Year archives: 2018

Иммун жетіспеушіліктер.

   Иммундефицит дегеніміз – туа немесе жүре пайда болған иммунды жауаптың бұзылысы, жұқпа ауруларымен, ісікті ауруларға организмнің қарсылығы төмендеуімен сипатталатын жағдай. Ол жұқпалы ауруларға қабылдағыштықтың, ациклдық ағымға бейімділіктің аллергиялық және аутоиммунды аурулардың, онкопатологияның себебі болады. Барлық иммунжетіспеушіліктер 2 үлкен топқа бөлінеді: 1-ші туа пайда болған, тұқым қуалайтын ИЖК; 2-ші жүре пайда болған ИЖК. Біріншілік иммунжетіспеушіліктердің …

Гуморальдық иммунитет бұзылысымен көрінетін тапшылықтар

X хромосомасымен тіркескен агаммаглобулинемия (пангипогаммаглобулинемия, Брутон ауруы). Генетикалық кемістік X хромосомасының ұзын иығында орналасқан, ол О, А, М иммундық глобулиндер, В-лимфоциттер (иммуноглобулиндік детерминанттары бар) деңгейін өте азайтып, плазматикалық клеткалардың сүйек миы, көк бауыр, ішек қабаты мен лимфа түйіндерінде болмауына әкеледі. Лимфоциттердің жалпы саны қалыпта, айырша без өзгеріссіз, бірақ кей ауруларда Т-супрессорлар деңгейі жоғары. Аурудың клиникалық …

Ауыр аралас иммундық глобулиндермен болатын иммундытапшылық

    Гуд синдромы: тимома, Т-клеткалар мен пре-В-клеткалар санынын кемуі; иммундық глобулиндер деңгейі әр түрлі, бірақ көбіне төмен, рецидивті бактериальдық, вирустық және санырауқұлаққа қатысты инфекциялық құбылыстар; эозинопения, эритробластопения, апластикалық анемия, қатерлі ісіктерге бейімділік; тұқым қуалаумен берілу жолы аныкталмаған. Незелоф синдромы: лимфоидтык клеткалар мен Гассаль денешіктері болмауы себепті айырша без гипоплазиясы; лимфоцитопения, Т-клеткалары аз, В-лимфоциттер қалыпты; иммундық …

Эфир наркозының кезеңдері, олардың клиникалық белгілері

   Клиникасы 4-еу: 1.анальгезия-ауру есінен біртіндеп, тек кезеңнің аяғында ғана айрылады, негізінен тежелген жағдайда болады. Бұл кезеңде беткі ауру сезімі толық жойылады, бірақ тактильдік және термиялық сезім сақталады. Бұл кезеңде кішігірім операциялар жасауға болады, рауш наркоз ретінде қолдануға болады. Кезеңнің ұзақтығы 3-4 минут шамасында. Эфирді беру жалғастырылса 2-ші кезең басталады. 2.Қозу кезеңі-бұл кезеңде ауру есінен …

Туберкулезді спондилит

Омыртқа сүйектерінде пайда болған туберкулез ауруының өсіп өнуінің  көптеген белгілерінің сүйек ж/е буын ауруларына ұқсастығы бар.Айырмашылығы:буын ішіндегі сүйек құрылымы,қызметі,өзіне тән қимыл-қозғалыс болса,ал омыртқаның құрылымы басқадай,атқаратын қызметі еңкею,жату,отыру,яғни омыртқалар қуысыда арқандай болып нерв жұлыны өтетіндігінде.1-ші кезеңде:қан тамырлары арқылы омыртқаға келген микроб омыртқа сүйегінде ең алғаш остит жағдайын туғызады.Кейін омыртқада туберкулездік қабыну процесі басталады да,сүйек клеткалары еріп,балқып,сүйек …

Сүйек және буын туберкулезі, патогенезі, патологиялық анатомиясы, клиникасы, емделуі.

Бұл аурулар барлық уақытта екіншілік болып саналады, ал біріншілік ошағы өкпе немесе қарын қуысы болып есептеледі. Сүйетер мен буындардың туберкулезбен ауруы көбінесе балаларда жиі кездеседі. Көбінесе омыртқалар жарақаттанады-туберкулез спандилиті .сан,жамбас буыны-туберкулез каститі және тізе буыны- туберкулез ганиті деп аталады. Сүйектің туберкулез ауруы сүйектің жұмсақ жерінде басталады, туберкулез ошағы пайда болады. Соңынан сүйек кеміріліп кішігірім, майда …

Терінің жұқпалы емес аурулары. Тершеңдік.

Ыстықтау мен терінің күтімі жеткіліксіз болу нәтижесінде дамиды. Денеде, мойын тері қатпарларында серозды сұйықтыққа толы көптеген ұсақ көпіршіктер шығады. Айналасындағы тері өзгермйді. Тері бүтіндігінің бұзылуы оның инфекциялануына қолайлы жағдай туғазады. Емдеу күтім қатерліктерін түзеу, калий перманганатының әлсіз ерітіндісі қосылған гигиеналық ванналарды күнделікті қолдану. Жергілікті балалар ұнтағы қолданылады. Баздану. Жиі кездесетін тері зақымдалуы. Баздану тері қатпаларында …

Паратрофиялар

        Паратрофия – дене салмағының жетіспеушілігі болмайтын, заттек алмасуының ауытқулары байқалатын торланудың созылмалы бұзылыстары. Паратрофияның бірнеше варианттары бар: дене салмағы мен ұзындығы қалыпты паратрофия, жасқа сәйкес көрсеткіштерінің пропорциональды артуы байқалатын партрофия, дене салмағы шектен тыс артық паратрофия. Қазіргі кезде торланудың созылмалы бұзылыстарының кең тараған түрі болып есептеледі.      Этиологиясы. Паратрофияның дамуына лимфатикалық-гипопластикалық және экссудативті-катаральды диатездер …

Нервті-артриттiк диатез (над)

«Нервті-артриттiк диатез» түсiнiгiн (diathesis neuroarthritika) педиатрияға 1901-1902 ж. Дж. Комби енгiздi. Нервт-артриттiк диатез (НаД) жоғары нерв қозғыштығымен, тәбетiнiң бұзылуымен, кетоацидозға бейімділігімен, өсе келе май басу, интерстициалдық нефрит, нефрокальциноз, подагра жене заттек алмасулық артриттер дамуына бейiмдiлiгiмен сипатталады, ал бұлардың негiзiнде пурин алмасуының бұзылысы жатады. Басқа диатездерге қарағанда, аз кездеседi (балалардың 2-3%-да), бірақ соңғы кезде гиперурикемия жиiлеуде. …

Мерзімінен бұрын жыныстық жетілу (мбжж)

Әдетте жыныстық жетілудің басталу уақыты қыз балаларда 10-12 жас, ер балада 12- 14 жас. Егер жыныстық жетілудің алғашқы белгілері уақыттан 2 жыл ерте байқалса, онда жыныстық жетілудің жылдамдағанын көруге болады (тектік-конституциональды себептерге байланысты жылдамдауы, патологиялық жағдай деп саналмайды). Уақытынан бұрын жыныстық даму – қыз балаларда жыныстық жетілудің басталуы 8 жасқа дейін, ер балаларда 10 жасқа …