Гуморальдық иммунитет бұзылысымен көрінетін тапшылықтар

X хромосомасымен тіркескен агаммаглобулинемия (пангипогаммаглобулинемия, Брутон ауруы). Генетикалық кемістік X хромосомасының ұзын иығында орналасқан, ол О, А, М иммундық глобулиндер, В-лимфоциттер (иммуноглобулиндік детерминанттары бар) деңгейін өте азайтып, плазматикалық клеткалардың сүйек миы, көк бауыр, ішек қабаты мен лимфа түйіндерінде болмауына әкеледі. Лимфоциттердің жалпы саны қалыпта, айырша без өзгеріссіз, бірақ кей ауруларда Т-супрессорлар деңгейі жоғары. Аурудың клиникалық …