Кеудеішілік зоб

Көкірекаралықтың жоғарғы бөлімінде сирек кездеседі. Әйелдерде жиі кездеседі.     Симтомы. Клиникалық көріністері кеңірдек, өңеш, тамыр және нервтің қысылуы, трахеомаляция, тиреотоксикоз, струмиттермен көрінеді. Кеңірдектің ығысуы зобтың орналасуына қарай болады.         Кеудеішілік зобтың жоғарғы және алдыңғы көкірекаралықта орналасуындағы симптомдары: құрғақ жөтел, ентікпе, тыныс алудың қиындауы, кеңірдектің сығылуымен шақырылған. Артқы көкірекаралықта орналасса –дисфагия. Диагностика. Радиоизотопты …

Диффузды токсикалық зоб

     Германия, Австрия және Швейцарияда ДТЗ-ты Базедов ауры деп атайды, ал ағылшын әдебиеттерінде Грейвз және Пэрри ауруы туралы жазылса, итальяндықтар оны Флаяни ауруы дейді. Бұл ауру 20-50 жастар аралығында жиі кездеседі. Әйелдер мен ерлер арасындағы аурушылдық қатынасы – 1:4-1:7.    Этиологиясы. Біріншілік токсикалық зобта негізгі себеп – психикалық жүктеме.  В.Г.Баранов және оның әріптестері өздерінің жұмыстарында …

Семинома

Семинома көкірек аралықтың қатерлі ісігі, гер-минативті жасушадан түзеледі. Көрші ағзаларға жедел аумақтық, жергілікті инвазиялануға қабілетті. Жиі орналасатын жері – алдыңғы және жоғарғы көкірекаралық, тек жас ер адамдарда кездеседі.     Симптомы. Ісік жиі көкірекаралық ағзаларды қысады. Шамамен 10–-20% науқастарда жоғарғы қуыс венасының қысылуы дамиды (жоғарғы қуыс венасының қысылу синдромы), науқастардың жедел арықтауы, қызба болады. Метастаздануы лимфогенді …

Де–Кервеннің жеделдеу тиреоидиті

Бұл ауруды жеке ауру ретінде Де Кервен сипаттаған. Ол барлық қалқанша безі ауруларының 0,3-1%-ын құрайды. Жиі 40-50 жас аралығындағы әйелдерде кездеседі. Ауру сонымен қатар, гигантты жасушалы тиреоидит деп те аталады.      Этиологиясы және патогенезі. Де Кервен тиреоидитінің дамуын вирусты жұқпамен байланыстырады. Қабыну үрдісінің салдарынан фолликулярлы жасушаладың деструкциясы дамиды, олардың мембраналары және фолликулдары зақымдалады. Қанға осының …

Аутоиммунды Хошимото тиреоидиті

Өткен ғасырдың басында Х.Хошимото тиреоидитімен ауыратын науқастардың қанында қалқанша безіне қарсы антиденелер анықталған. Х.Хошимото 1912ж. қалқанша безінің алынып тасталынған препараттарын зерттей келе, ол төрт ерекше белгілерді тапты: қалқанша безінің лимфоциттермен диффузды инфильтра-циясы, лимфоидты фолликулдардың спецификалық түзілуі, эпителийлік жасушалар деструкциясы және дәнекер тіннің пролиферациясы.Осы кезде бездің қалыпты тіні фиброзбен алмасады. Қалқанша без жасушаларыныңзақымдалуына және қанға антигендердің …

Перикардиалды кисталар

Перикардиалды кисталар – құрылысы жағынан перикардқа ұқсас қуыстыжіңішке қабырғалы түзілістер. Олар түссіз немесе сарғыш сұйықтықпен толы, диаметрі 3–-20 см.                     Клиникалық көрінісі. Перикардтың көптеген кисталары симптомсыз өтеді. Ісіктің өсуіне қарайжүрек аймағанда ауру сезімі, жүрек қағуы, ентікпе жәнежөтел мазалай бастайды. Перикард дивертикулында жүрек ырғағы бұзылады. Диагностика. Рентгенография, …

Абберантты зоб

Атипиялы орналасқан зобтарға абберантты зобтардың үлкен топтарын, яғни, қалқанша бездің қалыптағыдай емес орналасуын жатқызуға болады. Орналасуына байланысты Маделунг қосымша зобтарды 5 топқа бөліп қарастырады: 1) жоғарғы (көмей ішінде, тамақта, тіл түбірінде); 2) артқы (көмейжәне өңеш артында); 3)негізгі без алдында; 4) бүйірлік (безден сыртқа қарай, төменгі жақ бұрышынан бұғанаға дейін); 5) төменгі (төс артындағы).     …

Сыртқы орта факторларының әрекеттеріне ағзаның тұқым куалайтын патологиялық реакцияларыньң қалыптасу тетіктері

Ағзаның орта факторлары әсерлеріне өте жоғары сезімтал болуының негізі болып кейбір арнайы (спецификалық) мутациялар саналады. Ортаның зиянды факторлары барлық адамдарды закымдамай, тек кейбір, осы мутацияларға генетикалык бейімді ағзаларды ғана закымдайды. Адам ағзасына енген химиялық косылыстар метаболизмін (биотрансформациясының) генетикалық тұрғыдан бақыланатыны белгілі. Адам ағзасына күнделікті енетін заттар – ас-су құрамындағы әртүрлі заттар, дәрі-дәрмектер, түтіндер (темекі түтіні), …

Нерв тінінің ісіктері

Жиі артқы көкірекаралықта қабырға – омыртқалық жылғада орналасады. Ең жиі кездесетіні: ганглио-невромалар, олар симпатикалық бағанадан түзіліп, ганглиозды жасушалардан құрылады. Ісік баяу өседі және қатерсіз ағыммен ерекшеленеді. Бұл түрдің басқа ісіктері (ганглиневробластомалар, симпатогониомалар, невробластомалар) қатерлі болып табылады және балалық шақта жиі дамиды. Ісікке тән клиникалық белгі бел тұсындағы үнемі ауру сезімі, себебі, әрбір үшінші жас науқастарда …

Қалқанша бездің анатомиясы және физиологиясы

   Қалқанша без бір-бірімен мойыншық арқылы байланысқан екі бөліктен тұрады, кеңірдектің алдында көмейдің сақина тәрізді және қалқанша шеміршектерінің деңгейінде орналасады, ал төменгі полюсі 5-6 кеңірдек шеміршегіне дейін жетеді. Эндокринды жүйенің ең үлкен безі болып табылады. Оның салмағы 15-35 г. Ересек адамдарда қалқанша безінің бүйір бөліктерінің ұзындығы 5-8см, ені 2–-4см, ал қалыңдығы – 1,2-2,5. Қалқанша безін …