Бүйрек артериясының аневризмасы

Бүйрек артериясындағы аневризма

Аневризма жүрек-қан тамыр ауруларының қатарына жатады. Жалпы аорта аневризмасы аортаның 2 есе немесе оданда жоғары қалыпты түрде кеңеюі, көбінесе абдоминальды бөлігінде (90 %) дамиды. Аорта аневризмасының ыдырауы мен жарылуы гиповолемиялық шокпен бірге дамиды және болжамы қолайсыз. Аортаның ыдырауы аорта интимасының жыртылуы әсерінен қабырға бойының әр жерден ыдырауы және ортаңғы қабатына қан құйылуы. Хаттама коды: E-020 «Аортаның ыдырауы және аневризманың жарылуы». АХЖ-10 бойынша кодтары:

  • 171.0. Аортаның ыдырауы (кез келген бөлімі)
  • 171.1. Аортаның кеуде бөлігінің (жарылған) жыртылған аневризмасы
  • 171.2. Аортаның кеуде бөлігінің аневризмасы, жарылуы туралы айтылмаған
  • 171.3. Құрсақ аортасының жарылған аневризмасы
  • 171.4. Құрсақ аортасының аневризмасы, жарыуы туралы айтылмаған
  • 171.5. Кеуде және құрсақ аортасының жарылған аневризмасы
  • 171.6. Кеуде және құрсақ аортасының аневризмасы, жарылуы туралы айтылмаған
  • 171.7. Орналасуы анықталмаған қолқа аневризмасының жарылуы
  • 171.8. Орналасуы анықталмаған қолқа аневризмасы, жарылуы туралы айтылмаған.

Жіктелуі: Аорта ыдырауының орналасуына байлнысты: Проксималды- аортаның жоғарлаушы бөлігінің интимасының жыртылуы. Ол аотаның төмендеуші бөліміне жайылуы мүмкін. Дистальді- аортаның төмендеуші бөлігі ғана зақымданады. Аневризма жарығы көбінесе төмендеуші бөлігінде орналасады. Аневризманың қабырғасының құрылымына байланысты: Шынайы аневризма аортаның өз қабырғалық құрылымы сақталады. Жалған аневризмада органикалық тыртықты тін болады. Құрсақ аортасының аневризмасы бұл жағдайда қалыптыға қарағанда аорта қабырғасының жергілікті немесе диффузды 2 есе томпая кеңеюі. Құрсақ аортасының аневризмасының жоғарғы және төменгі бөліктерінен бастау алатындығына байланысты супраренальды және инфраренальды болып бөлінеді. Супраренальді аневризма кеуделік аортаның дистальды бөлігінен бастау алады оны торакоабдоминальды аневризма дейміз. Патологоанатомиялық зерттеулердің мәліметтері бойынша құрсақ аорта аневризмасы 1,06 % жиілікте кездеседі. Әйелдерге қарағанда ерлерде жиі кездеседі. Құрсақ аорта аневризмасының ең негізгі себебі атеросклероз. Науқастардың 89 % жағдайда аневризма құрсақ аортасының инфраренальды сегментінде орналасады.

Патологиялық анатомиясы. Аорта қабырғасындағы патологиялық немесе диффузды кеңейуі аорта қабырғасындағы құрылымдық бұзылыстардың нәтижесі болып табылады. Атеросклероз кезінде тамырдың бұлшық етті қабаты липоидоз түрінде, атероматозды эластикалық және коллаген мембранасының некрозды және дистрофиялық зақымдалуы байқалады. Гистологиялық зерттеу кезінде тамырдың ортаңғы мен адвентиция қабаттары жұқарып, интимасы керісінше атероматозды масса мен табақшалар есебінен қалындайды. Тамыр қабырғасының эластикалық қасиеті толық бұзылады. Аневризма қабырғасын ішінде фибрині бар жаңадан түзілетін тін құрайды.

Жалпы аневризма кезінде соның ішінде құрсақ және кеуде анавризмаларында келесі симптоматикалық көріністер болады: Қатты ауырсыну сезімінің найғай соққандай басталуы. Аортаның кеуде бөлігі зақымдалуында ауыру сезімі төс артында немесе жауырын аралығында орналасады. Науқас ауыру сезімін шыдатпайтын, бұрғымен тескендей, жұлғандай сезімі интиманың жыртылуымен екенін айтады. Құрсақ бөлігінің зақымдалуында ауыру сеземі іш аймағында орналасып, эпигастрий, арқаға мықын аймағына, бір жақты болып жайылуы мүмкін. Интиманың жарылуының пайда болуы кезінде АҚ жоғары болуы мүмкін, кейін төмендейді. Гиповолемиалық шок симптомдары (естің бұзылуы, тахикардия, АҚ тез төмендеуі). Кейде клиникасы кенеттен есін жоғалтумен көрініп диагностикасын қиындатады.

Аортаның ыдырауының ең бірінші көрінісі кеудедегі өте қатты ауырсыну сезімі, ұстаманың 90 % жағдайда пайда болуымен білінеді. Жиі ауыру сезімі кеуденің алдыңғы жағында орналасып, жаурын аралық кеңістікке жайлады. Егер ауыру сеземі кеуденің алдыңғы жағымен шектелсе, онда аортаның жоғарлаушы бөлігінің ыдырауы туралы, ал егер ауыру сезімі тек қана арқада болса, аортаның төмендеуші бөлігінің зақымдалуы туралы ойлауымыз керек. Сонымен қатар аортаның ыдырауы синкопальды жағдайлармен, жіті жүрек жетіспеушілігімен ШҚҰ синдромымен клиникалық көрініс беруі мүмкін. Артерия қабатының ыдырауына байланысты дамитын әр түрлі ишемиялық синдромдар байқалуы мүмкін. Мысалы миокард инфаркты, мидың жіті ишемиясы, бүйрек жетіспеушілі, риноваскулярлы гипертензия, алдыңғы жұлын артериясының жаншылуына байланысты моторлы және сенсорлы жетіспеушілік дамытатын жұлын ишемиясы, ішек ишемиясы, аяқ қолдағы пульстің жоғалуы немесе әлсіреуі. Аневризма ыдырауына және жарылуына тән симптомдар: кеуде немесе құрсақ қуысындағы кенеттен пайда болатын қатты ауру сезімі, тері жабындылары түсінің өзгеруі мрамор тәріздену, көгеру, салқын жабысқақ тер, науқастың тітіркенгіштігі немесе тежелуі, қозғалыс мазасыздығы, аяқ қолдағы пульстің жоғалуы немесе әлсіреуі.

Объективті клиникалық тексерістер: Физикалық тексерулердің қарапайым түрлерінің көмегімен науқастағы аортаның ыдырап жатқандығы туралы мәлімет беретін АҚ жоғарлауын байқауға болады. Жіті жүрек жетіспеушілігінде оның ішінде жүрек тампонадасында АҚ төмендеуі, тахикардия, орталық веналық қысымның жоғарлауы, мойын веналарының тартылуы, пародоксальды пульс анықталады. Аорта ыдырауының критериі болып табылатын пульстің жоқ немесе әлсіреуі анықталады. Жоғарлаушы аортаның ыдырауы бар көптеген науқастарда аорта жетіспеушілі анықталады. Сирек аорта доғасының немесе төмендеуші бөлігінің ыдырауының ретроградты басталуында, ыдырау аорта қақпақшаларына жайылады, бірақ көбіне аорта жетіспеушілігі ыдыраудың аортаның жоғарлаушы бөлігінде басталғанын білдіреді. Ыдырап жатқан аневризманың сыртқы жыртылуын өкпе перкуссиясы кезіндегі тұйықталуы және тыныс шунының әлсіреуі көрсетеді. Гемиплегия түріндегі невралогиялық симптоматика ұйқы артериясының зақымдалуы кезінде және прарплегия түрінде алдыңғы жұлын артериясының зақымдалуы байқалады. Аяқ қолдың ауқымды ишемиясында терең сіңірлік рефлектердің жоғалуы, анастезия, паралич байқалуы мүмкін. Мүмкін болатын лабораториялық зерттеулер: Миокард инфарктымен дефференциальды диагностика жүргізу үшін экпресс тестті пайдаланып, тропанин Т-н анықтау. Инструменталды зерттеулер: ЭКГ, аорта қабырғасының ыдырауына тән белгілер жоқ. ЭКГ да қосарласқан патология немесе ыдырау салдарын гипертрофия және перкард тампоннадасының белгілерін байқауға болады. Егер ыдырау коронарлы қан тамырларға таралса, ЭКГ да ишемияға немесе инфаркта тән өзгерістер дамиды. ЭКГ өзгерісінің болмауы, бірақ кеуде қуысындағы қарқынды ауырсыну сезімінің болуы жіті миокард инфарктың алып тастауға көмектеседі. Негізгі және қосымша диагностикалық шаралар тізімі. Жүрек ритмін және АҚ бақылау. Пульсоксиметрия.

бүйрек артериясының аневризмасы қазақша

Вазоренальді атериялық гипертензия орта есеппен алғанда артериялық гипертензиясы бар науқастардың жеті процентінде байқалады.Этиологиясы: Әр түрлі себептерге байланысты бүйрек артериясының стенозы немесе бітелуі кезінде адамдарда артериялық қан қысымы көтеріліді. Стеноздық себептерге ең көп ұшырататыны атеросклероз.Оның қабырғасының фибромускулдық дисплазиасы негізінде дамитын бүйрек артериясының стенозы екінші орын алады. Серпімді тіннің тапшылығына орай қан тамылы қабырғаның әлсіздігінен болатын туа біткен өзгерістер дисплазияның негізін құрайды.Бұдан кейін бұлшық ет тінінде компенсатолық гипетрофия, фиброз тінінде пролиферация құбылысы басталад, бұлар негізінен артерия қабырғасындағы қабаттардың бірін көіне медия мен интимді зақымдайтын дисплазилық процестерге жалғасады.Патологиялық процес әдетте циркуляторлы көптік стенозға әкеліп тірейді,ол пішіні жөнінен таспаны еске түсіреді. Соңғы уақытқа дейін артериялық гипертензияның себебі ретінде нефроптозға көңіл көп бөлінбеді. Нефроптоз кезіндегі бүйек артериясының шамадан тыс керілуімен бұралуын оның стеноздық зақымдануы деп қарастыру керектігін зерттеулер көрсетті.Бүйрек артериясы зақымдануының мұнай түрі нефроптозбен ауратындардың алты сегіз процентінде байқалады. Мұндай стеноз функционалдық стеноз, ал нефроптозбен ауру бір шама уақытқа созылғанда пайда болатын бүйрек артериясының фибромускулдық стенозы органикалық стеноз болып табылыды. Науқас горизонталь жатқанда сақталатын  гипертензия бүйрек артериясының функциональдық органикалық стеноздың пайда болғанын білдіреді. Бүйрек артериясы зақымдануының қабысқан түрлері тромбозбен эмболия кейде артериялық гипертензияға әкеліп соқтырады.Оларға көбіне жүрек пен қан тамырларының аурулары, жарақат және т.б.  жағдайлар себеп болады. Вазоренальді  гипетензияның сирек кездесетін себептеіне мыналар жатады:  Бүйрек артериясының аневизмасы және туа біткен стеноз, қолқа мен оның тармақтарының параартериті, бүйрек артериясының  сырттан диафрагма ашасымен, гематомамен,лимфа түйінімен сығылуы және тағы сол сияқты.  Патогенез:  Қазірге уақытта бүйректік  ишемия кезінде протиолиттік фермент ренин шығатыны анықталған. Ренин бүйректің юкстагломерулярлы кешенінің клеткаларында пайда болады. Вазоренальді гипертензиялы аурудың стенозы бар жақ бүйрегінде, юкстогломерулярлы кешенің клеткаларында гипретрофия және секрет бөлетін гранулдардың көбеюі, сонымен қатар ренин активтігінің жоғарлығы табылады. Көптенген мамандардың айтуынша рениннің көбеюі ишемияның ғана нәтижесі емес, ол бүйрек тамырындағы пульстық қысымның өзгерістік нәтижесі. Бүйрек артериясының стенозына байланысты тамырдың тарылған жерінен дистальдық бөлігенде қан қысымы төмен болады. Осыған байланысты әкелуші артерияның қабырға кернеуі төмендейді де оның өзі  macula densa геморецепторларын қоздырып,оның әсерінен ренин секрециясы ұлғаяды. Ренин қандағы бауырдан бөлетін а глобулинмен қосылады. Осы екі заттың қосылу нәтижесінен процессорлы полипептид, ангиотензин түзіледі. Ангиотензиннің екі түрі бар ангиотензин бір және ангиотензин екі. Қазіргі уақытта ренин мен ангиотензин 1 дің артеиалдық қысымды көтермейтіні белгілі. Тек ангиотензин 2 нің прессорлы қасиеті бар, ол қан айналымында жүріп, артериалдық гипертензия туғызады. Ангиотензиннің ыдырауы арнаулы фермент ангиотениазаның қатынасымен болады. Ангиотензин вазоренальды гипертензия кезінде альдестеронның секрециясын жандандырады, ал ол болса, организмде натрийдың кідіруіне жағдай жасайды. Натрий бүйрек артериасының және артериолдарының қабырғасында жиналып, ол жерде сұйықты кідіртеді, оның салдарынан қан тамырлары ісініп, қуысы тарылып, қан ағымына кедергілік туындайды. Бұл жағдайларда қан тамыр қабырғасының катехоламиндерге сезімталдығы ұлғайып, шеткі қан тамырлардың тарылуына әкеліп соқтырады. Натрий балансының бұзылуы, оның организмде тежелуі клетка сыртындағы сұйықтың, плазманың көлемінің ұлғаюына, жүрек қуыстары қысымның ұлғаюына, жүрек қуымтары қысымының ұлғаюына жеткізеді. Ренин мен ангиотензин рөлінің анықталуымен қатар, вазоренальдық артериалдық гипертензияның патогенезінде биологиялық әсерлі полипетидтер кининдердің рөлі де бар, олар ұсақ және орта артериолдардың қуысын кеңітіп, соған байланысты перифериалық кедергіні төмендетеді. Рениннің көбеюімен қатар, бүйректің милы қабатында простогландиндердің өнуі ұлғайып, ал олар ангиотензин 2 нің вазоконстриктігін әлсіретеді. Вазоренальдық гипертензияның патогенезінде бір ескеретін жағдай, ол бір жақты бүйрек ауруында, ол бүйректің қызметі біршама сақталып тұрған кезінде, екінші сау деген бүйрек тамырларының атеросклерозбен терең зақымдануы мүмкіндігі. Вазоренальды артериалдық гипертензия кез келген жаста байқалуы мүмкін, алайда 50 жасқа дейінгі адамдарда жиі кездеседі. Гипертензияға ұласатын бүйрек артериасының атеросклероздық стенозын көбінесе 40 жастан асқан ересектерден, фибромускулдық стенозды жас және орта жастағы әйелдерден табады. Әдетте тек вазоренальды артериалдық гипертензияға тән шағымдар болмайды, оған тән белгі гипертензия анықталған сәтте шағымның болмауы, яғни аурудың әр түрлі профилактикалық тексеру үстінде кездейсоқ анықталуы. Айтарлықтай жиі кездесетін белгісі белдің ауруы, ол нефроптоз кезінде, әсіресе науқас тік тұрғанда бастың ауруына жалғасады. Вазоренальдық артеиалдық гипертензия кенеттен тез пайда болады, науқастардың 18-30% қауіпті, үнемі дерлік жоғарғы диастолалық қысыммен өтеді, кейде кризге әкеліп соғады. Вазоренальды гипертензияны ажырату үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең аортография үшін науқастарды іріктеу: анамнеді анықтау, жалпы клиникалық зерттеу әдістерін, изотопты рентгенографияны сканерлеуді және экскреторлық урографияны, УДЗ қолдану. Диагностиканың бұл кезеңін поликлиника жағдайында немесе маманданбаған стационарда интернист дәрігер офтальмологпен, радиологпен және рентгенологпен бірге жүргізе алады. Вазоренальды гипертензиямен ауыратындардың анамнезінен мыналар табылады: аурудың отбасылық тұқым қуалайтын сипатының жоқтығы, гипотензивті терапияның әсерінің болмауы немесе әсерінің қысқа мерзімділігі, белдің қатты ауруынан бүректің жарақаттанунан немесе оған операция жасаудан кейін, гипотензиясының пайда болуы, Транзиторлық қауіпсіз артериалдық гипертензияның кенеттен асқынуы. Гипертензиясы емделуге келмейтін және аурудың аталған белгілері бар науқастарды арнайы тексеруден өткізу қажет. Жалпы клиникалық тексеру кезінде артериалық қысымды өлшеу диастолалық көрсеткіштің едәуір өскенінің анықтауға мүмкіндік береді. Науқастың артериалдық қысымын әр түрлі жағдайда жатқанда, тұрғанда дене еңбегінен кейін қол аяқтан анықтаудың маңызы бар. Ортостатикалық нефроптозбен ауыратындардың 85% байқалады. Дене еңбегі арқылы күш түсіре отырып, науқастардың осындай тобынан артериалдық гипертензияны анықтайды.

Жалпы бүйрек артериаларың аневризмалары жоғарыда айтылған мәліметтермен тікелей байланысты. Бүйрек артерияларының негізігі басты себептерінің бірі жүйелі метаболитикалық аурулар. Солардың ішінде атеросклероз. Бүйрек артерияларының аневризмасының негізгі симптомдары. Мөлшері кіші бүйрек артерияларының аневризмасы ешқандай клиника бермеуі мүмкін. Артерияның көлемі ұлғайғанда және жарылғанда ғана көрініс бере бастайды. Бүйрекке жақын жатқан орган несепағар болғандықтан оның қысылып, басылып қалуы байқалады. Ол өз кезегінде несептің шықпай қалуымен, науқаста уремия дамуымен көрініс береді. Уремияның клиникалық көрінісі, яғни жалпы әлсіздік, аурудың айқын симптоматикасы бүйрек артериясының жырылуында байқалады. Ол екі клиникалық синдроммен көрініс береді: ауырсыну сезімі және анемиялық. Науқастар бел аймағында қатты ауырсыну сезіміне, яғни ауыр жүктемеден кейін немесе жарақаттан кейін. Уақыт өте келе ауырсыну сезімі азаяды, кейіннен науқастың шағымдарына ентігу, жалпы әлсіздік, қатты бас ауруы қосылады. Тері жабындылары бозарған түсте болады.

Диагностикасы. Бұл патологияда ЖҚА және ЖЗА қалпты болады. Лейкоциттердің көбеюі аневризманың жыртылуы кезінде және тері асты май қабатының, құрсақ арты кеңістігінде қанның таралуы кезінде болады. Бұл көріністерді УДЗ-да көре аламыз. Допплер режиміндегі УДЗ де аневризманың басқа да аурулардан ажыратуға болады. Егер бүйрек артериясының аневризмасы қанмен толатын болса, онда қатерлі және қатерлі емес ісіктер басқа қанмен қамтамассыз етіледі. Бүйрек артериясының аневризмасының диагностикасында алтын стандарт болып ангиография саналады. Әдістің мағынасы арнайы катетерді суда еритін контрастпен аорта қуысына енгізу. Ары қарай ол қан ағысымен бүйрек артерияларына барып, көрініс береді. Осы кезде рентгенографиялық зерттеу жасаған кезде бүйрек артериялардың аневризмасын көре аламыз.

Бүйрек артериялар аневризмасының емі. Диагнсоика кезінде аневризма анықталатын болса, оның ұлғаюына көз жеткізгенен кейін оперативті ем жасалуы қажет. Бұрын осы аурулар кезінде ашық түрде операциялар жасалатын, қазіргі таңда оперативті ем жасалмайды. Себебі аз инвазивті әдістер кеңінен қолданылады. Бүйрек артериясының аневризмасының тамыр ішілік облитерациялық операциялары қарқынды қолданылады. Бүйрек артериясына арнайы катетер енгізіліді. Ары қарай аневризма көлемін азайтатын арнайы зат енгізеді. Бұл әдістің артықшылығы операция жергілікті анестезия арқылы жасаулында, науқас келесі күні орнынан тұрып қозғалуына рұқсат етіледі. Ал операциядан кейінгі 3 тәулікте үйіне шығарылады. Ең негізгі жетіспеушілігіне оның бағасының қымбаттығы жатады.

Қорыта келе, Бұл дерт көп жағдайда клиникалық көрініс бермейді. Сондықтан науқастар медициналық байқаудан жыл сайын өтуі тиіс. Көбіне бүйрек артерияларының аневризмалары профилактикалық немесе басқа да патологиялар кезінде қосарласа жүріп, анықталады. Сондықтан адекватты және тиімді ем жүргізу үшін аурудың алғашқы сатысында анықтаған жөн. Бұл аурулардың алдын алу мақсатында науқас салауатты өмір салтын сақтап, өзінің негізгі ауруын емдеуі керек. Бүйрек аретрияларының аневризмасы көбіне атеросклероздық аурудың асқынуы ретінде жүреді. Сол себепті қандағы липидтердің мөлшерін төмендетін препараттрды қабылдау керек. Соның ішінде розувастатин препаратын қолдануға болады. Мұндай науқастар тұрғылықты жері бойынша терапевт, ЖТД бақылауында болуы керек. Операвиті емнен бас тартқан науқастарға тұрмыстық жағдайларда өте сақ болған жөн. Өйткені ауыр жүктеме аневриманың жыртылуына алып келуі мүмкін.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Аорта аневризмасы
  2. Такаясу ауруы
  3. Симптоматикалық артериялық гипертензия
  4. Бүйректің ишемиялық ауруы
  5. Бүйректік гипертониялық синдром
  6. Бүйректің жасқа байланысты өзгерістері
  7. Инфекциялық эндокардит кезіндегі бүйректің зақымдалуы
  8. Жедел бүйрек жетіспеушілігі

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!