Author archives

Қалқанша бездің қабыну аурулары

       Қалқанша бездің қабыну аурулары сирек кездеседі және тиреопатиялардың 1-2% құрайды. Егер қабыну үрдісі өзгермеген безде дамыса, онда ол тиреоидит дамытады, ал егер қабыну струмозды өзгерген тінде дамыса, онда струмит дамиды. С.Зографский(1977) қалқанша бездің қабыну ауруларының жақсы жіктемесін ұсынған: 1) жедел іріңді тиреоидит (струмит); 2) жедел және жеделдеуіріңді емес тиреоидиттер: а) Де Кервеннің жеделдеу тиреоидиттері; …

Ридель тиреоидиті

Созылмалы фиброзды тиреоидит –қалқанша безінің қалыпты құрылымының фиброзды тінмен алмасуының салдарынан дамитынұлғаюымен сипатталатын созылмалы ауру.Ридель тиреоидиті үшін бір бөлігінің фиброзы және көршілес ағзалар мен без капсуласына өтетін бездің белгілі бір аймағының гиалинозы тән. Ол барлық қалқанша безі ауруларының 0,02-0,03%-ын құрайды. 30-40 жаста кездеседі.           Этиологиясы және патогенезі. Толық зерттелмеген. Көп авторлардың …

Галактоцеле (сүт безінің кистасы)

Жедел маститпен ауырған әйелдердің лактация кезеңінде жиі кездеседі. Маститпен ауырғаннан кейін, сүт жолдарында тыртықты өзгерістер дамиды да, олардың біреуінің облитерациясы және безді тіннің аймағының ашылуы, соның нәтижесінде айқын флюктуациясы бар, шектелген киста тәрізді ісік дамиды. Кейде сүт бездерінің кистасы емшекпен емізуді тоқтатқаннан кейін немесе лактация біткенненкейін 8-10 айдан соң дамиды. Өзектердегі сүттің ұйып қалуы, кистаның …

Қалқанша бездің аурулары

Қалқанша бездің аурулары көпшілік жағдайда«зоб» деген ортақ атауға біріктіріледі. Зоб кезінде бездің ұлғаюы ошақты (түйінді зоб) және таралған (диффузды зоб) болуы мүмкін. Сонымен қатар, без түгелдей ұлғайып, онда жекеленген түйіндер болуы да мүмкін. Мұндай зобты аралас зоб немесе диффузды-түйінді зоб деп атайды.   Бездің көлемі мен пішінінің өзгеруімен қатар, оның қызметтері де өзгеруі де мүмкін. …

Кеудеішілік зоб

Көкірекаралықтың жоғарғы бөлімінде сирек кездеседі. Әйелдерде жиі кездеседі.     Симтомы. Клиникалық көріністері кеңірдек, өңеш, тамыр және нервтің қысылуы, трахеомаляция, тиреотоксикоз, струмиттермен көрінеді. Кеңірдектің ығысуы зобтың орналасуына қарай болады.         Кеудеішілік зобтың жоғарғы және алдыңғы көкірекаралықта орналасуындағы симптомдары: құрғақ жөтел, ентікпе, тыныс алудың қиындауы, кеңірдектің сығылуымен шақырылған. Артқы көкірекаралықта орналасса –дисфагия. Диагностика. Радиоизотопты …

Диффузды токсикалық зоб

     Германия, Австрия және Швейцарияда ДТЗ-ты Базедов ауры деп атайды, ал ағылшын әдебиеттерінде Грейвз және Пэрри ауруы туралы жазылса, итальяндықтар оны Флаяни ауруы дейді. Бұл ауру 20-50 жастар аралығында жиі кездеседі. Әйелдер мен ерлер арасындағы аурушылдық қатынасы – 1:4-1:7.    Этиологиясы. Біріншілік токсикалық зобта негізгі себеп – психикалық жүктеме.  В.Г.Баранов және оның әріптестері өздерінің жұмыстарында …

Семинома

Семинома көкірек аралықтың қатерлі ісігі, гер-минативті жасушадан түзеледі. Көрші ағзаларға жедел аумақтық, жергілікті инвазиялануға қабілетті. Жиі орналасатын жері – алдыңғы және жоғарғы көкірекаралық, тек жас ер адамдарда кездеседі.     Симптомы. Ісік жиі көкірекаралық ағзаларды қысады. Шамамен 10–-20% науқастарда жоғарғы қуыс венасының қысылуы дамиды (жоғарғы қуыс венасының қысылу синдромы), науқастардың жедел арықтауы, қызба болады. Метастаздануы лимфогенді …

Де–Кервеннің жеделдеу тиреоидиті

Бұл ауруды жеке ауру ретінде Де Кервен сипаттаған. Ол барлық қалқанша безі ауруларының 0,3-1%-ын құрайды. Жиі 40-50 жас аралығындағы әйелдерде кездеседі. Ауру сонымен қатар, гигантты жасушалы тиреоидит деп те аталады.      Этиологиясы және патогенезі. Де Кервен тиреоидитінің дамуын вирусты жұқпамен байланыстырады. Қабыну үрдісінің салдарынан фолликулярлы жасушаладың деструкциясы дамиды, олардың мембраналары және фолликулдары зақымдалады. Қанға осының …

Аутоиммунды Хошимото тиреоидиті

Өткен ғасырдың басында Х.Хошимото тиреоидитімен ауыратын науқастардың қанында қалқанша безіне қарсы антиденелер анықталған. Х.Хошимото 1912ж. қалқанша безінің алынып тасталынған препараттарын зерттей келе, ол төрт ерекше белгілерді тапты: қалқанша безінің лимфоциттермен диффузды инфильтра-циясы, лимфоидты фолликулдардың спецификалық түзілуі, эпителийлік жасушалар деструкциясы және дәнекер тіннің пролиферациясы.Осы кезде бездің қалыпты тіні фиброзбен алмасады. Қалқанша без жасушаларыныңзақымдалуына және қанға антигендердің …

Перикардиалды кисталар

Перикардиалды кисталар – құрылысы жағынан перикардқа ұқсас қуыстыжіңішке қабырғалы түзілістер. Олар түссіз немесе сарғыш сұйықтықпен толы, диаметрі 3–-20 см.                     Клиникалық көрінісі. Перикардтың көптеген кисталары симптомсыз өтеді. Ісіктің өсуіне қарайжүрек аймағанда ауру сезімі, жүрек қағуы, ентікпе жәнежөтел мазалай бастайды. Перикард дивертикулында жүрек ырғағы бұзылады. Диагностика. Рентгенография, …

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!