Author archives

Бүйрек өзекшелері

Алғашқы несеп бүйрек өзекшелеріне түседі және заттардың секрециясы мен реабсорбциясы нәтижесінде сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Проксималды өзекше — нефронның ең ұзын бөлігі, басында қатты иреленген, Генле ілмегіне ауысарда түзеледі. Проксималды өзекше жасушалары цилиндрлік қалыпты, беткейінде кірпікшелі жиек («щеточная кайма») бар. Бұл жерде көптеген заттар (глюкоза, аминқышқылдары, натрий, калий, кальций және фосфаттар ионы) белсенді қайта …

Амилоидоз туралы түсінік

Амилоидоз деп зат алмасуының өте ауыр түрде бұзылуы нәтижесінде ағзалардың аралық тінінде құрамы өте күрделі, қалыпты жағдайда кездеспейтін, аномалды белоктық заттың түзілуін айтады. Түрлері: туа пайда болған, біріншілік және екіншілік. Екіншілік амилоидоз жедел белок алмасу  бұзылысы фонында болады. Көбінесе созылмалы қабыну ауруларында: туберкулез, остеомиелит, бронхоэктаз ауруы. Сонымен қатар кейде деформациялық полиартрит, лимфогранулематозда дамуы мүмкін.  Амилоидоздың …

Преэклампсия

Преэклампсия (грек тілінен аударғанда eclampsus — найзағай) — жедел үдемелі өмірге қауіпті жүктілікпен жанасқан ауру. Преэклампсия жиі бірінші жүктілікте дамиды, бірақ келесі жүктілікте қайталануы мүмкін. Преэклампсияның этиологиясы мен патогенезі. Преэклампсияның даму қауіп факторлары: – преэклампсия бойынша отбасылық анамнез; – бедеулік; – көпжүктілік, көпсулық; – ана жасы >30 жас не, <18 жас болса; – соматикалық аурулар …

Тоқ ішек полипозы

Полип дегеніміз – эпителийден шығатын, малигнизацияға бейім қатерлі емес. Полип проктологиялық науқастардың 10–12%-да кездеседі және ерлер әйелдерге қарағанда жиі ауырады. Жалғыздаған полиптер клиникасы қатерсіз өтеді және сирек малигнизация береді, ал көптеген полиптер бір-бірден немесе топтасып орналасады. Этиопатогенезі. Этиологиясы анықталмаған, этиологиясы мен патогенезін түсіндіретін нақты теориялар жоқ, дегенмен, қабынулық эмбриондық, вирустық және дисрегенераторлы жолмен дамуы мүмкін …

Эклампсия

ОЖЖ зақымдалуы (эклампсия) преэклампсияның үдеуі нәтижесінде дамиды, әдетте преэклампсия босану алдында немесе босанғаннан кейінгі аптада болады. Эклампсияның даму мүмкіндігін көрсететін белгілер: •қорқу, қобалжу сезім, бет терісінің қышуы; бас ауруы, көрудің нашарлауы («жарық жарқылы», бейнелерді бұлыңғыр көруі); эпигастрий аймағындағы ауру сезімі; гиперрефлексия; •протеинурияның жоғарылауы. Эклампсия эпилептикалық ұстамаларды еске түсіретін клонико-тоникалық тырысулармен көрінеді және міндетті түрде артериялық …

Соқыр ішектің бұралуы

Соқыр ішектің бұралуы жедел ішек түйілуінің сирек түрі. Бұған әкелетін себебі, ішектің өзіндік ұзын шажырқайы. Симптомы. Жедел ағымды, ауыру сезімі ұстама тәрізді, тұрақты, бел аймағына жайылады. Ауыру сезімі оң жақ іш, кіндік аймағына беріледі. Қарау кезінде іштің асимметриясы көрінеді. Пальпацияда оң жақ мықын аймағында босаңсу сезімі сезіледі (Шинанс–Данс симптомы) және ішперде бұлшықетінің ригидтілігі байқалады. Диагностика. …

АА-амилоидозы

АА-амилоидозының ізашар-нәруызы қабынулық жедел фазалық сарысулық амилоидтық нәруыз — SAA болып табылады. Ол көптеген мүшелер мен тіндерден: бүйректен, бауырдан, көкбауырдан, АІЖ-нан, бүйрек үсті бездерінен табылады. Бұл кезде бүйректің зақымдалуы басым түседі. Болжамы ілкі қабынулық ауруға байланысты. Реактивті (АА) амилоидоздың себептері: Ревматоидты артрит. Басқа артропатиялар: анкилоздаушы спондилит, псориаздық артропатия. Созылмалы іріңді-деструктивтік аурулар (остеомиелит, бронхоэктаздар). Туберкулез. Ісіктер …

Созылмалы дуоденалды өтімсіздік

     Дуденостаз–бұл он екі елі ішектің моторлы– эвакуаторлық қызметінің баяулауымен көрініс беретін ауру. Дуоденалды өтімсіздіктің созылмалы бұзылысы жара ауруы бар науқастардың 15–50%-да және асқазан резекциясы мен ваготомиядан кейін 15% науқастарда кездеседі. Асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігін рентгенологиялық зерттеудің 0,3%-да он екі елі ішектің артериомезентериалды компрессиясы диагностикаланады. Этиологиясы. 4–10% науқастарда дуоденостаз механикалық факторлар әсерінен дамиды: туа біткен …

Амилоидоз

Амилоидоз — бұл ерімейтін фибриллярлық нәруыз — амилоидтың тіндерде жасушалардан тыс шөгіп қалуымен сипатталатын аурулар тобы. Амилоидтың протеолитикалық ферменттерге төзімді өзіндік β-қатпарлы құрылымы бар. Ол тіндерге шөккен кезде оларды зақымдап, мүшелердің қызметін бұзады. Диагноз үшін конго-қызылмен боялғаннан басқа тағы бір белгісін анықтау керек, микроскопияда амилоидтың құрылымы поляризацияланған жарықта қосарланған сәуле сынуын көрсетеді және жасыл түсті …

Рефлюкс-гастрит

Асқазан тұқылына өт қышқылдарының өтуінен және панкреатикалық сөл он екі елі ішекте тұрып қалғандықтан дамиды. Бұл заттар кілегейлі- – бикарбонатты қорғанысты бұзады, асқазанның кілегей қабатын зақымдап, рефлюкс-гастритті шақырады. Бұған дуоденогастралды рефлюкстің себебі болып Бильрот-II және Бильрот-I бойынша асқазан резекциясы, сирек пилоропластикамен ваготомия және гастроэнтеростомия болып табылады. Клиникалық көрінісі. Эпигастрий аймағының ауру сезімі, жиі тағам қабылдағаннан …

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!