТП кезінде бүйрек зақымдалуы — ТП-ң ең жиі және оның болжамы үшін ең маңызды симптом. Жиі тері, АІЖ, жүйке жүйесі зақымдалады, және де ТП кезіндегі бүйректің зақымдалуы микроскопиялық полиангииттен ерекшеленетін жеке ауру болып есептеледі. Науқастардың орташа жасы 40–60 жас, бірақ балалар да, егде адамдар да ауыруы мүмкін. Этиологиясы белгісіз. Бірқатар жағдайларда дәрі-дәрмектерді қабылдау себепкер болған. …

Фокалды-сегментарлы гломерулосклероз (ФСГС)

Соңғы бірнеше онжылдықтарда бүкіл әлемде  ФСГС жиілігінің өсуі байқалады.  Морфологиялық көрінісі.  Кейбір шумақшалардың бөлек капилляр ілмектерінде склероздың (гиалиноздың) болуы тән. Сегментарлы склероз бір шумақшада ғана табылса да, ФСГС диагнозын қою, негізді. Алғашында өзгерістер юкстамедуллалы шумақшаларда болып, кейіннен бұл үдеріс бүкіл қыртысты қабатқа жайылады. Зақымдалған шумақшаның бөлігі жиі Боумен қапшығымен бітіседі (синехия). ГБМ-да склерозсыз шумақшаларда, подоциттер …

Фабри ауруы (диффузды ангиокератома)

Фабри ауруы — α-галактозидаза ферментінің жетіспеушілігінен туатын, сирек кездесетін тұқым қуалайтын лизосомдық ауру. Гликосфинголипидтердің алмасуы бұзылып, әр түрлі ағзалардың, соның ішінде, бүйректің қан тамырларында жинақталып қала береді. Тұқым қуалайтын ақау Х-хромосомамен байланысқан. Еркектерде клиникасы ауыр болып өтеді. Әйелдерде аурудың сипмтомы болмайды немесе жеңіл түрде кешірек жаста байқалуы мүмкін. Морфологиясы. Сәулелі микроскопта шумақшаның висцералды эпителиалды жасушаларында …

ANCA — ассоциирленген васкулиттерде бүйректің зақымдалуы

ANCA — ассоцирленген біріншілік жүйелі васкулиттерде (БЖВ) шумақшада некроз, жарты айшықтары бар аз иммунды сегментарлы — пролиферативті ГН анықталады. Оларға БЖВ-тің 2 типі жатады: ұсақ қан тамырларды зақымдайтын — Грануломатозды полиангиит (ГПА) (бұрын Вегенер гранулематозы деп аталған) және микроскопиялық полиангиит (МПА). ГПА және МПА ер адамдар мен әйелдерде бірдей жиілікте кездеседі, науқастардың орташа жасы 50–60 …

Жіті бүйрек жетіспеушілік синдромы

Нефротоксикалық әсерлер, улану, ауыр инфекциялар, жарақаттар, күйіктер, дәрілердің теріс әсері салдарынан қалыптасады.Бұл синдром бүйрек функциясы кенеттен нашарлағаннан не тоқтағаннан дамитын өзіндік ерекшеліктері бар клиникалық-анатомиялық синдром. Оған әртүрлі клиникалық симптомдар тән: олигоанурия, су-электролиттік, қышқ/негіздік тепе-теңдігі бұзылыстары тән. Ағзаға калий, натрий, фосфор тұздарының және азот қалд ұсталу болады. Жіті б ж тез дамиды. Жалпы жағ нашарлауы, құсу, …

Жүктілердегі АГ емі

Жүктілерде антигипертензивті терапия медикаменттердің ұрыққа және ана денсаулығына жағымсыз әсерлерінің мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі. АҚҚ-ын тез және қатты түсіруден сақ болу керек. Антигипертензивті емді диастолалық қан қысымы 100 мм с.б.-нан асқанда бастауды ұсынады. Алайда, ағзаларда паренхиматозды зақымдалуы (миокард гипертрофиясы, ретинопатия) бар әйелдерде медикаментозды емді ДАҚҚ 90 мм с.б. болғанда тағайындай береді. Антигипертензивті ем жүктіліктің алғашқы …

Бүйректің физиологиясы

Бүйрек барлық жасушалардың және олардың қызмет атқаруына қажетті ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ол су-тұз алмасу тұрақтылығын, қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті реттейді және де азотты зат алмасу өнімдерін, бөгде заттарды шығарады. Шумақшалық сүзілу — несеп түзілуінің алғашқы сатысы. Боумен қапшығы қуысына алғашқы несеп немесе, басқаша айтқанда, плазманың «нәруызсыз ультрафильтраты» түседі. Ультрафильтратқа аз көлемде төмен молекулалық салмақты (50 000 …

Жүктілік кезіндегі бүйректің және зәр шығару жолдарының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері

Қалыпты өтіп жатқан жүктілік кезінде бүйректер ұлғаяды: олардың ұзындығы 1–1,5 см-ге өседі, гормоналдық өзгерістер нәтижесінде (гиперпрогестеронемия), сонымен қатар жатыр ұлғаюынан тостағаншалар мен астаушалардың, несепағардың кеңеюі байқалады. Осы өзгерістер зәр шығару жүйесі инфекциясының дамуына ықпал етеді. Жүктілік кезінде бүйректің барлық қызметтерінің біршама өзгерістері жүреді. Жүктілерде айқын жүйелі вазодилятация дамиды, бұл бүйрек қан айналымының және ШСЖ-ң жоғарылауына …

Бүйректің және зәр шығару жолдарының анатомиясы

Ересектерде әр бүйректің көлемі 11×6×3 см шамасында, массасы 120– 170 г. Балаларда бүйрек көлемі жасына және дене салмағына байланысты өз-геріп тұрады. Бүйректің көлденең кесіндісінде сыртқы қыртысты және ішкі милы қабатын ажыратады. Бүйректің қан айналым жүйесі. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі бүйрек артериясы арқылы жүзеге асырылады. Ол арқылы бүйрекке минутына 1 л дейін, тәулігіне 1500 л дейін …

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!