Т-лимфоциттермен орайласқан біріншілік клеткалық иммунитет тапшылығы

Ди-Джорджи синдромы (айырша без гипоплазиясы). Тұқым қуаламайды. Өрбуі – эмбриопатия салдары, айырша және паратиреоидтық бездер гипоплазиясымен ерекшеленеді. Клиникасы – туғаннан тетания, бет дамуының кемістіктері («балық» ауыз, ерін, тандай жарықтары және т.б.) мен жүрек-қантамыр жүйесі ақаулары, катаракта, өкпе, ішек инфекцияларының қайталануларымен көрініс табады. Параклиникалық айқын ауытқулары: гипокальциемия, гиперфосфатемия, жүрек ақауы мен (немесе) қолқаның оң доғасы, …