Author archives

Артериалды гипертензияның емі

АГ-ны емдеудің мақсаты жүрек-қан тамырлық асқынулардан аурушаңдық пен өлім-жітімді төмендету болып табылады. Көптеген клиникалық сынамалар антигипертензивті емнің плацебомен салыстырғанда миокард инфаркты мен жүрек жеткіліксіздігінің қаупін 20-дан 25%-ға дейін, ал инсульт жиілігін 30-дан 40%-ға дейін төмендетіндігін көрсетті. Ең алдымен, САҚ-ны қалыпқа келтіру керек, себебі ол нысана-мүшелердің, соның ішінде, жүректің, қантамырлардың және бүйректің зақымдалу дәрежесімен сәйкес келеді. …

Науқастарды қабылдау және тіркеу

Науқастарды дәрігермен қарағаннан кейін және госпитализация туралы мәселені шешкеннен кейін барлық медициналық құжаттамалар қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі рәсімдейді. Мейірбике науқастың дене температурасың өлшейді және «Науқастарды есепке қабылдау журналына» жазады.Бұл журналына мейірбике науқастың аты-жөнің,туған жылын, тұратын мекен жайын,жіберген дәрігердің аты-жөнің, мекеменің диагнозын, қабылдау бөлімшесінің диагнозын,науқасты қай бөлімшеде жататынынтолтырады. Егер науқас орта буынды жағдайында жеткізілгенде мейірбике науқасқа алғашқы …

Артериялық гипертензия

Артериялық гипертензия (АГ) адамдағы ең көп таралған созылмалы инфекциялық емес аурулардың бірі. Оның жиілігінің жүрек-қан тамыр ауруларымен тіке байланысты екені дәлелденген. АГ терминалды БСА-ның ең жиі себептерінің бірі. Белгілі неміс ғалымы E. Ritz айтуы бойынша бүйрек бүрісу нәтижесінде өзі АГ-ға әкеледі («зұлым»), не АГ, керісінше, бүйрек зақымдануын, яғни БСА-ны туғызады (бүйрек — «құрбан»). Дүниежүзілік Денсаулық …

Медициналық құжаттарды жүргізу

1.Денсаулық сақтауды қамтамасыз ететін, жоспарлау, жобалау негізіндегі статистикалық есеп жүргізу. 2.Науқас өтетін диагностикалық-емдеу просстердіңғ динамикасын қадағалау, анализ өткізу, және қадағалау. Емдеу мекемелерінде қолданылатын материалдық техникалық заттардың қолданылуы мен құрамына бақылау жасау. 4.Медперсоналдың атқарған жұмысы мен жұмыс уақытының есебі. Мұның барлығы арнайы құжаттардың маңыздылығын көрсетеді. Барлық көптеген медициналық құжаттардың ішінен негізгі негізгі тобына ерекше көніл бөлу …

Емдеу-сақтау режимі

Әрбір емдеу мекемесінде өзінің ішкі ауруханалық режимі болады. Емдеу-сақтау режимінің маңызды шарттарының бірі-сырқат психикасы сыйлау, оның толық дене және психикалық тыныштығын қамтамасыз ететін қолайлы жағдайлар жасау. Ұлы орыс физиологы И.П. Павлов, сырқаттың денсаулығы мен нерв жүйесінің ерекшелігіне сәйкес оған тыныштық пен жағдай жасай отырып, оның хал-жағдайы ауыр болатынын, талай рет атап айтқан болатын-ды. Емдеу-сақтау режимін …

Емдеу бөлімдерінің асхана, буфеттерінде санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп

1.Аурухананың тамақ бөлімдерінде кәсіпорынның қоғамдық тамақтандырылуына арналған қолданыстағы санитарлы ережесінде қаралған тағамның құрылысы,дайындауы және ұстау талабы қатаң бақылану керек. 2.Тамақ бөлімдерінің көрнекті жерінде санитарлық ереже ілулі тұру керек.Бұл ереже аурухана басшылығымен аурухананың тамақ бөлімінде жұмыс істейтін әр жұмыскерге мәлімет ретінде жеткізіледі. 3.Тамақ блоктарының персоналы санитарлық минимум сынағынан өткеннен кейін ғана жұмықа жіберіледі. 5.Тамақ блоктары бөлмелерінде …

Екіншілік артериялық гипертензия

Екіншілік гипертензияға мынадай жағдайлар әкелуі мүмкін: бүйректің ілкі аурулары — әсіресе, шумақтардың зақымдалуымен және қантамырлық бұзылыстармен жүретін жедел және созылмалы бүйрек аурулары; •ауыз арқылы қабылданатын контрацептивтер жиі АҚ көтереді; дәрі-дәрмектер — қабынуға қарсы стероидты емес препараттар және көптеген антидепрессантар гипертензияға әкелуі мүмкін; сондай-ақ, темекі шегу мен ішімдікті шамадан тыс қолдану да қан қысымын жоғарылатады; феохромоцитома …

Тұрғындар сырқаттанушылығы және оны зерделеу әдістері

Жалпы тұрғындар арасында және оның жеке жастық, жыныстық, әлеуметтік және тағы басқа топтарының ішінде барлық аурулардың таралу жиілігінің деңгейін көрсетеді. Тұрғындардың сырқаттануын зерттеу және сипаттауда үш ұғымды  бөліп көрсетеді: өзіндік сырқаттанушылық, аурулардың таралуы және патологиялық зақымданулар. Өзіндік сырқаттанушылық (біріншілік сырқаттанушылық) дегеніміз берілген жылы тұрғындар арасында тіркелмеген немесе алғаш рет тіркелген аурулар.  Сырқаттанушылық (аурулардың таралуы) –  …

Статистикалық жиынтық. Бақылау бірлігі. Жалпы және іріктелген жиынтық. Пепрезентативтілік туралы ұғым

Статистиканың негізгі принциптері – жалпы халықтың немесе кқпшілік жағдайын зерделеу. Тек зерттеуге қажетті көлемдегі топтарды бақылай отырып, қоғам дамуын сипаттай алмайтын жеке құбылыстарды шығарып тастау арқылы қоғам дамуының заңды мәселелерін ашуға, анықтауға мүмкіншілік туады. Мысалы: Операциядан кейін 1-2 асқыну операциясын және оның әдістерін тиімсіз деуге болмайды. Тек қана осындай көптеген операцияларды зерделей отырып, осы емдеу …

Артериялық гипертензияның этиопатогенезі

Біріншілік (эссенциалды) гипертензия АГ-ның барлық түрлерінің 90–95%-ын біріншілік АГ (эссенциалды АГ, гипертониялық ауру) құрайды. Симптоматикалық (екіншілік) АГ-ның үлес салмағы шамалы ғана, және оған әкелген себептерді анықтаған жөн (бүйрек аурулары, Кушинг синдромы, феохромоцитома, қолқа коарктациясы және т.б.). Біріншілік АГ-ның патогенезі әлі толық ашылмаған, бірақ себепші факторлары мыналар: симпатикалық жүйке жүйесінің белсенділігінің жоғары болуы, жоғары β-адренорецепторлық жауаппен; …

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!