Author archives

Биологиялық сұйықтардың реологиялық қасиеттері

Реология (rheos – ағу, ағын, logos – ғылым, грек тілінен, яғни Rheologia – сұйықтықтың ағуы) – Медициналық-биологиялық тұрғыдан  реология қанның, жұлын сұйықтығының, иновиальдық сұйықтықтың ағуын, сүйектің, бұлшық еттің және басқа адам және жануар организмі мүшелерінің деформациясын зерттейтін ғылым саласы немесе оны– заттың деформациясы мен аққыштығы туралы ғылым деп айтуға да болады. Қан сұйықтығының ағуын алсатын …

Молекулалық фармакология

№1 Дәріс 1 Кіріспе. Молекулалық фармакологияның тарихы Молекулалық  фармакология – молекулалық  деңгейде  дәрілік  заттарды  зерттеумен  бөлшекті  айналысатын  ғылымның  жаңа  саласы.  Яғни  дәрілік  препараттардың  фармакодинамикасы  мен  фармакокинетикасының  молекулалық  механизмдерін  зерттейді. Бұл  ғылым  тірі  клетканың  қызмет  етуінің  молекулалық  механизмдерін  ашқан,  дамып  келе  жатқан  молекулалық  биологияның  негізінде  туындаған.  Ғылымның  қалануында  негізгі  рөлді  биохимияның  дамуы  алады.  Ол  физиологиялық  әсердің  …

Ағзада су-тұз алмасу тепе-теңдігінің реттелуі

Бұл бөлімдегі мәліметтер де нефрологтың жұмысында күнделікті, әсіресе, бүйрек қызметі бұзылуы, оның емі сияқты мәселелерді шешуде өте қажет болып табылады. Су — адам ағзасының негізгі бөлігі және ересектердің дене салмағының 60% құрайды. Жаңа туған нәрестеде судың денгейі одан да жоғары, 75% құрайды, бір жасқа таяған кезде дене салмағының 60% жақындайды. Ағзада су екі кеңістікте кездеседі: …

Мембраналық нефропатияның патогенезі

МПГН-ның I типі немесе енді жай МПГН айналымдағы иммундық кешендердің ГБМ-ның субэндотелиалды кеңістігі мен мезангийде шөгіп қалуы нәтижесінде дамиды, осының нәтижесінде комплемент классикалық жолмен белсенеді. Оған гипокомплементемия тән. Бұл үдерістер мезангиалдық жасушалардың пролиферациясына және мезангиалдық матрикстің кеңеюіне әкеледі. Мезангиалдық жасушалар цитоплазмалық өсінділер түзеді, бұл өсінділер эндотелиалдық жасушалардың астымен өтеді және ГБМ үшін IV типті коллагеннен …

Жүйелі васкулиттер кезіндегі бүйректің зақымдалуы

Біріншілік жүйелі васкулиттер (БЖВ) мүшелер мен тіндердің некрозына әкелетін қан тамырларының қабырғасындағы некроздық қабынудың дамуымен ерекшеленеді. Негізінен тері, буындар, көз, ЛОР-мүшелері, өкпе, бүйрек зақымдалады. Жүректің, ішек қан тамырларының васкулиті, АГ дамуы мүмкін. Кейбір васкулиттерге нейтрофилдердің цитоплазмасының антигендеріне қарсы антиденелердің (АНЦА) түзілуі тән. Жалпы симптоматикамен қатар, жеке ауруларға тән белгілер болады. БЖВ зақымдалған қан тамырларының көлеміне …

Криоглобулинемиялық васкулиттердегі бүйректің зақымдалуы

Криоглобулиндер (КГ) — бұл 37 °С-ден төмен температурада тұнбаға шөгіп, қыздырғанда еритін иммуноглобулиндер (ИГ). Олар қанда әр түрлі аурулар кезінде пайда болады. Иммуноглобулиндердің құрамына байланысты 3 типін ажыратады: 1-типтегі криоглобулиндер IgG немесе IgM моноклоналдық нәруыздардан тұрады, лимфопролиферативті аурулары бар науқастарда (миелома, лимфома, Вальденстром макроглобулинемиясы) кездеседі; 2 немесе 3-типтегі криоглобулиндерді аралас деп атайды, себебі олардың кұрамында …

Жүйелі қызыл жегі кезіндегі бүйректің зақымдалуын емдеу

ЛН емі — күрделі мәселе, алайда аурудың клиникалық және морфологиялық белгілерін үнемі бақылай отырып, емдеудің заманауи әдістерін қолдану көпшілік жағдайда ЛН ағымын бақылауға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде ЖҚЖ дамуының молекулярлық механизмдерін қарқынды зерттеулерінің негізінде жаңа дәрілік препараттар жасалып жатқандығын жадыда сақтаған жөн. ЛН емінің жалпы қағидалары: Иммундық супрессивті емді ауру белсенділігінің клиникалық және …

Жүйелі қызыл жегі кезіндегі бүйректің зақымдалуы

Люпус-нефрит — бұл жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) кезінде ересектердің 60%-да, балалардың 80%-да анықталатын ең жиі, әрі қауіпті мүшелік зақымдалу. Люпус-нефрит балалар мен жас науқастарда, әдетте аурудың басынан-ақ қосылады. ЖҚЖ-ң 5 жасқа дейінгі балаларда дамуы екіталай, оның жиілігі 10 жастан кейін артады. Науқастардың 70%-нан астамы 14 пен 40 жас аралығында ауырады, аурудың шыңы 14 пен 25 …

Бүйректің жедел жетіспеушілігі

Бүйректің жедел жетіспеушілігі (БЖЖ) — әр себептен дамитын синдром. Бүйрек қызметінің жедел нашарлауымен (шумақшалық сүзілу жылдамдағының жедел түсуімен), қанда бүйрек арқылы шығарылатын қосылыстардың жоғарылауымен сипатталады. ЖБЖ себептері үш негізгі топқа бөлінеді — пререналды, реналды және постреналды. Жаңа ғасырдың басынан бастап (2002 жылдан) бұл терминнің орнына «бүйректің жедел зақымдануы» қолданылады. Пререналды себептер көп кездеседі (50–65%). Бұлар …

Аутосомды-рецессивті Альпорт синдромы

Альпорт синдромы Еуропаның науқас отбастарының 15%-да аутосомдырецессивті жолмен тұқым қуалайды. Тұқым қуалаушылықтың бұл түрі көбінесе қандас-туыстас некелер көп кездесетін елдерде басым. Бұл кезде де Х-байланысқан АС-на сай келетін клиникалық симптомдар мен ультрақұрылымдық өзгерістерді көреміз.   Алайда кейбір белгілер рецессивті тұқым қуалауға да сай келеді: туыстас некелер, әйел адамдарда аурудың ауыр ағымда өтуі, ата-анасында ауыр аурудың …

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!