Author archives

Жедел аппендицит клиникасы

Іштің ауруымен басталады, құрт тәрізді өсінді қалыпты орналасса да, ауру сезімі алғашында құрсақүсті аймағында басталып, 2 – 6 сағаттан кейін оң жақ мықын аймағына ауысады, үнемі ауырады. Орташа алғанда 1 -2 рет құсу, лоқсу болады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы субфебрильді, пульсі – 90 Артериялық қан қысымы өзгермейді. Ауру сезімінің сипаты жиірек болады Ауырсыну эпигастрийда …

Еңбекке жарамдылық сараптамасы. Уақытша еңбекке жарамсыздық. Тұрақты еңбекке жарамсыздық.

Еңбекке жарамдылық сараптамасы – жарақат алу немесе ауру себебімен, еңбекке жарамсыздық ұзақтығын және деңгейін анық-тау; еңбекке жарамсыздық себептерін анықтау; мүгедектік тобын анықтау. Уақытша еңбекке жарамсыздық – белгілі салдарынан кәсіби қызметін атқара алмауы, бірақ, уақытша немесе қайтадан қалпына келетін құбылыс.Уақытша еңбекке жарамсыздық, тұрақты еңбекке жарамсыздықтан айырмашылығының негізгі критериі – клиникалық және еңбек болжамының жайлы болуы. Еңбек …

Туа біткен бронх-өкпе жүйесінің даму ақаулары

Өкпенің созылмалы ауруларымен ауыратын науқастардың 10%-да бронх-өкпе жүйесінің даму ақаулары анықталады. Өкпе агенезиясы, аплазиясы, гипоплазиясы. Бұл даму ақаулары клиникалық тұрғыдан кеуде қуысының – ақау жағынан тегістелуі немесе ішіне тартылуы – деформациясымен білінеді. Перкуссиялық дыбыс осы аймақ үстінде тұйықталады, тыныс шулары болмайды немесе айтарлықтай әлсірейді. Жүрек дамымай қалған өкпе жағына ығысады. Өзіне тән рентгенологиялық белгілер – …

Қақырық

      Қақырық – 5 жасқа дейінгі балалар қақырық түсіруді білмейді, кейін жұтып қояды. Қақырық тыныс жолдарынан бөлінетін патологиялық зат, ол патологиялық заттардан басқа аздап ауыз қуысы, жұтқыншақ, мұрын жолдарының, кілегей қабаттарының бөліндісінен, кей кезде жұтқыншақ, иек, қызылиекте жабысып қалған тамақ қалдықтарынан, және кейбір ауруларда қан мен іріңнен тұруы мүмкін. Қақырық мөлшері әртүрлі болады. Өкпе демікпесінде …

Круппозды пневмония

      Круппозды пневмония негізінен мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда кездеседі. Бұл пневмонияның бір жасқа дейін сирек кездесуін – бұл жастағыларда пневмококке сенсибилизация пайда болмағандығынан деп түсінеді. Балаларда крупозды пневмония өкпенің бөлігін түгел қамтымай, тек бірнеше сегментпен шектелуі де мүмкін.         Клиникалық көрінісі. Ауру дене қызуының кенеттен 39-40о көтерілуімен, басы ауырып, халының күрт нашарлауымен (сандырақтау, …

Круп

Круп шын және жалған (дауыс желбезегі астындағы ларингит) болады.  Шын круп көмей дифтериясында кездеседі. Бұл жағдайда дауыс желбезектері круппозды қабынып, қабыршақтар пайда болады. Жалған круп жедел респираторлы вирусты жұқпалы ауруларда (көбіне парагриппте) болады және бұл жағдайда дауыс желбезектерінің төменгі кілегей қабықтары ісінеді. Қазіргі кезде крупты көмейдің тарылуы (стеноз) деп атайды. Круптың жалпы белгілері қатқыл, үрмелі …

Интерстициальды пневмония

1946 жылы Р. Ленк жедел ағымды пневмониялар арасынан төмендегі рентгендік сипатарымен ерекшелінетін пневмонияларды бөліп шығарды: Өкпе суретінің өзгерісі кеңейген түбірден ұршық тәріздес тарайтын, тұрпайы немесе нәзік жолақтардан тұрады. Бұлардың негізінде бронх-төңіректік инфильтрация және, мүмкін, бронхтардың экссудатпен толуы жатады. Пневмония бар өкпе суреті ұялары әртүрлі көлемді тор тәрізді болады. Осы екі түрлі өзгерістердің үстіне кішілеу ателектаз …

Бронхообструкция синдромы

Жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы – патологиялық процесстер әсерінен кеңірдек пен бронхтың тарылуына байланысты тыныс жолындағы ауа жүрісіне кедергі пайда болуы. Бронхообструкциялық синдромы – жедел тыныс жетіспеушілігінің көп кездесетін себептерінің бірі. Ерте қалыптасатын декомпенсациялық жағдайдың төтеншілігін көрсетеді және оған баланың тыныс жолының тарлығы төмендегі ерекшеліктер икемдігі көрсетеді. Көмейдің дауыс желбезегі астындағы кеңістігіндегі клетчаткасының борпылдақтығы; Балалардың ларингоспазмаға …

Цитокиндер.

  Клеткалық және гуморальді жауап түзетін, клетка аралық механизмдер мен иммунды компонентті клеткалардың дифференцировкасын зерттеген кезде, белокты медиаторларының үлкен тобы ашылды, олар цитокиндер деп аталады. Олардың 30-дан астам  түрлері белгілі. Цистокиндердің негізгі биологиялық белсенділігі- иммунды жауапты барлық даму сатыларында реттеу: функциональді белсенді иммунокомпонентті клеткалардың пролиферациясы мен дифференцировкасы, антигенді өңдеу және макрофагтардың бетіңде иммуногенді түрде ұсыну, …

Трансплантация иммунологиясы

Трансплантатты қабылдамау реакциясы. Тінді немесе мүшені генетикалық ерекшелігі басқа индивидумға салған кезде салынған биологиялық материалдың ажырау реакциясы байқалады. Тұрақтамаушылық  реакциясы МНС-комплекс пен кіші гистосәйкестік  комплексіне жататын қан тобының антигендеріне қарсы жүреді. МНС адамдарда  – HLA-жүйесі  деп аталған антигендері бойынша донор мен реципиент сәйкес болмаса, тұрақтамаушылық  реакциясы жүреді. Трансплантаттың біріншілік ажырау уақыты – 14 күн. Екіншілік …