Author archives

Эмболия

Эмболия –қабырғасыөзгермегенартериялардың немесеқолқаның қуысы эмболмен бітеліп, қанайналымның жедел бұзылуына әкелетін патологиялық үрдісті айтады. Қантамыр қабырғасынан тромбтың бір бөлігінемесе ағза тіні, болмаса табақша түріндегі эмбол қан ағысымен миграцияланып, басқа қантамыр қуысын бітейді. Эмболия көптеген аурулардың,әсіресе, жүрек – қантамыр жүйесі ауруларының асқынуы болып табылады.    Таралуы. Әйелдер ерлермен салыстырғанда, жиі ауырады. 30-70жас аралығында көп кездеседі. Жиі ми …

IV типті РТА

Гиперкалиемиямен жүретін дРТА-ң сирек нұсқасы гипоренинемиялық гипоальдостеронизмнің есебінен жинақтаушы түтікшелердегі Н+ мен К+-дің секрециясының бұзылысымен сипатталады. Мұнда Н+АТФазаның альдостеронмен тікелей ынталанбауының есебінен болған секреторлық ақау, сонымен қатар натрийдің дисталды кері сіңірілуінің вольтаж-тәуелді ақауы орын алады. Гиперкалиемияға салдарлық қатысы бар аммонийдің бөлінуінің бұзылысы байқалады. РТА-ң IV типінде зәрдің рН-н 5,5-тен төмендету қабілеті сақталған. Ауру мына жағдайлармен …

Туа біткен біріншілік тұз жоғалтушы бұзылыстар

Педиатрияда тұздардың жоғалуымен жүретін тубулалық бұзылыстардың («тұз жоғалтушы») диагностикасы ерекше маңызды. Оларға жатады: Барттер синдромы (Генле ілмегі); Гительман синдромы (дисталды өзекшелер); Лиддл синдромы (жинақтаушы түтікшелер) керісінше тұзды ұстап қалумен жүреді; Псевдогипоальдостеронизм (жинақтаушы түтікшелер). Барттер/Гительман синдромдары. Аурудың барлық белгілі түрлері аутосомды-рецессивті жолмен тұқым қуалайды және ортақ клиникалық сипатқа ие: тұздарды бүйрек арқылы жоғалту; гипокалиемиялық метаболикалық алкалоз; …

Реналды тубуларлық ацидоз

Реналды тубулалық ацидоз (РТА) РТА-ң бірнеше типтерін ажыратады: проксималды, дисталды, гиперкалиемиялық дисталды. РТА-ң клиникасы — ацидоз бой өсудің кідіруіне әкеледі. Жиі белгілері — анорексия, құсу, бұлшықет әлсіздігі. I типті рта (классикалық дисталды РТА, дРТА) дРТА дисталды өзекшелерде қышқыл валенттіліктердің (Н+) экскрециясының төмендеуімен жүретін гиперхлоремиялық метаболикалық ацидозбен сипатталады. Дисталды реналді тубулярлық ацидозда бүйрек несепті қышқылдандыра алмайды. …

Рейно ауруы

Ангиотрофоневрозбен артериола мен ұсақ артериялардың зақымдалуы. Көбінесе әйелдер ауырады. Ауру дамуы капиллярлы қанайналым бұзылуымен кезеңді түрде ұсақ,шеткі артериялардың ұзақтарылу мен сипатталады.Ауру жиі қол мен аяқ саусақтарының, сирек мұрын ұшы мен құлақ тамырларының тарылуымен жүреді. Рейно ауруы дамуының негізгі себебі ұзақ тоңу, саусақтардың созылмалы жарақаттануы, кейбір эндокринді ағзалардың (жыныс ағзалары, қалқанша безі) қызметтері бұзылуы мен психикалық …

Облитерациялық эндоартериит

Этиологиялық факторлар қатарына созылмалы уланулар (темекі шегу, алкоголь), физикалық әсерлер (суықтану, психикалық жарақат). Ауру патогенезінде бірінші орында аяқ-қолдағы вазомоторлық механизмдердің тұрақты өзгеруі жатады. Вегетативті нерв жүйесі сферасында пайда болған интерорецептивті патологиялық байланыстар өз тұрақтылығымен ерекшеленеді. Бұл реакциялардың жергілікті белгілеріне эндо- және экзогенді тітіркенулерге қантамырлар реакциясының жоғарылауымен көрінеді, соның нәтижесінде ұзақ уақыт спастикалық жағдай туады. Функционалдық …

Сүйек – клавикулярлық синдром

Қабырға-бұғаналық синдромды Фальконер– Веддел синдромы деп атайды. Оның пайда болу себебі омыртқаның мойын –кеуде бөлімінің қисаюы әсерінен қабырға-– бұғаналық кеңістік тарылуы, бұғана мен1 қабырға сынуынан кейін қалдық сүйел қалуы, қабырға-бұғаналық кеңістіктің жұмсақ тіндері мен бұғана ісіктері, 1 қабырғаның жоғары орналасуына әкелетін, физиологиялық, жасқа байланысты иық белдеуі төмен орналасуы, мойын жарақаты, мойындық остеохондроз болып табылады. Сонымен …

Жүкті емес әйелдердегі асқынбаған жедел пиелонефрит

Дене қызуының көтерілуі, белде ауру сезімінің пайда болуы және лабораториялық зерттеулер кезінде қабыну белгілерінің пайда болуы НШЖИ-ның несептің шығару жолынан ары қарай паренхиматозды ағза, яғни, бүйрекке таралуын көрсетеді. Жедел пиелонефрит клиникалық көріністері цистит кезіндегідей бел аймағындағы шамалы ауру сезімінен грам-теріс септицемияға дейін болуы мүмкін. Науқастың дене қызуының көтерілуі, бел аймағының ауруы және дизуриялық белгілерден басқа …

IІ типті рта (проксималды РТА, пРТА)

Сарысулық калийдің деңгейінің қалыпты болуымен немесе аздап төмендеуімен және зәрдің рН-н 5,5-тен төмендете алу қабілетінің сақталуымен жүретін гиперхлоремиялық метаболикалық ацидозбен сипатталады. Проксималды ацидозда бикарбонаттың проксималды өзекшелердегі кері сіңірілуі бұзылады. Науқастар несеппен натрийді жоғалтуына байланысты, екіншілік гиперальдостеронизм дамиды. Калийді бүйрек арқылы жоғалту дисталды өзекшелерге натрийдің жеткізілуінің артуына жауап ретінде альдостеронның жоғарылауының есебінен туындайды. пРТА оқшауланған ақау …

Мойындық қабырға синдромы

Эмбриогенез кезінде кері даму жетіспеушілігі нәтижесінде сатылы бұлшықет және мойындық қабырға немесе оның қалдығы арасында жүйке-қантамырлық компрессия әсерінен қалыптасады. Мойындық қабырға дамуының төрт түрін ажыратады: 1)мойындық қабырға 7 мойын қабырғасының көлденең өсіндісі аймағынан шықпайды; 2) қабырға осы шекарадан шыққанымен, шеті бос, бірақ 1 қабырға деңгейіне жетпейді; 3) мойындық қабырға 1 қабырғаға дейін жетеді,онымен байлам көмегімен …

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!