Author archives

ДДҰ-ның қазіргі кездегі неонатологиядағы бағдарламалары

    Балалық кезеңдегі ауруларды саралап жүргізу: Дамып келе жатқан көптеген мемлекеттердің денсаулық сақтау жүйесінің диагностикалық мүмкіндігі жеткіліксіз. Қажетті материалдарға және құрал жабдықтарға қажеттілік қанағаттандырылмағанда, науқастар тұрақты келіп тұрмағанда, олардың күрделі науқастарды тексеру мүмкіндігі төмендейді. Бұндай жағдайда медицина қызметкерлері медициналық тактиканы анықтау үшін, тек қана анамнезге, аурудың клиникалық белгілеріне жүгінуге мәжбүр болады. Бұндай жағдайда балаларға қажетті …

Вазопатиялар

Вазопатияларды геморрагиялық диатездер тобына жатқызу шартты пікір, негізінен бұрынғы дәстүрге байланысты болса керек. Көбіне олар екіншілік тромбоцитопатиялармен қосарланады. Оларды туа біткен (Рандю-Ослер ауруы; торлықабат ангиоматозы Гиппель-Линдау синдромы; дәнекер тіндерінің дисплазиясының жетілмеген түрлері; тромбоцитопения-мен, анемиямен қосарланған гемангиома – Казабах-Мерритт синдромы; атаксиясымен тері телангиэктазиясы – Луи-Барр синдромы) және пайда болған (геморрагиялық және аллергия-лық диатездердің басқа түрлері, коллегеноздарда, …

Бір жастан асқан балаларды тамақтандыру

Бала бір жастан асқанда қарқынды дамуы жүре береді, жекелеген жүйелер мен мүшелер, орталық нерв жүйесі басшылық ететін организмнің барлық өмірді қамтамасыз ететін іс-әрекеттері өсіп жетіледі. Организмнің бейімделу (адаптациялық) және компенсаторлық механизмдері 2-3 жастан кейін одан әрі дами бастайды. Баланың өсуіне, дамуына сыртқы орта әсер етеді. Организмнің сыртқы ортамен тығыз байланыстылғының педиатрияда маңызы үлкен. Бұл тұрғыда …

Балаларды тамақтандырғанда қандай ережелерді сақтау керек?

Әртүрлі тағамдарды аз-аздан бастап, біртіндеп көбейту керек. Егер баланы шайнап жеуге үйреткіңіз келсе, алғашқыда кішкене түйіршіктерден бастап, содан кейін үлкендеуін беру қажет. Баланы басқа адам тамақтандыратын болса, жаңадан бастап беретін тағамның түрін анасының бастап бергені жөн. Күніне бір-ақ жаңа тағам қосуға болады. Баланы күнде бір түрлі ыдыспен тамақтандырған дұрыс. Жаңа тағамдар баланың дені сау кезінде …

Балалар семіздігіне әкелетін факторлар

Организмде энергияның жұмсалуымен тағам калоражы арасындағы сәйкессіздік семіздіктің дамуына алып келеді. Семіздіктің дамуының этиологиялық факторлары болуы мүмкін: Эндокринді факторлар. Организмде липогенез және липолиз процесстері үнемі жүріп отырады. Қалыпты жағдайда олар толық тепе-тең күйде болады. Организмде май алмасуын реттейтін тікелей немесе жанама қатыспайтын бірде-бір гормон жоқ: біреулері липолизді күшейтеді және тежейді, басқасы – липогенезді күшейтеді және …

Мембраналық нефропатияның клиникасы мен емі

60–70% жағдайда дебютте НС, қалғандарында — 1–2 жыл ішінде НС дамуына дейін үдейтін протеинурия болады. Науқастардың 30–40%-да сонымен қатар, микрогематурия байқалады. Макрогематурия мен эритроциттік цилиндрлер, БЖЖ өте сирек кездеседі және ол басқа аурулармен ажырату диагнозын жүргізуді қажет етеді. МН-ның бастапқы кезеңінде науқастардың басым көпшілігінде АҚҚ қалыпты болады. Ауру барысындағы гипертензия тек 10–20% жағдайда байқалады. Стандартты …

IgA-нефропатия мен Шенлейн–Генох нефриті

IgA-нефропатия (IgA-НП) мен Шенлейн–Генох нефриті (ШГН) — құрамында IgA бар иммундық кешендердің шөгінді түзуіне байланысты мезангийдің шамадан тыс пролиферациясының нәтижесінде бүйректің зақымдалуы жағынан ұқсайтын аурулар. IgA-НП — бұл бүкіл әлемде өте кең таралған гломерулалық аурудың түрі. Оны бірінші рет 1968 ж. гематуриясы бар науқастарды зерттеу барысында доктор Берже сипаттап жазған. IgA-НП жер шарының барлық аймағында …

Рефлюкс –эзофагит

Ваготомияның асқынуы болып табылады, ол асқазанның кардиалды бөлігінің қызметінің бұзылуымен сипатталады. Науқастардың 5–37%-да кездеседі. Науқастардың 5,7%-да оның даму себебі: көкеттің өңештік тесігінің жарығы мен кардийдің жабылуының жетімсіздігі. Симптомы. Науқастар ауырсынуға, қыжылға, аузына қышқыл дәм келуіне, тамақтың ұйқы кезінде регургитациясына шағымданады. Ауырсыну тағам қабылдағаннан кейін күшейеді. Аурудың өршуіне байланысты дисфагия қосылады, ол өңештің спазмы менстриктурасына байланысты. …

Туа біткен және инфантилды нефротикалық синдром

Отбасылық (генетикалық) нефротикалық синдром рецессивті сипаттағы генді мутациялардың болуымен байланысты. Әдеттегідей, бұл мутациялар подоциттердің кіші өсінділері арасындағы саңылаулы диафрагманы құрайтын нәруыздардың биосинтезі мен экспрессиясының бұзылысына әкеліп, аяқшалардың еруі мен бұзылысы дамиды. NPHSI (туа біткен нефротикалық синдромның финдік типі — нефрин синтезінің бұзылысы) және NPHS2 (отбасылық аутосомды-рецессивті стероидрезистентті нефротикалық синдром — подоцин синтезінің бұзылысы) гендерінің мутациясы …

Тез үдемелі гломерулонефрит

Тез үдемелі гломерулонефрит (ТҮГН) — ГН белгілері бар науқаста бірнеше күн/апта ішінде креатинин деңгейінің үдемелі артып, бүйрек қызметінің күрт төмендеуі кезінде қолданылатын клиникалық термин. ТҮГН жедел диагностика мен ем шараларын талап ететін шұғыл жағдай болып табылады. ТҮГН-ң морфологиялық нұсқасы — экстракапиллярлық ГН (ЭКГН). Патогенезі мен морфологиясы. ТҮГН-нің өзіне тән морфологиялық белгісі — шумақшалардың 50%-нан астамында …

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!